Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Республика күнін атап өтті
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Республика күні қайта жанданып, ұлттық мереке ретінде бекітілді. Атаулы мереке Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екі күнге жалғасын тапты. Мерекелік шараға оқытушы-профессорлар құрамы мен шетелдік мұғалімдер, 1000-нан астам білім алушы жастар қатысты. Мақсат – білім алушы жастардың бойындағы патриоттық сезімді ояту, елін, жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Алғашқы күні Ө.А.Жолдасбеов атындағы студенттер сарайында от жалынды жастардың әсем әнмен әуелеткен мерекелік кеште Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастарды Республика күнімен құттықтап, бірқатар ұстаздар қауымын ерең еңбегімен марапаттады. Өз сөз кезегінде “Баршаңызға мықты денсаулық, әр шаңыраққа бақыт-береке тілеймін”, – деді университет басшысы. Мерекелік кеште ұстаздармен бірге шетелден келген профессорлар да болды, шетелден келген қонақтар қазақ халқының қонақжайлылығымен қатар әсем әуен мен күмбірлеген күйден алған әсерлерімен бөлісті. Ертеңіне мерекелік шара “Алтын күз” жәрмеңесімен “Фараби” кітапхана ауласында жалғасын тапты. “Фараби” кітапханасы алаңында болған күзгі марафонға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы, шетелдік мұғалімдер мен білім алушы жастар қатысты. Күзгі спартакиада картасындағы квест ойыны қызықты әрі көңілді болды, марафон соңында ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев 1000 қатысушының арасынан суырылып шығып, алғаш келген жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен Алғыс хаттар табыстады. Жастар арасында шахмат, қазақша күрес, еркін күрес, тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылып жеңімпаздарға кубоктар берілді. Сондай-ақ қатысушылар мен қонақтар ҚазҰУ-дың «Алтын күз» жәрмеңкесінде бой көтерген қолөнер бұйымдарының бірегей үлгілері мен түрлі ұлттың тағамдарымен танысты. “Алтын күз” жәрмеңкесіне ұлттық қолөнер бұйымдарын Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің атынан факультетімізде бой көтерген “Жас шебер” студент стартабыда жәрмеңкеге өз туындыларын алып шықты. Көрмеге қойылған түрлі қолөнер бұйымдары шетелден келген қонақтардың көңілінен шығып, жәрмеңкеге қатысушылар арасында жоғары бағаға ие болды. Екі күнге жалғасын тапқан іс-шара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қатысуымен өткен мерекелік шерумен аяқталды. Студенттер республика бойынша басталған челленджді қолдап, Қазақ елінің туын ұстап, Әл-Фараби даңғылынан «Мәңгілік ел» аркасына дейін мемлекеттік Әнұранды шырқады. Осылай екі күн қатар тойланған Республика күніне арналған мерекелік кеш өз мәресіне жетті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары: Саткенова Ж.Б., Нусупбаева С.А., Буланова Т.М.