Жаңа оқу жылы және ҰБТ – дағы жаңа өзгерістер
Математиканы оқыту сапасы – инновациялық білім беру негізі
Қазіргі білім берудегі инновациялық үрдіс болашаққа жол салып, жалпыұлттық басымдық ретінде жария етіліп, биік мақсаттарға жету жолында Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру қажеттігінен туындайды. Бұл инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің бірі математика ғылымы мен білімінің дамуында жатыр. Осы мақсатты орындауда жеке пәндерді жүйелі оқытудың маңызы зор. Ғылымдардың патшасы атанған математика пәнінен білім берудің ерекше екенін айта кетуге болады. Математика адамзаттың жаратылысты тануында, мемлекеттердің ғылыми дамуының негізінде жатқан ғылым ретінде танылды. Осыдан елу жыл бұрын Америка Құрама Штаттары ғарыш кеңістігін игерудегі артта қалуының негізгі себебі ретінде жаратылыстану ғылымдарын, әсіресе, математиканы оқытудың кемшіліктерін атап кеткен екен.
Математикалық білім берудегі мәселелер шетелдік тыңдаушыларды дайындауда ғана емес, білім беру саласында барлық жерде кездеседі. Қазіргі таңда көптеген елдерде математика бойынша оқу курстарын қайта қарап, құзыреттіліктер мен дағдыларды бөліп көрсетіп, математикалық білім беруді терең зерттеуге ерекше көңіл бөлу бойынша шаралар қабылдануда. Математика пәнінің маңызды ерекшелігі – бұл ұлттық біріңғай тестте барлық мамандықтар үшін міндетті пән болып табылады және оның негізгі мақсаты-білім сапасына тәуелсіз сараптама жасау және қорытынды және қабылдау емтихандарын біріктіру. Қалыптасқан көзқарас бойынша математика интеллекттіні бағалаудың жалпы деңгейін көрсететін пән. Математикадан тестте нашар баға алу-бұл логикалық ойлау қабілетсіздігіңізді мойындау, сондықтан математика сабағында сәтсіздік қорқынышы басқа пәндерге қарағанда әлдеқайда жоғары.
Біздің іс-тәжірибемізде математикалық тестке дайындау сапасын тексеру үшін жүйелі түрде диагностикалық жұмыстар жүргізіледі, интернет-ресурстар, жеке сайттар, онлайн тестілеу пайдаланылады. Мұнда оқытушы мен тыңдаушының тығыз байланысы көрінеді. Ия, бұл оқытушылардың мойнына түсетін күрделі, ауыр жұмыс, бірақ қазіргі жағдайда біз үшін мұндай жұмыс өте қажет. Жаңартылған білім берудің жаңа талаптары оқытушылар алдына басқаша міндеттерді шешуді қояды, кәсіби өсуді талап етеді. Кәсіби дамуда кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі де, университеттегі әртүрлі пән оқытушылары арасындағы ынтымақтастық та шешуші рөл атқарады, ал біз үшін ауыр мәселе – математиктер үшін оқытушынің өзін-өзі тәрбиелеуі, математикалық білім берудің маңыздылығын қоғамдық бағаламаумен және жалпы білім берудің білім беру бағдарламаларының шамадан тыс жүктелуімен байланысты математикалық білім берудегі білім алушылардың мотивациясының төмендігі болып табылады, мұны математикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасы да көрсетеді.
Білім нәтижесінің сәтті болуының негізі, әрине, дұрыс ұйымдастырылған дайындық болып табылады. Яғни қорытынды аттестаттауға дайындықтың мақсатты, жүйелі тәсілге ие болуы өте маңызды.Тыңдаушыларды ұлттық біріңғай тестке дайындаудың негізгі міндеттері:
- тыңдаушылардың әртүрлі деңгейлі білімдерін түзету мен негізгі математика пәнінің мектеп курсын жүйелі түрде қайталау. Ол үшін белгілі бір тыңдаушының білімі мен дағдыларындағы олқылықтарды анықтау мақсатында кіріспе қайталауды ұйымдастыру және жеке қайталауды ұйымдастыру қызмет ету;
- практикалық бағыттағы мәселелерді шешу тәжірибесін қалыптастыру;
- дайындық курсы бойынша бағдарламалық білімді берік меңгерту.
