Құқық үстемдігі – қоғам тұрақтылығының негізі
Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген жалпы құқықтық қағидалар мен құқықтық мемлекет идеясына негізделген нормативтік реттеу жүйесі қолданыстағы заңнаманың күшімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің және қоғамының құқықтық негізі қазіргі қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты қалыптастырып, қоғамдық қатынастардың тұрақты дамуына мүмкіндік береді.
Құқықтық тәртіп заңдар мен құқықтық нормалардың біртұтас жүйесі арқылы орнығады. Кез келген қоғамда құқық адам мен азаматтың бостандығынжәне еркін әрекет етуін қамтамасыз ететін негізгі құрал бола отырып, сонымен қатар жария құқықтың маңызды рөлін айқындайды. Қоғамдық қатынастарды реттеу тек нормативтік құқықтық актілермен ғана емес, өзге де құқық көздеріменжәне тиімді құқықтық тетіктермен жүзеге асырылады.
Құқықтық реттеудің маңызды элементі – жеке құқықтық актілер арқылы іске асырылатын нақты шешімдер. Сот актілері мен құқық қолдану тәжірибесі қоғамдық қатынастарды әділ әрі мақсатты реттеуге бағытталған. Бұл ретте құқық қорғау органдары заң шеңберінде әрекет ете отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
Осы жағдайлар құқықтық мемлекетті табысты қалыптастыру және оны одан әрі дамыту үшін тиімді құқықтық стратегиялар мен заманауи құқықтық тетіктерді әзірлеудің маңызын көрсетеді. Құқық өзінің мәні бойынша әрбір адамның бостандығын жүзеге асыруға, қоғамда сенім мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған әлеуметтік институт болып табылады.
Құқық – қоғамдағы ең маңызды реттеуші күш. Ол өркениеттің белгілі бір даму кезеңінде әлеуметтік өмірдің талаптарына жауап беріп, заң үстемдігі қағидасын басты орынға қояды.
Позитивті құқық тарихи даму барысында қалыптасып, қоғамның өзгермелі қажеттіліктеріне бейімделіп отырады, қоғамның рухани және зияткерлік құндылықтарымен тығыз байланыста қалыптасады. Оның мазмұны мен қолдану мүмкіндіктері әр кезеңде әртүрлі сипатқа ие болғанымен, ол әрдайым қоғамдық өмірді реттеудің тиімді құралы болды.Осылайша, құқық қоғам өмірін ұйымдастырушы басты күш ретінде адамдардың мінез-құлқының өлшемдерін айқындап, құқықтық тәртіп пен азаматтық жауапкершілікті орнықтырады.
Жазбаша құқық ретінде қалыптасқан позитивті құқық тек нормативтік реттеуші қызмет атқарып қана қоймай, қоғамның рухани-адамгершілік негізін де айқындайды. Ол адамдардың мінез-құлқының өлшемдерін, құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастырып, құқықты әлеуметтік әрі рухани-зияткерлік құбылыс ретінде танытады.Осылайша, құқық тек қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтық санасын, құндылықтар жүйесін және мінез-құлық мәдениетін айқындайтын маңызды әлеуметтік феномен болып табылады.
Адамдардың мінез-құлқының өлшемдері құқықтық мемлекет қағидаларына негізделген тиімді нормативтік реттеу жүйесі арқылы қалыптасады. Құқық және заң үстемдігі қоғамдағы тұрақтылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін басты тетік болып табылады.
Қорытындылай келе, құқықтық мемлекет қағидаларына негізделген тиімді нормативтік реттеу жүйесі қоғамдағы тұрақтылық пен даму кепілі болып табылады. Заң үстемдігі адамның бостандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың құқыққа деген сенімін нығайтады.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Кеден, қаржы және экологиялық құқық
кафедрасының аға оқытушысы
Д.Ә. Бакиров