ҚР АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі мақсаты, ең алдымен, даулы құқықтық қатынастар саласына тартылған барлық субъектілердің: азаматтардың, мемлекеттің, ұйымдардың және азаматтық, еңбек немесе өзге де құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылатын басқа да адамдардың бұзылған мүдделерін қорғауға бағытталған. Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген тәртіппен және қатаң ретпен жасалады. Заңда белгіленген тәртіп негізінде процестің барлық сатыларында азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары туындайды, дамиды және тоқтатылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық процесстегі тараптар субъективті құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүдделі туралы дауларын сот қарастырып, шешуі тиіс істегі қатысушы тұлғалар болып табылады. Бұл талап қоюшы мен жауапкер. Талап қоюшы – өзіне тиесілі құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін немесе бұзылған құқықтар мен міндетттерді қалпына келтіру үшін сотқа талап арыз жазу арқылы сотқа жүгінетін тұлға. Қазіргі таңда талап қоюшы сот процесіне екі негіз бойынша қатыса алады: өзінің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау үшін талап қою арқылы; басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау арқылы. Жауапкер – талап қоюшының арызы бойынша жауап беретін, азаматтық процесте талапкерге қарсы жақ.
Қазіргі Қазақстандықсот тәжірибесінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау форматына байланысты адамның құқықтары мен еркіндігі сақталып отырған жоқ. Оған дәлел ретінде 2019 жылдағы COVID-19 кезіндегі төтенше режим кезінде соттарды онлайн форматта іс жүргізуге уақытша көшіру форматы әлі күрге қолданып отырғандығы. Қазіргі таңда, азаматтық істердің басым көпшілігі онлайн түрде ватсап арқылы өтіп отыр. Бұл форматқа байланысты қолданыстағы ҚР АПК 133-1 бабында: «1. Азаматтық сот ісін жүргізу талап қоюшы таңдаған сотқа жүгіну тәсіліне қарай қағаз немесе электрондық форматта жүргізіледі.» -деп көрсетілген норманың мүлдем сақталмауы. Қазігі таңда, кез келген азамат өз талап арызын сотқа қағаз нысанда ғана арқылы өткізу арқылы азаматтық істі сотта қарау мүмкін болмай отыр. Формалды түрде азамат қағаз түрінде сотқа өз талап арызын өткізе алады. Бірақ, сот өз өндірісіне қабылдап алған сәттен бастап судья тарлық талап арыз бен оған қоса берілген құжаттарды office.sud.kz сайтында ілуге мәжбүрлеп отыр. Онсыз іс қарастырмайды. Біздің ойымызша, ҚР сот төрелігін жүзеге асырушы сот билігі өз өкілеттігі асыра пайдаланып адамның қағаз немесе электорнды нысандағы талап арыз беру құқығын шектеп отыр. Сот төрелігін жүзеге асырушы соттары ҚР АПК 133-1 бабында көрсетілген норманы сақтамау немесе оған салғырттық таныту арқылы адамның таңдау еркіне шектеу қойып отыр деп санаймыз. Біздіңше, ҚР ЖС аталған мәселе бойынша сот жүйесіндегі бірізділікті қамтамасыз ету бойынша іске қатысушы тараптардың құқығын сақтау бойынша барлық соттарға тиісінше қаулы шығару арқылы қағаз немесе электорнды нысанның тек бір түрін ғана қолдануды қаулымен негіздеп бекітуді қажет етеді. Аталған шара азаматтардың өз құқықтарын қорғау бойынша элкторнды жүйені меңгермеуі оны қолдана білмеуі кедергі болмау керек деп ойлаймыз. Адам өз бұзылған құқығын қорғауға мүмкіндік берілу керек, қандай форматта талап арыздың берілгеніне қарамастың оның құқығы Азаматтық процестік кодекс аясында қорғалу қажет.
Атаханова С.К.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының профессор, заң ғылымдарының кандидаты.