Қазақстандағы ең үздік оқу орны – Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Киелі қара шаңыраққа айналған университет
Университет- мектептен кейінгі адам баласының білімін мамандығымен ұштастыра отырып жетілдіретін ерекше білім ордасы. Мамандықтың қыр-сырына даярлайтын бұл білім ордасы қазақ жерінде тура бір ғасыр бұрын бастау алған. Университеттердің ашылу кезеңдеріне бізӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін жатқыза аламыз. Бір ғасырға татитын тарихы бар бұл университет, тек қазақ даласына ғана емес, аты жеті тарапқа дарыды. Дәл мұндай аты әлемге танылады деп ешкімнің жеті ұйықтаса да, түсіне кірмеген шығар. Себебі, сол кезеңде қазақ даласында орын алған қанды шайқастар және аштық кезеңдері мен сауатсыздық қоғамы белең алып тұрған кезең еді.Осы жағдайларға қарамастан бұл университет ашылып қана қоймай, жұмыстарын одан әрі жалғастыра берді. Тыңғылықты жұмыстардың нәтижесінде өзінің тарихын қалыптастырды.Тарихының қайнар көзіне келетін болсақ, 1934 жылы 15 қаңтарда іргетасы қаланды.Еліміздегі білім беру жүйесінің беткі ұстар көркі, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастауы болды. Бұл бастама қазіргі таңда қарқынды түрде даму үстінде.
Университеттің тарихы еліміздің маңызды кезеңдерімен тығыз байланысты. Бастапқы жылдары тек педагогикалық мамандықтарды негіздеп оқыта бастаған болатын. Ал,соғыс жылдарында көрші елдердің әсерінен, техникалық және филология мамандықтары қосыла бастады. Яғни, бұл университетке мамандықтар кезең-кезеңімен қосылып отырған. Мамандықтың дұрыс- бұрыстығына бағыт- бағдарберетін ол әрине- ұстаздар қауымы. Университет ұстаздарының тарихына көз жүгіртсек, есімдері әлемге танымал Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханов пен Қаныш Сәтбаев сынды ғалым-академиктер аудиоторияларда дәріс оқыған. Бұл да университеттің абыройын арттыратын ерекше тарихи тағылымдары болып табылады. Еліміздің тәуелсіздік алуы бұл университетке әсер етпей қоймады. Себебі, 1991 жылы адамзаттың екінші ұстазы атанған, түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби есімін иеленді. Уақыт өте келе 2001 жылы еліміздің алғашқы ұлттық университеті мәртебесін алды. Осы кезеңдерден бастап мамандықтар халықаралық талаптарға сай өзгере бастады. Сол кезден осы уақытқа дейін білім беру жүйесін және өзіндік құндылықтарын жойған емес. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің ғылым-білім саласына тигізген пайдасы орасан зор. Соның арқасында осы саладан Азия және Орталық Азия мемлекеттеріне ерекше танымалға ие деп мақтанышпен айтуға болады. Бұл университеттің емес, сонымен қатар Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің әлемдік биік көрсеткіші деп айтар едік. «Қара шаңырақ» ҚазҰУ көпшілік сүйген университет. Көпшілік махаббатының жетер биіктері мен асар асуларының көптігін бәріміз білеміз және тек қана сәттілік пен оң табыс тілейміз. Қасиетті университетіміздіәлемнің тек 150 қатарына ғана емес, ондықтың қатарына кіргізуге сіз-біз болып атсалысайық.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шет тілдері кафедрасының
оқытушылары Мурзатаева А.Т., Махарова Г.С.,
Баймуратова Э.С., Әбдіжаппар А.Ә.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дамуындағы ғылыми жетістіктер мен табыстылық
Қазақстан республикасындағы жоғары білім беру жүйесінде болашақ кәсіби мамандарды даярлауеліміздіңэкономикасын, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени құрылымын дамытуға және әлемдік нарықтарға интеграцияланған бәсекеге қабілетті тұлға дайындауға бағытталған сапалы білім мен саналы тәрбиеге негізделеді. Қазіргі таңда еліміздің ғылымын дамыту мақсатында студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту және олардың шығармашылық қабілеттерін, іздену іскерліктерін дамытуға орай әр университет өзінің қызметінде ауқымды істер атқарады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://www.kaznu.kzғылыми және кәсіби салалардажаһандық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізетін, шет елдермен және аймақтармен академиялық байланыстар орнатуға қабілетті,ғылыми ізденістерінің жаңашылдығымен орасан жетістіктерге жетіп отырған іргелі оқу орны және білім алушыларды қолдауға дайын ғылыми-зерттеу ордасы болып табылады.Еліміздің сан-салалы кәсіби қызмет орындарына мамандарды дайындауда заманауи басымдылыққа ие, көшбасшы болып отырған бұл университет жоғары білім жүйесінде ғылыми және білімдік инновациялық ортаны дамытудың озық үлгісі болып отыр.
