Үздіктерді дайындайтын үздік оқу орны
Ә. Бөкейханның Қазақ елінің дамуына қосқан үлесі
Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы – қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Тәуелсіздікке жеткізген жол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Сондықтан да азаттық жолындағы қасиетті де қасіретті күрестің тарихын білу өзекті, ал осы жолда күрескен тұлғалардың қызметін өскелең ұрпаққа насихаттап, сабақ алудың маңызы зор.
Қазақ халқына еңбегі сіңген, халықтың тұтастығы мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі, азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы және әлемдік деңгейде ЮНЕСКОНЫҢ бастамасымен атап өтілуі тұлғаның даралығын тағы да бір дәлелдесе керек.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихын зерттеген Оксфорд және Сорбонна университетінің профессорлары Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысының ісіне “Мәдени ренесанс дәуірі” деген баға берді. Өйткені, бүгінгі Қазақстан өзінің тәуелсіздік жолындағы қарусыз күресінің тарихи тәжірибесі мен кең байтақ жерін сақтап қалғаны үшін Әлихан Бөкейханға қарыздар болатын.
Бүгінгі таңда қазақ зиялыларының атқарып кеткен қызметі «Алаш» ұранды ұлт-азаттық қозғалысы ретінде танылса, Әлихан Бөкейхановты оның идеялық негізін қалаушы, бас идеологы, саяси жетекшісі деп бірауыздан мойындайды. Әлихан Нұрмұхамедұлы интеллектуалдық деңгейі биік, жоғары білімді, көзі ашық, озық ойлы, көкірегі ояу ұлтының мақтанышы болуға лайықты нағыз азамат еді. Ол қазақ тарихында тұңғыш демократиялық, ұлттық ұстанымдағы “Алаш” партиясын, “Алаш орда” үкіметін құрды.
ХХ ғасырдың басында екі бірдей – отарлық және феодалдық езгінің қыспағына түскен қазақ қоғамы бір жағынан, ауыр қоғамдық дағдарысқа келіп тірелсе, екінші жағынан, қалың ұйқыдан оянып, өзіне лайық жол іздеу әрекетіне көшті. Жаңа заманда өзінің ұлттық болмысы мен тарихи тамырынан, тілі мен ділінен айырылып қалмай, еуропаның озық мәдени жетістіктерін меңгеріп, сауатын ашудан бастаудың тиімділігін ұлт жанашырлары жақсы түсінді. Әлихан Бөкейханов және ұлттың зиялы қауым өкілдері халқына төнген қауіп-қатермен қарумен емес, интеллектуалдық қарумен, білімді игеру арқылы, саналы түрде, мәдениетті күреске шақырды.
«Алаш» қозғалысының басы-қасында жүріп, ол халқының жазбаша тарихын жазу, таныту мақсатында ұлтының тарихын тиянақты зерттеді, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды саралап, олардан сабақ алуды үйретті. Сонау Қазақ хандығының іргесі қаланған кезеңнен бастап, Ресей империясының әртүрлі халықтарды отарлау үрдісін, отарлық езгідегі халықтың ауыр жағдайын кеңінен қамтып, маңызды тұжырымдар жасап, өз халқының болашағы үшін ненің қажет екенін, қандай әрекеттерге бармау қажеттілігін негіздеп, ұлт тұтастығын сақтап қалудың бірден-бір жолы – заман талабына сай ұлттық мәдениет қалыптастыру және қазақ қоғамын еуропалық деңгейге жетелеп жеткізу болып табылатындығын негіздеп берді. Қазақ мәдениетін, әдебиетін, қазақшылығын жоғалтпағанда ғана ұлт ретінде сақталатындығын атап өтті. Қазақтың мәдени қайта өрлеуі мен ұлттық бірегейлігінің идеологиясы, ұраны, туы ретінде Әлихан ұсынған «Алаш» идеясы зор нәтижеге, жеңіске жеткізді. «Алаш» қозғалысы мен қайраткерлерінің алдына қойған ауқымды стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұлт жақсыларына ғана емес, қалың бұқараға да түсінікті, сана-сезімі мен жүрегіне ұялайтын идея болды.
