Әдептілік-тәрбие бастауы
Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. «Әдеп» – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі – оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келіп білім алып жатқан қандастарға да оқытушылар қауымы әдептілікті, әдемі лікті үйретуде.
Әдептілік – адам бойында бірден бола қалмайды. Ол бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның, үйдегі жақсы тәрбиенің жемісі. Негізі әдептілік сәлемнен басталады.
Сәлемдесу – ізеттіліктің белгісі. Ал ізеттіліктен туатын қағида – әдептілік. Ол адамдар бір-біріне мейірімді екендігін білдіреді. Ата-ана өз балалары үшін, тәртіптілік, ынтымақтастық, адалдық пен адамгершіліктің үлгісіболып табылады. Отбасының тірегі әке мен ана, ал қосшынары – атасы мен әжесі. Сондықтан да, осы кісілердің әр бір ісі бала үшін өнеге, өсиет болуы қажет. Ізеттілік пен сыпайылық, әдептілік, әдемілік бәрін адам отбасынан ала алады. Әр бала отбасын сыйлауы, ол адамгершілік қасиет. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы парызы, міндеті, отбасыдағы тәрбие құдіреті осы. Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет. Әбу Насырәл-Фараби былай деген екен. «Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы». Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болмасын – өнеге, өсиет. Мысалы, Мен қандай болуым керек? Адал, мейірімді, кеңпейіл, еңбекқор, сөзінде тұратын, иманды, нағыз адамшыл қасиетті жан болу. Сондықтан да біз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап, жаман әдетті жоюымыз керек.
Адамныңбасшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, бәрін тәртіпке реттейтін – әдептілік. Біздің халқымыз әр кезде де, нақыл сөзді «қазынам», өнегені «өрісім» деп таныған. Өйткені мағынасы, мәні бәрі өмірден алынған. Сонымен, өз ниетің түзу болса, жылы сөз айтсаң, біреуге жақсылық жасасаң қайтып келеді. Біз әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, өзіміз де сондай жақсы сөздер естіп жүрейік. Адам әрдайымда бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Ата-ананың тілегі, баласын «әдепсіз» деп айтпаса екен дейді. Әдептілік – тәрбие белгісі. Жұрт алдында әдептілікті сақтау – мәдениетті болудың басты белгісі. Мәдениетті адам ешқашан дөрекі мінез танытпайды, жат қылық жасамайды. Көпшілік арасында келесі әрекеттерді жасамаған жөн: аяқ-киім тазалау, қоқыс тастау, дауыс көтере сөйлеу, кезекке қарамау, бояну мен тарану.
Үлкен адамдардың ортасында ұқыпты киініп жүрген жөн. Қолдарыңды тізеңде, не үстел үстінде ұстаған жөн. Үстел үстінде де өзіңді дұрыс ұстай білген орынды. Дастарқанға қойылған қасық, шанышқыны дұрыс пайдалана білу этикасын қадалаған және көпшілік арасында отырғанда, тамақ ішу тәртібін де сақтаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне білім алуға келген қандас бауырларымызға университетіміздің ұстаздары осы ұлы қасиетті насихаттаудан жалықпайды. Әдеп – ол адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережесі. Олай болса әдептілік – әдеміліктің басты белгісі екенін ұмытпаған жөн. Әдеп пен әдептілікті әрдайым сақтап жүрейік, ағайын!
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, ЖОО-ға дейінгі білім беру
факультетінің аға оқытушылары: Какенова
А.М., Сағнайқызы С., Нұртілеуова С.Р.