Қандай да болмасын мемлекеттің даму стратегияларында болашаққа деген сенім мен игі мұраттарға бастайтын құндылықтардың қатарында ғылым мен білімнің маңызы айрықша.Ғылым – дүниетанымдық әдіс және мәдениеттің бір саласы ретінде қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының дамуына ықпал ететін категория болса, білім – адамзаттың тіршілік ету сферасынан өмірлік тәжірибе арқылы жинақталған іс-әрекеттік өнімнің көрсеткішіжәне ғылым заңдарының,теориялық ережелер мен тұжырымдардың тәжірибеде дәлелденген жалпы түсінігінің жиынтығы.Сөйтіп, ғылым тәжірибе жүзінде анықталған нақты уәждер мен қисындық заңдарға сүйенетін нәтижелер мен қорытындылардың негізінде білім әлемін құрайды. Сондықтан олар өзара байланысты және бір-бірін толықтыратын, табиғат пен адамзат арасынбайланыстырушы желі болып саналады.Ендеше, ғылым мен білімнің өзара сабақтастығында болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың үлгісін көрсетіп отырған университетіміздің ғылыми-зерттеу бағытындағы қызметінің маңыздылығы зор деп айта аламыз.
Университет құрамындағы ғылыми-зерттеу институттарында студенттер мен магистранттарды, докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу замнауи кәсіби мамандарды дайындаудың бір шарты ретінде қарастырылады. Болашақ мамандарға таңдаған мамандығы бойынша іргелі білім беру ғана емес, олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға қажетті практикалық бағыттың күшеюі де қажет.Ғылыми-зерттеу жұмыстары білім алушыларды жаңа идеяларды таным тұрғысынан қабылдап, өзбетінше зерттеулер жүргізуге, жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруге машықтандырады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі https://www.kaznu.kzбасымдылық – жаңа білімнің трансферті саналатын іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулерді дамыту отырып, заманауи ғылыми-зерттеулерді жүргізуге, сол сияқты үздік ғылыми университеттермен бәсекелесуге мүмкіндік береді.Университет қабырғасында бәсекеге қабілетті іргелі және қолданбалы зерттеулерді үйлестіру, ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру білім беру жүйесінде инновациялық белсенділікті жоғарылататын қажеттілік пен талаптан туындап кәсіби жетістерге жетелейді. Біздің университет жоғарғы әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған инновациялық жоғары оқу орны ретінде «Қазақстан Республикасының сұранысқа ие жоғары оқу орындары – 2022» ұлттық рейтингісінде QS WUR халықаралық рейтингінде бір жыл ішінде 25 позицияға жоғарылап, 150-орынға көтерілді. Аталған маңызды жетістіктерді басшылық, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылардың ғылыми ізденістерінің нәтижесі әрі университет құрамындағы барлық факультеттердің міндетімен ұштасып жатқан ғылыми табыстылық деп білеміз. Сондай факультеттердің бірегейі «Философия және саясаттану» факультеті еліміздің қоғамдық-әлеуметтік саласына қажетті мамандарды дайындауда орасан зор жетістіктерге жетіп отырған факультеттердің бірі болып саналады.