Ұлттық біріңғай тестті сәтті тапсырудың негізі: өзіндік оқу қызметін ұйымдастыру және басқару; емтиханға дайындық бойынша тыңдаушылардың өзін-өзі бақылауы және қалаған жоғары оқу орнына түсуге өзін-өзі дайындауы болып табылады. Ұлттық біріңғай тестке дайындауды ұйымдастыру жөніндегі ұйымдардың құралдарына: тыңдаушыны даярлау және өзін-өзі даярлау жоспары; білім мен дағдыларды түзетуге арналған әдістемелік материалдар (анықтамалық құралдар, схемалар, анықтамалықтар, шешім үлгілері, алгоритмдер); дидактикалық материалдар; оқу құралдары (қазіргі уақытта қорытынды бақылауға дайындалу үшін көптеген әдебиеттер бар екенін атап өткен жөн); электрондық оқу құралдары; тест тапсырмаларының әрбір түрі бойынша тұрақты нәтижелерді бекітуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін тапсырмалар жинақтарына талдау жасай отырып, олардың сапалық құрылымына көңіл бөліп, жақсарту жолдарын қарастыру.https://www.kaznu.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
Н.Т. Исаева, Ж.Б. Саткенова
Армандар мекені
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті – білім беру дәрежесі бойынша мәнді көрсеткіштерді иеленген жоғары оқу мекемелерінің бірі. Университет тек елімізде ғана емес, тіпті Орталық Азия елдерінің арасында өз белсенділігін таныта білді. Білім алушылар мектеп бітірген мезетте бірнеше оқу орындарын таңдап, өзіне қажеттісін белгілеуі тиіс. Сонымен қатар, шетелдік азаматтарымыз да дайындық бөлімін аяқтап, өздерінің таңдауын жасау барысында да осындай проблемаға кезігетіні рас. Осыған орай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://www.kaznu.kz, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ маңызды тұстарын ерекшелей отырып, орынды ақпараттармен қамтамасыз ету алға қойылған мақсат болып саналады. Қандастарымыз өмірлерінің алғашқы мезеттерін өз туған жерінен тыс өткізіп, еліне байланысты көп нәрседен бейхабар болады.
Ширек ғасырдан астам тарихы бар ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында әлемнің әр түпкірінен шетелдік тыңдаушылар білім нәрімен сусындайды. Бұл жерде басты мақсат – шетелден келген тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орнына түсуге дайындау. Тыңдаушыларға тоғыз ай көлемінде өздері білім алып келген мемлекеттері мен ҚР білім жүйесіндегі арасындағы сәйкессіздіктерді жою бағытында жұмыс жүргізіледі. Бұндай мәселелер қатарына әліпбиді жатқызуға болады, тыңдаушылар келген мемлекеттеріне сәйкес ҚХР – төте жазу, Өзбекстан- латын т.сс., Моңғолиядан келген тыңдаушылар кириллица біліп келгенмен қазақ тілінің төл дыбыстарынан бейхабар.
Сонымен қатар, Қазақстан тарихы пәні жаңадан оқытылады. Тыңдаушылар аз уақыт ішінде білімді әрі білікті оқытушылар құрамының тынымсыз еңбектерінің арқасында оқытылуға тиісті білім мазмұнын толық игеріп шығады. Сол себепті де шетелдік тыңдаушылар үшін Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы жаңа ортаға бейімдеудегі алғашқы баспалдақ болып табылады. Әрбір тыңдаушының асқақ арманының орындалуына, өздері қалаған оқу орнына түсуіне мол мүмкіндік жасайтын ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ биыл да өзінің талапкерлерін асыға күтеді.
Сондай-ақ біздің қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің шетелдік азаматтарымызды ұлттық құндылықтарын дәріптеуге жетелейтінін аңғару керек. Яғни:
1)Бұл оқу орны қазақ тілінде заманауи тұрғыда біліммен қамтамасыз ету арқылы келешегіне мәнді бағыт береді. Сонымен қатар үш тілді (ағылшын,қазақ,орыс) қатар меңгертеді.
