Ұлтқа қызмет ететін мамандар дайындаймыз
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасы – «археолог», «этнолог» және «музеолог» мамандар дайындаудың темірқазығы
Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ғылым тарихымызды ұлттық мүдде мен еліміздің ізгілікке, елдікке ұмтылуының үздіксіз үдерісі, өткені мен бүгінінің сабақтасып, астасып халық жадында жаңаруы тұрғысынан қарастыруды талап етеді. Әсіресе Қазақстанныңерте кезеңнен бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы мен мәдениетін, мәдени мұрасын, этносаяси, этномәдени, әлеуметтік-демографиялық тенденцияларын ғылыми кешенді түрде біртұтас зерттеу отандықархеология, этнология ғылымының маңызды міндеттерінің бірі.
Еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары осындай қажеттілікті Қазақстан республикасы да сезінді. Оның үстіне Қазақстан республикасының озық елдер қатарына қосылудағы маңызды тетіктердің бірі маман кадрлар дайындау еді. Осыған байланысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіТарих факультеті жанынан 1991 жылы «Археология және этнология» мамандығы ашылды. Қазақстан республикасы Білім және Ғылым Министрлігі мемлекеттік тапсырыспен грант бөлініп, нәтижеде толыққанды «археолог», «этнолог» мамандар дайындала бастады.
Тәуелсіз Қазақстан тұсында мамандар дайындауда, Білім беру бағдарламаларын жасауда көп өзгерістермен қатар жетістіктергеқол жеткіздік.Археология, этнология және музеология кафедрасыаясында «5В020800-Археология және этнология», «6М020800-Археология және этнология», «8D020800-Археология және этнология», мамандықтарының мемлекеттік стандарттары жасалынып, республиканың ЖОО арасында осы саладағы мамандар дайындаудың бірден-бір жетекшісі болды. Ал, қазіргі кезеңде бірнеше жаңа Білім беру бағдарламалары дайындалып, «этнолог» және «антрополог» мамандықтары тереңдете оқытылып, маман дайындау 3 сатыда «6В2211-Этнология және антропология» (бакалавриат), «7М02220-Этнология және антропология» (магистратура), «8D02211-Этнология және антропология» (докторантура) деңгейлері негізінде жүзеге асырылады. Сол сияқты бүгінде археолог дайындауда бөлек археология ғылымына бағытталған Білім беру бағдарламасымен оқытылады.
«Этнология және антропология» және «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығындағы Білім алушылардың практикалық қолданысына «Этнография» оқу-әдістемелік музейі, «Камералдық өңдеу» лабораториясы пайдалануға берілген. Бакалавр деңгейіндегі студенттердің өндірістік тәжірибелері қаражаттың мүмкіндігіне орай далалық этнографиялық материалдар жинауға машықтану мақсатында облыс, аудандарда халық арасынан этнографиялық, этносоциологиялық сұрақнамалар негізінде деректер жинайды. Магистратура, докторантура бағытында білім алушылар еліміздің белді ғылыми зерттеу институттары мен мәдениет мекемелерінде, атап айтқанда Ә. Марғұлан атындағы Археология институтында, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында, ҚР Орталық музейінде, қалалық акиматтың әкімшіліктерінде тәжірибеден өтумен қатар, мемлекет тарапынан қаржыландыруға байланысты шетелдік ғылыми ортадан да тағылымнамадан өтеді. Кафедраның профессор-оқытушы құрамын республика ғана емес, шетелдерге де танымал археолог, этнолог, музеолог мамандар құрайды. Олар археология саласында: Ортағасыр маманы т.ғ.д. профессорлар М.Е. Елеуов, Шілікті алтын адамын тапқан белгілі археолог-этнолог Ә.Т. Төлеубаев, З. Самашев, т.ғ.к. доцент Ғ.Омаров, жас PhDдокторлар Р. Жұматаев, Е.Ақымбек, т.б. этнология саласында: т.ғ.д. профессорлар А.Б. Қалыш, Б.К. Қалшабаева, проф., т.ғ.к. Т. Қартаева, т.ғ.к. доценттер С.Шалғынбаева, М. Егизбаева, Қ. Баудиярова, Г. Мейрманова, PhD доктор А. Бейсеғұлова, т.б. қызмет етуде.
Археология, этнология және музеология кафедрасының археолог, этнолог мамандары археология мен этнологияның әртүрлі бағыттарымен айналысады. Археология саласы бойынша жыл сайын кафедра археологтары Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Орталық Қазақстан аймақтары бойынша археологиялық қазба жұмыстарымен айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі кезеңдегі этнологияны өзінің осыған дейінгі дамуымен салыстырғанда оның зерттеу бағыты бай және алуантүрлі. Бұған дәлел қазіргі кезеңдегі этнологтардың кәсіби қызуғушылығына тек «дәстүрлі мәдениет», не болмаса «артта қалған халықтар» кірмейді, сонымен қатар қазіргі индустриалды қоғамдағы этникалық үдерістер де кіреді Соңғы кезеңдегі әлемдегі терең саяси-әлеуметтік өзгерістер ғалымдарды этнология пәнінің мәселелеріне қайта алып келді. Бүгінгі таңда мынандай мәселелер өзекті: әртүрлі халықтардың мінез-құлық үйлесімділігі, әртүрлі мәдениет үлгілерінің өзараықпалдастығы мен қатар өмір сүруі, тұрақты мәдениаралық байланыс жағдайында этникалық топтардың психологиялық ерекшелігінің өзара бейімделуі, дәстүрлі емес жағдайында босқындар мен мигранттардың этникалық санасын дамыту, басқа шаруашылық мәдени типтегі этностың экономикалық тәртібінің ерекшелігі, т.б. Осы тұрғыдан да кафедраның этнолог ғалымдары қоғамның көкейтесті мәселелерімен айналысады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Бибизия Қалшабаева