Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде маңызды жаңалық
Еліміздің жетекші жоғарғы оқу орны, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, өзінің бастауын сонау 1934 жылдан алады.
Міне, сол жылдардан бері қаншама уақыт өтті, университет қабырғасы кеңейіп, оқытушы – профессорлар саны, қызметкерлер саны, студенттер саны өсті. Университет қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жетекші жоғарғы оқу орны ретінде мақтанышы, жыл сайын осы университет қабырғасында білім алғысы келетін талапкерлер саны артуда екенін уақыт көрсетіп отыр.
Университет тарихының жарқын беттері, атап айтар болсақ, ғылым және мәдениетінің даму шақтары 1970 – 1980 жылдарға сәйкес келеді, өйткені сол жылдары университетті еліміздің белді қоғам қайраткері, қазіргі ҚазҰУ – нің қалашығының негізін қалаушы, академик Ө.А.Жолдасбеков (1970 – 1986жж) басқарған еді. Қазіргі таңдағы әсем де, әдемі, сәулетті Университет қалашығы құрылысының ірге тасының қалануы да Ө.А.Жолдасбеков ағамыздың бастамасымен болған. Қазіргі таңда ҚазҰУ – нің қалашығы ғылымның, білімнің ошағы шоғырланған тұтас кешен деп сенімді айта аламыз.
Университетте жыл бойы түрлі жаңалықтар, түрлі кездесулер өтіп тұрады, соның бірі, сүбелі жаңалық – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қытай халық республикасының Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды. Бұл еліміз үшін маңызды оқиға, оның мақсаты – ғылым саласында екі ел бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу, техникалық бағытта студенттер даярлау, сонымен қатар оқытушылармен алмасу. Шараның ашылу салтанатында ҚХР-ның Солтүстік-Батыс политехникалық университеті Кеңесінің Төрағасы Ли Янронг «Екі университет басшылығының келісімімен филиалда Қазақстанға қажетті мамандар дайындайтын білім беру бағдарламасын жүзеге асырамыз» – деп жақсы пікір білдірді. Осы мамандықты бітіруші түлектерге екі университеттің дипломы берілетіні туралы жақсы хабат жеткізілді.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Үсенбекова.А.Е.,Бекалай.Н.Қ.,Нурмаханова А.С.