«Алаш» идеясын басшылыққа алған Әлихан: қазақ ұлтшылдығы – ол өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін, Отанды сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Қазақ жерінің тұтастығы үшін күресіп, ата-бабаларымыздан аманатқа қалған туған жердің шекарасын белгілеп, халқының болашағын ойлаған азамат өзінің және туған-туыстарының өмірін осы жолда сарп етті. Қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып, өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті. Кеңес өкіметі “Алаш” қайраткерлерін биліктен аластатып, бақылауда ұстағанымен, Әлихан және қазақ зиялылары оқу-ағарту, жоғары білім беру, ғылым және өнер саласында үстемдік етті. Олардың тіл, әдебиет, тарих, математика, физика, философия және т.б. салаларды дамытудағы зерттеу еңбектері сол кезеңде халықтың сауатын ашып, білімін жетілдіруге қомақты үлес қосты.
Белгілі тарихшы Кеңес Нурпейісов: “Әлихан Бөкейхановты ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін қалаушы ғана деп тану жеткіліксіз. Ол XX ғасыр басында қалыптасқан геосаяси жағдайда ұлт-азаттық күрестің жаңа, сапалы формасын, яғни оның саяси түрін қалыптастырып, күрестің осы түрі негізінде елімізді тәуелсіздікке жеткізудің мақсат-мүдделерін айқындап, нақтылауда қажымас қайрат көрсеткен халқымыздың саяси көсемі болды десек, артық айтқандық болмайды”, – деп нақты атап өткен болатын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндеhttps://www.kaznu.kz“Қазақстан тарихы” пәнін өткізу барысында және тәрбиелік іс-шараларда Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен қызметіне, халқына сіңірген еңбегіне ерекше ден қойып, жан-жақты насихаттайды.
Тәуелсіздік жолында ерлік жасаған Әлихан Бөкейхановтың рухына халқы тағзым етіп, өскелең ұрпақ оның елі үшін жүргізген күресі мен қызметінен сабақ алып, мәңгі есте сақтары хақ. Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралардың Ұлы тұлғаны танып-білу, өмір белестерінен сабақ алып, ұрпақтар үндестігін жалғастыруда, рухани даму мен ұлттық санаға жол ашуда, Алаш ұлттық идеясын мақтанышпен насихаттауда маңызы зор болмақ деп білеміз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының
оқытушылары Н.А. Тасилова,У.М. Джолдыбаева
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушысы М.Н.Ибрагимова М.Н.
Жаппай ашық онлайн курстың қажеттілігі
Қазақстандағы университеттер ішінде OpenEdx ашық платформасында ЖАОК енгізуден әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көш бастап келеді. 2014-2015 оқу жылынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-діңhttps://www.kaznu.kz қашықтықтан білім беру орталығы оқытушылық-профессорлық құраммен бірлесе отырып ЖАОК құру жұмысын бастады және қазіргі уақытта http://open.kaznu.kz адресі бойынша Open edX жүйесінің негізінде жеке ЖАОК платформа жұмыс істеп тұр.
«ЖАОК» – жаппай ашық онлайн курс, бұл электрондық түрдегі ақпараттық мультимедиялық құрал болып табылады, оның құрамына келесі авторлық құқық-туындысы кіреді:
– әдеби туындылар (лекциялар, мәтіндік файлдар);
– аудио бейнелі туындылар (видео);
-графика туындылары, дизайн және басқа да бейнелеу өнерінің туындылары (суреттер, презентациялар, 2D-графика, 3D-графика және т. б.);