Факультет әлеуметтік-гуманитарлық пәндер аясында он мамандық бойынша мамандар дайындайды, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен және Ресейдің жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Факультеттің кәсіби тұрғыда қалыптасуы университеттік білім мен мәдениеттің, қазақстандық философия, мәдениеттану, дінтану, исламтану, әлеуметтану, психология, педагогика, саясаттану ғылымдарының дамуымен сабақтасып, оқыту үш тілде жүргізіледі. Студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға, цифрлы қоғамда сапалы жаңа ақпаратты алуға,интеллектуалды, мәдени, адамгершілік және физикалық дамудағы тұлғалық қасиеттерді бойға жинақтауға, әр студенттің табиғи талантын ашуға, әлеуметтік өзгерістерге бейімделу дағдыларын үйренуіне, мінез-құлықтың позитивті үлгілерін дамытуларына мүмкіндік тудыруда фаультеттегі барлық кафедралар өзара байланыста қызмет етеді. Факультет деканы профессор Б.Б.Мейірбаевтың басшылығымен атқарылып жатқан істер университетіміздің үздік жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан үнемі жетілдіріліп, дамып отырады.
Факультет құрамындағы «Педагогика және білім беру менеджменті»кафедрасының еліміздің білім беру ошақтарына педагог мамандарды дайындаудағы сүбелі үлесі орасан зор. Қазіргі уақытта кафедра«Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Білім берудегі менеджмент»,«Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу»,«Педагогикалық өлшемдер» білім беру бағдарламасының бакалавриат, магистратура, PhD докторантура сияқты үш сатылы жүйесінде жұмыс істейді.Кафедраның ғылыми-зерттеушілік әлеуеті,білім беру мен оқытудағы инновациялық бағыты мен деңгейі жоғары. Кафедра ұжымын еліміздің танымал ғалымы, профессор Н.С.Әлқожаева басқарып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттары және PHD жас ғалымдар еңбек етеді.
Қорыта айтқанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіhttps://www.kaznu.kz ертеңгі мамандарға кәсіби сапалы білім беруді, терең ғылыми-зерттеулер жүргізуді, жаңа инновацияларды өндіріске енгізуді жүзеге асырып келе жатқан таңдаулы оқу орны болып табылады және университеттің болашақ дамуы еліміздің игілігіне қызмет ететін мамандарды дайындаудың үлгісі деп айта аламыз.
Әрінова Б. А., Молдасан Қ.Ш. пед. ғыл. кандидаттары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценттері;Рамазанова С.Ә., Аринова Н.А. пед.ғыл.магистрлері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушылары
Менің университетім – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан тәуелсіздік алу үшін сан ғасырлар бойы талпыныс жасады. Мемлекетіміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ата-бабаларымыздың алдында бәріміз мәңгілік қарыздармыз.
Сондықтан, біздің ойымызша, еліміздің жетекші университеті – университетіміздің қалыптасу тарихын, оның ғылыми-білім беру дәстүрлерін, университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттырудағы және жалпы алғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін зерттеу. Қазақстанның экономикалық дамуы мұғалімдерге де, студенттерге де қажет. Университеттің жетістіктері ғалымдардың, зерттеушілердің, оқытушылардың бірнеше буынының қажырлы еңбегінің арқасында қалыптасты. Олардың әрқайсысының өмірі мен шығармашылығы есте сақтауға, еліктеуге тұрарлық. Сондай тұлғалардың бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Факультет құрамындағы «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының ғалым-ұстаздары, профессор Н.С.Әлқожаева басқарып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттары және PHD жас ғалымдар әлі де университет игілігіне қызмет етіп келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://www.kaznu.kz – Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны, бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өтіп, барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінің көшбасшысы, ел тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері, «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» дипломының иегері. Сапалы өнім мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығы. Бұл университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және Еуразия университеттері қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан және Орталық Азия елдері университеттерінің арасында бірінші болып Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті. сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) ISO 9000:2000 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі үшін және әлемнің ең ірі сертификаттау орталықтарынан – IQNET халықаралық сертификаттау жүйесінен сертификаттар алды. Жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігіне одан әрі кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған университеттің орасан зор білім беру, ғылыми, рухани-ағартушылық, инновациялық және өндірістік әлеуеті бар.
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://www.kaznu.kz – бізге сан алуан мамандықтарды ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешен.
Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк; 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академигі, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаты, 47 мемлекеттік ғылыми стипендияның стипендиаты. Университетте студенттер мен магистранттар көп деңгейлі жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде білім алуда. Университет бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамадан өту үшін әлемнің 418 ірі халықаралық университетімен ынтымақтасады.
Университет құрамындағы Философия және саясаттану факультеті еліміздің қоғамдық-әлеуметтік саласына қажетті мамандарды дайындауда орасан зор жетістіктерге жетіп отырған факультеттердің бірі болып саналады. Факультет құрамындағы 7 кафедрада республикаға танымал ғалымдар, білікті мамандар қызмет етеді. Факультеттегі іргелі кафедралардың бірі педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында «Педагогика және психология» мамандығында білім алып жатқанымды мақтан тұтамын.
«Педагогика және психология» мамандығының
студенті Ыбырай Рабея,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы
куратор-эдвайзер Рамазанова С.Ә.
Отан-ұлы ұғым
Отан… осы бір қасиетті ұғымның мағынасы өте тереңде. Еліміздің отан болып қалыптасуы жолында халқымыздың даналығы, ерлігі, қайтпас қайсарлығы жатыр емес пе? Қазақ елі талай қиын қыстау кезеңдерден өтіп, бүгінгі күні әлем таныған, терезесі ешкімге тең келмейтін жеке тәуелсіз мемлекет атанып отыр. Бұның барлығы бізге ақ пейілді аналарымыздың көз жасы мен ержүрек батыр азаматтарымыздың бағасына татиды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келіп білім алуға келіп жатқан қандастар да ата-бабасының жеріне үлкен сезіммен, үлкен үмітпен келіп отыр. Елің үшін мақтан, елің үшін қайғыр» Ғабит Мүсіреповтің ұлағатты сөздерін еске ала отырып, жер бетіндегі әр адамның өз туған жерінен артық жер жоқ екеніне көңіл аударамыз. Туған жеріңе деген махаббатыңды, сүйіспеншілігіңді алғаш дүние есігін ашқан кезіңен- ақ байқауға болады. Кішкентай кезімізден Отан сөзін- біздің сүйікті отбасымыз, айналамызды қоршаған табиғатымыз, адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымыз, жақындарымыз, атамекеніміз деген сөздермен ұштастыра өстік. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны Қазақстан Республикасы. Отанымыз бізді анамыз сияқты аялап, мәпелеп, өсіріп, бақытты болуымызға барлық жағдай жасады. Отаным менің кең-байтақ, әрі бай ел. Бұл ел, әр түрлі халықтарды бір шаңырақ астына жинап отырған, тату- тәттілікте ғұмыр кешіп жатқан қазақ елі. Қазақстан – бейбітшілік үшін күресетін мемлекет. Біздің еліміз егемендігін бүкіл әлемге паш еткен, бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатқан елдер қатарында. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсіп келе жатқан жас ұрпағымыз да елімізде аз емес.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келіп білім алуға келіп жатқан қандастар да елдің ертеңгі азаматы болу үшін білім алып, болашақтарынан үлкен үміт күттіріп отыр.Отанымыз жарқын болашаққа бастап, әрдайым береке-бірліктің ордасы болуын нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, ЖОО-ға дейінгі білім беру
факультетінің аға оқытушылары
А.М.Какенова, М.Ш.Тойғанбекова, Ж.С.Әділханова.
БІЛІМ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Қазақстан дамудың жаңа даңғыл жолына түсті. Күн өткен сайын еліміз рухани-мәдени жағынан түлеп, еңсесін тіктеп келеді. Әлем таныған елге айналдық. Халық пен биліктің арасы жақындай түсті. Еститін һәм тыңдайтын өкімет құруға бет бұрдық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы ауқымды реформалар мен оң өзгерістерге негіз қалап, тың мүмкіндіктер мен заманауи үрдістерге кеңінен жол ашты. Жаңару мен жаңғыру жолы ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында да жан-жақты айтылып, жарқын болашаққа қадам жасайтын жасампаз жоспарларымыз бен кешенді бағдарламалар айқындалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті –https://www.kaznu.kz еліміздің ең ірі ғылыми және білім беру орталығы. Біздің терең тарихымыз, оқытушылар мен ғалымдарымыздың ғылыми әлеуеті, білім алушы жастарымыздың біліктілігі – университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің негізі, қайнар көзі.
