25 қазан- Республика күні
Он жылданастамуақытбойыұмытқалған Республика күніқайтаоралды. Республика күні жалпы халық, қазақстандықтар үшін өте маңызды деп есептейміз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келіп білім алып жатқан қандастар да ат салысып әр-түрлі мәдени шаралар ұйымдастырды. Бұл – біз тәуелсіздігімізді аңсаған күн. Алаш зиялылары ғасырлар бойы осы идея үшін, бостандық, егемендік үшін басын құрбандыққа тіккен. Республика күні 13 жылдан бері тойланбай, қайта жаңғырып жатқан мерекеміз. Оған біз қуаныштымыз. Бұл – халықтың еңсесі көтеріліп, бөрігін аспанға атқан күн. Егемендігіміз туралы декларацияға қол қойылған күн. Шындап келгенде айтулы дата. Оны біз ұмытпауымыз керек. Егемендікті қай күні алғанымызды өскелең ұрпақ білуі керек. Қандай сатылардан өттік? Міне, сол үшін де Республика күнін атап өту маңызды.Кейбір адамдар мұны тұңғыш президент күнінің алынып тасталуына байланысты мерекелерді жай алмастыру деп қабылдауы мүмкін. Алайда мұның астарына үңілсек, ар жағында жұмбақ сыр жатыр. Бұл кұн елімізге көбірек еркіндік әкеледі.. Осыған дейін билік пен халық арасында кері байланыс болмай, азаматтар үкімет шешімдерінен шет қалып, жігерлік пен бірліктің жетіспеушілігінен біраз дүниені тек сырттай бақылап келсе, енді келешекте бәрі өзгереді. Қайта жаңғырған ұлттық мейрам өткеннің олқылығын толтырады. Қазақстандықтарды еркіндікке жетелейді. Адамдардың құқықтары мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға тигізер септігі өте көп. Республика күні бұдан былай тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде де белгіленген күн..Республика күні халықтық мереке. Бұл күні елде мерекелік көңіл-күй орнап, ән-күй ойнап халық шад-шадыман күйде жүред. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасында орын алды. Бұл бұрынға ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттың таңы.
Айрықша маңызға ие бұл күнді еліне жеріне деген құрметі бар әрбір ұрпақ ерекше бағалауы керек деп есептейміз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келіп білім алып жатқан қандастарымызға осы атаулы мерекені ұлықтау ұстаздық парызымыз деп білеміз.Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Сүйікті Отанымыз Азат Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін!
әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, ЖОО-ға дейінгі білім беру
факультетінің оқытушылары: А.М.Какенова, М.Ш.Тойғанбекова,С.Р. Нұртілеуова