– фотографиялық туындылар.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы М.Н. Ибрагимова 2017 жылы «Қазақстанды отарлау саясатында жүргізілген ережелер» атты тақырыбында ЖАОК жасап, бүгінгі күнге дейін Қазақстан тарихы пәнінен пайдаланып келеді. Бұл курс Қазақстанды отарлау саясатында жүргізілген ережелер тақырыбын тыңдаушыларға толық меңгеруге көмектеседі. Тірек-сызбалар мен кестелер арқылы тыңдаушыларды дербес дайындала алатындай етіп оқуға дайындауға; тыңдау, басқа адамның сөзін түсіну, естігенді жазу, жоспар құру, түсіну, талдау, берілген тақырып бойынша баяндама жасауға дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға; карталармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыруға; Қазақстан тарихы мәселелері бойынша өз ойын айтуға, проблемалық мәселелерге айтылған ғалымдардың көзқарастарына пікір білдіруге, дәлелдеуге қабілетті болуға үйретеді.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары былтыр да 2022 жылдың қаңтар айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУhttps://www.kaznu.kz Академиялық және Цифрлық инновациялар кеңсесі ұйымдастырған Жаппай ашық онлайн курстарының байқауына қатысып, барлық кезеңнен мүлтіксіз өтіп тегін онлайн курс түсіруге жолдама ұтып алған болатын. Курс авторлары: М.Н. Ибрагимова, Ж.Е. Жаппасов, У.Д. Сандыкбаева, Н. Мажиқызы, С.А. Нусупбаева, Д. Зүлкәпіл. Курс «Ортағасырлардағы Қазақстан тарихын меңгерудің ұтымды тәсілдері» деп аталады. Міне бүгінде сол курсымыздың түсірілімі аяқталып, жақында тыңдаушыларға ұсынылатын болады.Биылғы 2023 жылы ақпанда өтетін онлайн курс түсіру байқауына кафедрамыздан тағы да оқытушылар қатысуда:Математика пәнінен Уралбекова У.М.,Дауытова Ж.К.,Смағұл М.Ж., Қазақ тілі пәнінен Ибраимова Ж.Т., Мужигова Г.М., Оқу сауаттылығы пәнінен Наралиева Р.Т., Саткенова Ж.Б.,Тойғанбекова М.Ш., Қазақ әдебиеті пәнінен Әділханова Ж.С., Какенова А.М., Математикалық сауаттылық пәнінен Исаева Н., Абдибекова К.Ж. Байқауға қатысушы әріптестерімізге сәттілік тілейміз!
Қорыта келсек, кез-келген пәнді түсіндіруде заманауи жаңа технологияларды қолдану – оқытушыға сабақты жоғары сапада өткізуге пайдалы және тыңдаушының түсінігіне орасан зор әсерін тигізіп, білім сапасын жоғары деңгейде көтереді. Сонымен қатар тыңдаушыларды оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен қызығушылығына ықпал етеді. Сондықтан да осындай түрлі әдістерді сабақта қолдану тыңдаушының тәрбиесіне де жақсы ықпал етеді деген ойдамыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
оқытушылары Ибрагимова М.Н., Сандықбаева У.Д., Уралбекова У.М.
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіндегі «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың кейбір әдістері мен ерекшеліктері
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУhttps://www.kaznu.kz – түрлі мемлекеттен келген студенттер мен тыңдаушылар қалашығы. Университеттің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген түлектер білім алуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңтерриториясында шетелден келген тыңдаушылар заманауи талаптарға сай келетін жайлы жатақханасында тұрады. Сонымен қатар, зәулім кітапханамен және сапалы интернет желісімен қамтамасыз етілген. Сабақтан тыс уақытта тыңдаушының білім алуына жан-жақты жағдай жасалған. ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде тыңдаушылардың сәтті ҰБТ тапсырып, ЖОО түсуге бағытталған арнайы білім берілуде. Факультет оқытушылары білім беру барысында жылдар барысында пысықталған сабақ жүргізу әдістерін қолданады. Барлық дерлік оқытушылардың авторлық сабақ жүргізу әдістері де бар.
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында оқу мерзімқазан-маусым айлары аралығында оқытылады. Жалпы ҰБТ пәндерін оқыту барысында қандастарға және шетелден келген тыңдаушыларға сапалы білім беру, негізгі мақсат болғандықтан, жеделдетілген оқу үрдісі барысында арнайы сабақ жүргізу әдістерін пайдалануға аса көңіл бөлінеді.