2)Жыл сайын университет ұйымдастыратын іс- шаралардың арқасында азаматтарымыз белгілі бір жауапкершілікті иеленеді, солай кәсіби тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.
3)Оқу мекемесі бірнеше әлемдік компаниялармен байланыс орнатқандықтан, қандастарымыз осы мүмкіндікті қолдана отырып, тәжірибелік алмасуға қатыса алады.
4)Университетте барынша жабдықталған 16 жатақхана бар. Жатақханададағы өмір ерекше: ыңғайлы да тыныш.
5)Университет аумағында заманауи спорт алаңдары мен залдары ашылған, онда студенттер әртүрлі секцияларға жазыла отырып, көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Студенттер қызығушылықтарына байланысты бірнеше топтарға ұйымдасқан, олар өз қабілеттерін дамытуды басты назарда ұстайды.
6)Студенттердің еркін түрде ғылымды меңгеру мүмкіндігі бар, яғни білім алушылар профессорлармен ұйымдасып, өзектілігі жоғары жобаларды қозғай алады.
Жоғарыда атылғандарды ескере отырып, университеттің сан қырлы маңыздылықтарын көре аламыз. Білім алушының болмысы – өз ісінің маманы атану. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушының келешегін басты назарда ұстайды.
Егер сіз өзіңіздің болашақта мықты маман болып, өз мемлекетіңізге адал қызмет атқаратын тұлға ретінде қалыптасқыңыз келсе, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы болуға кеш қалмаңыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
Н.Т. Исаева, Ж.Т. Ибраимова, Г.М. Мужигова
Алғыстан басқа айтар жоқ…..
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы шетелдік азаматтарды Қазақстан Республикасында білім алуға дайындайтын, жаңа ортаға бейімдейтін бірден-бір оқу орны. Осы уақытқа дейін әлемнің әр мемлекетінен сан мыңдаған шәкірттер білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қанат қақты. Осындай шәкірттердің бір қатарын Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар құрайды. 2010 жылдан бастап Елбасы бастамасымен Қазақстан Республикасында білім алуға келген бұл елдің азаматтарына құшағын ашқан – қарашаңырақ www.kaznu.kz Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы. Факультет қабырғасында тыңдаушылар ең әуелі қазақ тілін үйреніп, тілдік дайындықтан өтеді. Жаңа үйренген тілдері арқылы болашақ мамандықтарына сәйкес пәндерді игереді, Қазақстан тарихымен танысады. Бекітілген оқу бағдарламасына қоса түрлі тәрбиелік мақсатта жүргізілетін іс-шаралар арқылы олар жаңа ортаға бейімделіп, Қазақстан Республикасымен тереңірек танысады. Осы кезеңдегі әсерлері жайлы 2010-2011 жылғы түлек Харун Коризадах былайша тебірене еске алады: «Біз үшін мүлде бейтаныс ортаға келуде үлкен қуаныш болумен қатар қорқыныш та басым болды. Бірақ әуежайдан бастап бізді ұстаздарымыз қарсы алып, жатақханаға орналастырып, дәрігерлік тексеріс, құжат рәсімдеу т.б. көмектесті. Аз ғана уақыт ішінде жаңа тіл- қазақ тілін үйреніп шығуымызға үлкен мүмкіндік жасады. Сол үшін де біз мейірбан қазақ еліне, Қазақ ұлттық университетіне, дайындық кафедрасы ұстаздарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ». Бұл пікір жалғыз Харунның ғана емес осында білім алған барлық Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылардың ойы. Шәкірттер көңілінен шыға білген www.kaznu.kz ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ ұжымына тек қана шығармашылық табыс тілейміз!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
Ж.Т. Ибраимова, Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова
БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жанындағы «ZERDE» оқу білім беру орталығы (https://www.kaznu.kz/kz/18702/page/ )өз жұмысын жаңа тыныспен бастауда. Оқу орталығы жыл сайын білімді әрі саналы тыңдаушыларды оқуға даярлап, жақсы нәтиже көрсетіп келеді. «Zerde» орталығында оқытудың озық әдіс-тәсілдерін меңгерген тәжірибелі ұстаздар дәріс береді. Сонымен қатар, оқытуда заманауи инновациялық технологияларды пайдалана отырып, тыңдаушыға қажетті мол ақпаратты түсінікті тілмен жеткізеді. Орталық жұмысының басты бағыты қазақ және орыс тілдерін, математика, физика, химия, биология, география, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, адам, қоғам және құқық пәндері бойынша білімді жетілдіру және тереңдетіп оқыту. Орталық ҰБТ мен КТ-ға дайындалып жүрген жастардың жоғары балл жинауына және арманына жетуіне үлкен үлес қосады. Орталық тыңдаушылары өздері таңдаған пәндер бойынша тәжірибелі оқытушылардан жеке кеңес ала алады.