Бүгінде белгілі QS WUR жаһандық рейтингтік зерттеу қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://www.kaznu.kz әлемдік деңгейдегі топ -200 университеттің ішінде бүгінгі таңда 150- орынға табан тіреді. Бұл– ірі жетістік, үлкен қуаныш.Біздің оқу ордамыз бұндай жоғары мәртебеге әбден лайық. Бұл жетістік ҚазҰУ-дың әрбір оқытушысы мен студентіне мақтаныш сезімін ұялатары сөзсіз. Осындай серпілісті қадам, шынмәнінде, университеттіңқұрылымдықтұрғыдан кешендіжаңғыртылуы мен басқаружүйесінің нәтижеге иек артуыжәнежетістіктердірейтингтікбағалаунеғұрлымтиімдіболғанын көрсетеді.
ӘлемніңжетекшіуниверситеттерініңүлгісібойыншаҚазҰУ-де эксперименттікбілім беру бағдарламаларыәзірленді, жоғарыхалықаралықстандарттарғасәйкескелетінбағдарламаларенгізілді, олардыңкөпшілігіхалықаралықталаптарға сай сынымалардан өткізілді.СтатистикалықдеректерҚазҰУғалымдарының мақалалары Thomson ReutersжәнеScopusкомпанияларыныңхалықаралықдеректербазасындатіркелетіншетелдікрейтингтікбасылымдарда ең көп жарияланатынын көрсетті.Осындай жоғары нәтижеге жетудің басы-қасында еңалдымен профессор-оқытушылар және ғылым-білімге құштар жастар мен университетіміздің басшылық құрамытұр. Осы орайда, айта кететін бір жайт, Философия және саясаттану факультетініңПедагогика жәнебілім беру менеджментікафедрасыөзініңкөпжылдықтарихындапедагогикалыққызметке деген оң көзқарасынешқашан бәсеңсіткен емес, бәсеңсітпейді де. Заман талабына сай білім беру бағытында, ғылымның әр саласында бәсекеге қабілетті жас мамандар даярлауда педагог-психолог мамандар қажеттігі анық аңғарылады. Педагог-психолог мамандығының басты міндеті – әлемнің гуманитарлық бағыттағы кәсіби келбетін айшықтау болып табылады. Ол жалпы адамзаттық құндылықтардың жаршысыпедагог-психологтардың болашақта атқаратын игі істерінің алғышарттарына болжам жасайды. Мұндай маман иесі оқу пәнімен,оқушылардың алдында оны түсіндіру әдіс-тәсілдерімен айналысатын оқытушысы ғана емес, сондай-ақ, ол зиялы ғалым, білім алушының ішкі сұхбатына белсенді жауап беріп, өз үнін жеткізуші өсиетті сөздің иесі. Білімнің гуманизациялануы мен білімді терең меңгеруге бағытталған, кәсіби мамандығына ықпал ететін, адами мәдениетті игеруіне, университеттегі білім берудің оңтайлы кәсіби мақсаты болашақ маманнан жан-жақты тұлға қалыптастыру болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -де“Педагог-психолог” мамандарын дайындау барысында оларды іргелі және кәсіби білім-білігіне, күнделікті құбылып тұратын еңбек нарығының жағдайына және кәсіби талаптарға жылдам бейімделе алатын болашақ маманды іріктеп алады.
Философия және саясаттану факультетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасыПрезидент тапсырмасына сәйкес келешекте елге тұтқа болар жастардың сапалы білім алып, кәсіби маман санатына қосылуына бар күш-жігеріміз бен тәжірибемізді жұмсай отырып, кәсібиәлеуеткеиежоғарыбіліктіжәнебәсекегеқабілеттімамандар дайындайды, білімалушылардыңжаңа заман талабының үдесінен шыға алатын, интеллектісі жоғары маман қалыптастыру жолында аянбай еңбек ете береді.
Молдасан Қ.Ш, пед. ғыл. кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті; Рамазанова С.Ә., пед.ғыл.магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы;
Төлеуғазиева Ж.,Чинтасова А.,Тәңірберген Ұ.Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 4 курс студенттері