Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дайындық кафедрасы ұстаздары түлектерімен кездесу өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЖОО-на ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ, ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ farabi.university шетелден келген қандастарымызға сапалы білім беріп, ЖОО грантына қол жеткізуге жол ашады. Дайындық кафедрасының саясаты – нәтижеге жұмыс жасау, шетелден келген тыңдаушыларға сапалы білім беру, университеттің студенттік өміріне шетелден келген қандастарымызды баулу. Оқу жылы барысында кафедраныңоқу үрдісі аясында ғылыми, мәдени шаралар ұйымдастырылады. Жыл сайын дайындық кафедрасы ұйымдастыратын халықаралық студенттерғылыми конференциясына да кафедра тыңдаушылары белсене қатысады. Кафедраның бұл бағыттағы жұмысы өте маңызды, өйткені болашақ студент алғаш рет ғылыми жұмыс жазудың қыр-сырымен танысады. Сонымен қатар дайындық кафедрасында тәжірибелі ұстаздар еңбек етеді, басым бөлігінің ғылыми атақ-дәрежелері бар.
Дайындық кафедрасының ұстаздары жаңа оқу жылын Алматы қаласының түрлі университеттері гранттарын иеленген тыңдаушыларымен кездесуден бастады. Кездесу аясында түрлі шетел мемлекетінен келген кешегі тыңдаушы, бүгінгі студенттер кафедра ұстаздарына сапалы білім бергені үшін алғыстарын білдіріп, мүлдем жаңа – студенттік өмірлерінің қызықты тұстарын жарыса айтты. Қытай мемлекетінен келіп, ҚазҰУ ЖОО-на дейінгі факультеттің дайындық кафедрасында білім алған Бегәлі Назерке сүрінбей АТУ университетінің грантын иеленіп отыр. Назерке дайындық кафедрасы оқу бағдарламасының сапалы құрастырылғанын айтып, кафедра ұстаздарының ҰБТ-ны сәтті тапсыруға бағытталған әдістемесіне жоғары баға берді. Өткен жылғы халықаралық студенттер конференциясына қатысып, жүлделі орын иеленген Назерке, түрлі студенттік ғылыми жұмыстарды орындау дағдыларын жан-жақты үйренгенін айтып, университет курстары аясында тапсырылатын ғылыми жобаларды зерттеуде алдыңғы қатарда екенін баса айтты. Аталмыш университеттің грантын ұтып алған, Өзбекстан мемлекетінен келіп, дайындық кафедрасының педагогтарынан білім алған Содиков Темірхан да кафедра ұжымына жылы ілебізін білдірді. Темірхан дайындық кафедрасының оқу бағдарламасы аясында оқыған пәндерінен университет қабырғасында тек жоғары баға алатынын айтып, кафедра ұстаздарын тәнті етті.
Дайындық кафедрасында мәдени іс-шаралар жиі өткізіліп, болашақ студенттерді қоғамдық мәдени іс-шараларға баулу жұмысы белсенді атқарылады. Шетел мемлекеттерінен келген тыңдаушыларға ҚазҰУ кампусын таныстыру аясында университет кітапханасы, музейлері, тіпті, әкімшілік бөлімдерімен таныстыру шаралары жоспарланады. Тыңдаушылардың таңдаған мамандықтарына сай, ҚазҰУ факультеттерінің әкімшілігімен кездесулер ұйымдастырылып, факультет ұстаздары мен мамандары тыңдаушылардың сұрақтарын қанағаттандырады. Сонымен бірге Алматы қаласының музейлері, театр, концерт залдарымен таныстыру мақсатында топ кураторлары белсенді жұмыс атқарады. Мемлекеттік мейрамдар мен мерекелер аясында ашық сабақтар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижелі жүргізілгені де кездесу барысында айтылып, кездесуге келген студенттер университеттегі студенттік клубтардың мүшелері болғандарын, еш қиындықсыз студенттік өмірге бейімделгенін мақтанышпен баяндады.
Қорыта келе, ҚазҰУ ЖОО-на дейінгі факультетінің дайындық кафедрасы шетел тыңдаушыларына тек сапалы білім берумен шектелмейді, оқу үрдісі мен қоғамдық-мәдени шараларды бірге жүргізеді. Тыңдаушыларды ғылыми жұмысқа баулуда да үлкен жұмыстар атқарады. 2023-2024 оқу жылында осы бағыттардағы жұмыстарды жандандыру жоспарланып отыр.
Дайындық кафедрасының аға оқытушылары, т.ғ.к. Сағнайқызы С., Бегалиева А.К., Саткенова Ж.Б.