Дәріс жүргізетін оқытушылар өз пәндері бойынша шетел тыңдаушыларына үйрету барысында көптеген арнайы сабақ жүргізу әдістерін пайдаланады. Қазақстан тарихы – гуманитарлық пән. Сондықтан тарих пәнін оқытудың өзі өнер десек қателеспейміз. Антикалық дәуірде тарихқа өнер ретінде қарап, тарихты қолдаушы Клио есімді құдайға табынған. Қазақтың ұлттық фольклорында да сөз өнеріне үлкен мән берілгені белгілі. «Сөз-өнер атасы» деп, шешендік өнерге тәрбиелік мән беріп, ұлы бабаларымыздың шешендік өнерін үлгі тұтқан халықпыз. Соған орай шетел тыңдаушыларына тарих пәнін шешендік өнерді уағыздаушы құрал ретінде, яғни қазақ тілін жетік үйренуге баулушы пән ретінде де аса мән береміз.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқу барысында шетел тыңдаушыларының гуманитарлық көзқарасы қалыптасады, сонымен қатар бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттар арасындағы татулық, бір-бірін түсіну деген мәселелерді ұтымды шеше алады.
Жаһандану дәуірінде оқытушының рөлі де ерекшеленді. Бүгінгі таңда оқытушы тек білім беруші тұлға емес, ол тыңдаушының өзіндік шығармашылық жұмысының басшысы. Бұл жағдай сабақ берудің интерактивті түрлерінің күннен күнге жақсаруын талап етеді. Қазақстан тарихы сабағын жүргізу барысында кафедра оқытушылары интерактивті әдістердің бірі-тыңдаушы мен оқытушының сұхбатына негіздеп құрастырады. Сабақ мақсатының бірі-сабақ нәтижесінде тыңдаушының интеллектуалды табысының нәтижесін көрсету. Осындай сабақтар барысында тыңдаушының ұлттық санасы өсіп, ұлттық идентификацияға деген талпынысы артуда.
Сонымен қатар тарихшы оқытушыылардың сабақ жүргізу барысында нақтылау және фактология әдісін жиі қолданады. Сабақ тақырыбына сай тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты тарихи үрдістерді персонификацияланса сабақ мазмұны тыңдаушының жадында жақсы сақталады. ҰБТ-ны сәтті тапсыруды мақсат еткен тыңдаушылар осындай сабақтарға белсене ат салысуда. Тарихшы әріптестердіңбірігіп дайындағанәдістемелік онлайн курстарынан видео дәрістер жасалынды,яғни (МООК).Сол дайындалған курстардыңвидео сабақтарынтыңдаушыларға қосымша дәріс ретінде ұсынып тапсырламалар беріліп отырады. Білімнің қайнар бұлағы болып отырған, қара шаңырақ Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-індеhttps://www.kaznu.kzбілімалыпжүрген жастар өздерінің инсторгамм, фейсбук парақшаларда шексіз алғыстарын айтып ризашылықтарын білдіруде.
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасыныңпән оқытушылар ұжымы университет саясатына сай сапалы білім беру бағытында белсене қызмет атқаруда.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім
беру факультетінің оқытушылары
Сағнайқызы С., Сандыкбаева У.Д.,Сапаева Г.Е.
Қандастарымызды жыл сайын күтеміз
Еліміздің білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – жастарға ұлтты және жалпы азаматтық құндылықтарды бойына сіңдіру болып табылады. Қазіргі технологияның дамуына сай замануи, білімді, бәсекеге тең тұлғаны қалыптастыру, сонымен қатар, кәсіпке бағытталған біліммен қамтамасыз ету, ізденімпаздығын арттыру. Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде жыл сайын шетелдік қандастарымызды ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасына қабылдаймыз. Үстіміздегі жылы тыңдаушылардың таңдаған мамандықтарына сәйкес білім беру бағытында бөліген топтар білім алуда. Бұл факультет университетіміздегі шығыстану факультетімен тығыз байланыс жасайды, атап айтқанда, студенттер мен тыңдаушылардың кездесіп, пікір алмасуы, түрлі тақырыптық дөңгелек үстелдер, мұражайларға саяхат, т.б.
Университетте тыңдаушыларға арнайы пәндер бойынша білім берумен қатар түрлі тақырыптық бірнеше үйірмелер мен клубтар жұмыс жасайды. «Жас биолог» үйірмесі аясында биология факультетінде орналасқан мұражайға тыңдаушылар саяхат жасап, көптеген қызықты мәліметтермен танысып, жер бетінен жойылып кеткен тұран жолбарысының әлем бойынша жалғыз ескерткіші болып табылатын керемет тұлыбын тамашалады.