Курс жұмысының барысында тыңдаушыларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапхана қорын пайдалануға рұқсат беріледі. «Zerde» оқу-білім беру орталығында шетелдік азаматтар үшін қазақ, орыс тілдерін оқыту курстары да жұмыс істейді. орталықтың басқалардан айырмашылығы – шетелдік азаматтармен ерекше әдістермен интенсивті жұмыс жүргізе білу. Егер сізге жоғары оқу орнына түсу үшін сапалы дайындық қажет болса, бізге келіңіз! БІЗБЕН БІРГЕ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары: Қасымова К.А., Буланова Т.М., Әуелханқызы М.
Шет елден келген жастарды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу
Ұлттық құндылықтарға әр хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ-ның ұстаздар қауымы осы құндылықтарды отанына келген әр бір жастың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеуді басты міндет деп біледі. Ұлтымыздың тұнып тұрғaн асыл мұрасын, рухани байлығын оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық пәлсaпаcын, өмірлік тәжірибeсін халық игілігі үшін қолдaна алaтын жан-жақты дамыған, білімді, өзіндік көзқaрасы бaр тұлғаны қaлыптастыруға ұстаздар қауымы өз үлестерін жан-жақты қосуда.
Тyғaн тiлiн cүюдeн бacтaлaтын мaxaббaт, eлжaндылықтaн aдaмзaтты шeкciз құpмeттeyгe дeйiн өceдi. Жacынaн тyғaн xaлқының дaнaлығымeн cycындaп, oның өcиeтiнeн нәp aлып, әдeбиeттi cүйiп, coл apқылы ұлтжанды aзaмaт бoлып қалыптасуларына қазақ тілі пәні ұстаздарының еңбегі зор.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз.
Даналық- білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын. Сондықтан шет елден келген жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жақсы жолбасшы керек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келген жастар үшін, сол тәлімгерлер – біздің үстаздар қауымы.
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңіру – ұстаз алдындағы үлкен міндет. Адамзат тарихында құндылықтар қалыптасуының негізі ерте заманнан-ақ ойшылдар мен ғұламалардың назарында болды. Олардың тәрбиелік негіздері атадан балаға ұрпақтан-ұрпаққа ізгі қасиеттер мен сезім ниеттерден тұрады. Ұлттық құндылық белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізгі ізгілікті, ақылды адамгершілік, парасаттылық, имандылық міндеттерін ажырата біліп өзіне таңдау жасауы. Шет елден келген жастарға тәрбие мен білім беру саласында халықтық педагогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруде, бойына ұлттық имандылық, адамгершілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы .Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында ,оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында.
Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала кезден бойына сіңетіні даусыз. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар. Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағаттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Өз ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі – өзім, екіншісі – халқым»-дейді.
Шет елден келген жастарымызды ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
– белсенді қарым-қатынас: оқушы мен оқытушының әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
– индивиттік: оқытушы әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
– өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену;
– шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу;
– тыңдаушылардың сана-сезімін қалыптастыру;
– туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
– ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
– шет елден келген жастардың бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.
Адамның өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдетғұрып, салтсанасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Ата-бабаларымыздың асыл мұрасына деген ұлттых рух, мақтаныш, намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз.
Қорыта айтқанда өзіміз үлгілі болайық құрметті әріптестер, өзімізді мәжбүрлеп болса да жақсы мінезді болуға, жақсы істер істеуге әдеттендірейік. Өзара құрмет, махаббат ішінде, адалдықты, көркем мінез-құлықты сіңіріп өскен жас ілгеріде елге пайдалы азамат болатыны, қоғамнан ойып орын алары сөзсіз.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің,
ЖОО-ға дейінгі білім беруфакультетінің аға оқытушылары
А.М.Какенова, Ж.Қ.Дауытова,Т.М.Буланова
Қоғам қайраткеріне арналған құрмет
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіhttps://www.kaznu.kz биыл халқымыз аса көрнекті қоғам қайраткері, белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы, эссеист, дипломат және филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдығына арналған «Тарихи мәдени үдерістегі сабақтастық» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция болып өтті. Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Басқарма Төрағасы Ж.Қ.Түймебаев мерейтой иесін құттықтап, қоғамдағы орны мен еңбектері туралы мазмұнды баяндама жасады. Конференцияның мазмұнды өтуіне үлкен үлес қосқан жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты С.Қ.Суатай және университет оқытушы-профессорлары болды. Университетіміздің орталық кітапханасының конференция залы зиялы қауымға лық толды. Ғалымдар мен журналистер, қоғам қайтаркерлері мен қаламгерлер, студент жастар бұл кездесуге аса үлкен құрметпен қатысты. Конференцияға қатысқан қонақтар ұлы Мұхтар Әуезовтің мұрагері ел үшін әке аманатына адал болып, ұлттың жанашыры ретінде еткен зор еңбегінің куәсі болды. Жастар ел үшін ерекше орны бар құрметті тұлға екенін таныды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, драматург, ғалым, қазақты әлемге танытқан «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің отбасында туылған Мұрат әкесінің өсиеті арқасында туған тіліне, халқына, мәдени мұрасына деген сүйіспеншілік пен құрметті бойына сіңіріп өскен ұлтжанды азамат. Мұрат Әуезов 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» – ұлтшыл-дәстүршіл бағыттағы сұхбат-талқылау клубының қалаушыларының бірі. Аталған клуб Мәскеу қаласында оқып жүрген қазақ студенттер тарапынан қазақтың тілі мен салт-ғұрпын ұмытпай, ары қарай үйреніп меңгеруге бағытталу үшін құрылған еді. Бүгінгі таңда Мұрат – қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, қазақ тілі мен мұраларын зерттеген дипломат.
Ғалым 1965 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елді өзгертуге белсене қатысты. Парламент депутаты болып, әдеби зерттеулермен айналысты, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш Елшісі қызмет атқарды. Мұрат Әуезов «Қазақфильм» киностудиясында бас редакторы (1981-1987), Қазақстан Жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басшысы (1988-1990), Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі (1990), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі Комитеттің төрағасы (1990), Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры (2003-2006) секілді жоғары қызметтерді атқарды. КСРО Ғылым Академиясының Әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшінгі диссертацияны қорғады. Қазақстан Журналистика Академиясының 27.02.2007 жылғы жалпы жиналысы арқылы академияның толық мүшесі болып сайланды. Осындай ауқымды істердің басында жүріп, әр сөзінде елдің болашағы болған жастарға ерекше сеніммен назар аударып отырды. Мұрат Әуезовтің жастарға айтқан ақылы: «Ұлтжандылық деген бұл – Ұлы сезім. Адамды ажарландырып, нұрландырып, жігерлендіріп жібереді. Қазақ халқының саны тым аз. Сондықтан біз ұлттың сапалы болуын ойлауымыз керек. Ол үшін нағыз білім болуы керек. Тек диплом алу үшін білім қуудың қажеті жоқ, білімнің ұшан-теңіз тереңіне бойлай білуіміз керек. Алаштың азаматтары «Сегіз қырлы, бір сырлы» болған. Сыры – осы ұлтжандылық. Олар нағыз қазақ бола білді. Біз қазақтығымызды жүрегімізбен сезінуге тиіспіз. Өйткені заман – қатал». «Аталы сөз атан түйеге татиды» демекші, осындай өсиетін бүгінгі жастар саналы түрде ұғынып, саналарына сіңіруде. Кешегі Алаш көсемдерінің арманын орындауға білімді жастар ғана емес, мінезді, ұлтжанды отансүйгіш жастар керек.