Қандастарымыз білім алуға құштар жастар және де Қазақстан – отанына деген сүйіспеншілігін бақытты жүздерінен байқауға болады. Өткен аптада тыңдаушылармен бірге «КазГУ – град» қалашығына саяхат жасадық. Қалашықтың тарихы, оны қалаған ҚазҰУ – нің бұрынғы ректоры – Ө.А.Жолдасбековтің ғылымдағы жолы туралы, университеттің тарихы, кітапханасы, спорт кешені, мұражайлары туралы әңгімелеп, ректорат ғимаратында орналасқан «ҚазҰУ – нің тарихы» атты мұражайға саяхат жасадық. Қалашықтағы факультеттердің ғимаратымен, оқу залдарымен таныстырылып, студенттік өмір, студенттік кездің білім алуы туралы сұхбаттасу болды. Қандастарымыз ҚХР, Монғолия, Иран, Түркия, ТМД елдерінен келген жастар, олардың арманы еліміздің ЖОО – на түсіп білім алып, өмір жолында өз орнын табу.
ҚазҰУ – де қазіргі таңда 16 факультет бар, әр факультеттің бірнеше салаға бөлінетін мамандықтары бойынша оқытушы – профессорлар дәріс береді. Қандастарымыздың іздеген мамандықтары университетімізден табылары сөзсіз. «Елім, туған жерім» – деп келген жастарға білім беру оқытушылардың міндеті.
Бұл саяхат тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырғаны сөзсіз.
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ –і жыл сайын елім, жерім деп келелетін, білім іздеп келетін қандастарымызды құшақ жая қарсы алады!
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары Үсенбекова А.Е., Қалиолла А., Алиханқызы Г.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-дың БИОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ
ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде білім алып жатқан шетелден келген қандастарымызды Қазақстанның көрікті жерлерімен, мұражайларымен таныстыру өз жалғасын тауып келеді. Бұл жолы «Өлкетану» клубының ұйымдастыруымен «биология» мұражайы таныстырылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz биология мұражайының негізі 1936 жылы, биология факультетінің зоология кафедрасында зоология мұражайы болып қаланды, ал 1949 жылы факультеттің биология мұражайы болып қайта құрылған. Мұражайдың қалыптасуына Қазақстан аумағында 1933–1938 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Одаққа белгілі ғалымдар В.Н.Шнитников, А.А.Слудский, В.А.Селевин және Қазақстанның халық жазушысы, зоолог ғалым М.Д.Зверев және т.б. өз қорларынан көптеген аңдар мен құстардың сыйға тартқан тұлыптары негіз болған.
Қазіргі мұражай залы ҚазҰУ-дың жаңа қалашығында 1984 жылы ашылған. Мұражай 3 бөлімнен және 84 қабырға сөрелерден құрылған үлкен залдан тұрады. Зал мен сөрелердегі жәдігерлердің жалпы саны 5000-нан асады. Көрме залындағы жәдігерлер биология ғылымының тақырыптық бағыттарына сәйкес жүйеленген. Осы жүйелеудің нәтижесінде келесі бөлімдер пайда болды.
І. Қазақстанның биотоптары, экосистемалары мен табиғи зоналарының алуантүрлілігі;
ІІ. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциялық дамуы;
ІІІ. Экология және табиғатты қорғау;
- Жануарлар дүниесінің жүйесі;
- Өсімдіктер әлемінің жүйесі;
- Мұражай қорлары. Мұражай залында республика аумағында мекендейтін сүтқоректілердің 6 отрядының 17 тұқымдасының түрлері қойылған, жалпы саны 92. Мұражайда жасалған табиғат көріністерінің макеттері, қатырылған аю, барыс, қоян, тышқан және әртүрлі құстар, қасқырлар кез келген адамды қызықтырмай қоймайды.
Шетелден келген тыңдаушылар мен ҚазҰУ студенттері ғана емес, сонымен қатар қаланың басқа университеттерінің студенттері мен мектеп оқушылары да бұл мұражайды тамашалай алады. Біздің факультеттің тыңдаушыларын әр жаңа жерді таныстыруда өздеріне танымдық көп мағлұмат алатынына сенімдіміз. Бұл жолғы мұражайға жасаған саяхатымыз да өз мақсатына жетті деп ойлаймыз.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары:
С.А. Нусупбаева, Г.М. Мужигова, Сапаева Г.Е.