Міне, ұлтжанды қайраткердің ел мен жер, рух пен намыс, ұлттық мұрамыз бен құнды жәдігерлеріміз туралы пікірлері бүгінде осындай. Асылдың сынығы, тұлпардың ізі екенін осы көзқарастарынан анық байқауға болады. Елдің болашағы үшін осындай ұлттық руханиятты өшірмей, ұрпақтан-ұрпаққа толық жеткізуіміз керек. Біздің бүгінгі мақсатымыз да – осы. Қазақ руханиятының шын жанашыры, насихатшысы, дамытушысы болған қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің жастарға айтқан тағлымы, ұрпаққа қалдырған мұрасы өміршеңдігімен құнды. Елге қызмет етудің, тілді құрметтеудің, өз тарихыңды терең білудің, әдебиеттегі талғам мен өренің биік үлгісін танытқан дара тұлға екенін өмір жолынан, еңбектерінен көріп, танып, болашаққа үлгі ете беруіміз керек.
«Жүк ауырын нар көтереді, ел ауырын ер көтереді». Ұлы Мұқаң, Мұхтар Әуезовтай әкенің үмітін ақтап, қалың қазақтың ұлттық мұрасын, тілін, тарихын, сөз өнерін ұлықтап, ертеңгі болашақ қамы үшін аянбай еңбек еттіңіз! Сол еңбегіңіздің жемісін көрген мерейлі 80 жасыңыз құтты болсын! Жүз жасқа дейін ұлтқа қызмет етуді Алла нәсіп етіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін деп тілейміз! Ел аман, бейбіт заман бола берсін!
Ж.С.Әділханова, С.Қ.Қосан,
Ө.Д.Сандықбаева
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
аға оқытушылары
Жаңа оқу жылы және ҰБТ – дағы жаңа өзгерістер
2024 жыл ҰБТ өзгерістер еңгізілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Емтиханның форматындағы барлық өзгеріс жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі.
Қазақ Ұлттық университетінің https://www.kaznu.k. Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің оқытушы құрамы биылғы жаңа оқу жылына шетелдік тыңдаушыларды дайындауға шақырады.
Жоғары білімді оңтайлы етудің маңызды қадамы – ҰБТ тапсырмаларын жетілдіру. Біздің факультеттің оқытушылар құрамы нәтижелерді қалыптастыру мен талдауда психометриялық тәсілдерді қолдана отырып, стандартталған форматқа көшеді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес келеді. Ғылым және жоғары білім министрінің сөзіне қарағанда 2024 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгереді, сондай – ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, үш пән міндетті және екі таңдау пәні болып қалады. Ескерте кетерлік жәйт «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Бейіндік пәндерде сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың қисынды жалғасы. Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы сұрақ саны бұрынғыша 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» – 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» – 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» – 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма болады. Жоғары балл – 140, бұл да өзгеріссіз қалды. Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты тестілеу уақыты қысқарады. Енді ҰБТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілген. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек. Биылғы тағы бір жаңалық шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлерге қатысты, енді шығармашылық таңдаған талапкерлерге «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаттылығы» пәндерімен қатар «Математикалық сауаттылықты» міндетті пән ретінде тапсырады. «Математикалық сауаттылықтан» тест тапсырмалары өмірде математикалық логика бойынша алған білімдерін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағытталады, сондықтан бұл пән барлық тестке тапсырушы үшін міндетті – дейді Саясат Нұрбек. Бейіндік пәндердің комбинациясы бойынша да өзгерістер бар. Оқушылардың, ата-аналардың және педагогикалық қауымның пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, «B059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар», «B055 – Математика және статистика», «B063 – Электротехника және автоматтандыру» білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер «Математика-Информатика» комбинациясын тапсырады. Қорытындылай келе, өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске салғым келеді. Егер ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі бар екенін ескеретін болсақ, онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады.
Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің аға оқытушылары: Егенберді М.Е., Сапаева Г.Е., Сағынайқызы С.