Наурыздың мазмұнын жаңартсақ…
Президентіміз Қ.-Ж. Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «…өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз-Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін», – деп Наурыз, яғни біздің Жаңа жылымызды жаңа форматта өткізу жөнінде ұсынысын айтты. Біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұлттық мерекемізге ерекше көңіл бөлініп, жыл сайын кең көлемді ауқымда тойланады. Университеттің (https://farabi.university) дүбірлі тойына келген қонақтарды еңбек ұжымы мен студенттер ұйымықұшақ жая қарсы алады. Нағыз қазақы қонақжайлылық дәстүрде өтетін мерекелі дастарқанға сыйлы қонақтармен қатар университетке жақын орналасқан ықшамауданның тұрғындарымен қатар кейде той қызығын тамашалап көргісі келген бейтаныс жандар да береке мен достықтың алтын көпіріне айналған осы Наурыздың құрметіне жайылған ақ дастарқаннан дәм татып, Наурыз көже ішіп,мерекелік қойылым-көріністі тамашалап риза болып кетеді.
Наурыздыңфилософиялық астары терең. Ол әр адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы, отбасы, ұлттар және адамзат пен күллі табиғаттың жаңаруына дейінгі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды, наным-сенімдерді қамтиды. Ұлыс күнінде шүкіршілік жасап, өткенге тәубе дейді, барға қанағат, жоққа салауат деп, келешекке үлкен үмітпен қарайды. Наурыз – ұлттық идеяның негізі, халқымыздың салт-дәстүрі осы кезде көрініп, соны сақтап қалағанымыз айқындалады. Наурыздың 2500 жылдық жазбаша тарихы бар екені белгілі. Мәшһүр Жүсіп былай деп жазған: «Қазақтың қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы Наурыздама».
Әз-Наурыз Шығыс елдерінің отырықшы халықтарының, егінші жұрттардың мейрамы және Еуразия төсін тұлпар тұяғымен дүбірлеткен көшпелілердің ортақ мерекесі болған. Наурыздың тойлануы мен ғұрыптары табиғатқа табынудан, зороастристік Жаңа жылдан шыққан. Патша үкіметі оны ғасырлар бойы халықтың жадынан өшіріп тастай алмады. Ерте замандағы жұлдызнамада 22 наурызда аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетінін анықтаған.
1926 жылдан 1988 жылға дейін Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынса да, қазақ халқы әр отбасында жасырын түрде Наурыз көжесін пісіріп, атап өтіп жүрді. Отбасынан бастап тойланатын Наурызда тазару, тазалық сақтау – ең басты мәселе. Наурызмерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ КСРП резидентінің қаулысының негізінд емемлекеттік мәртебеге ие болды. Бірінші Президент наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деп, ресми атайтын болды.
Ағартушы ақын Ғұмар Қараш сонау 1919 жылы «Хамал (наурыз) басында қазақ ғұрпынша жаңа жыл кіріп, ескі жыл шығады. Ескі өліп, жаңа тірілгенде өлгенді еске 133 түсіріп, жақсы жағын, қылған жұмыстарын айтып отыру әдет» деп жазыпты. Дәл осы тұста «хамал немесе амал деген не?» сауалына жауап берсек, Наурыз мерекесіне байланысты «амал кірді», «амал келді» дегенсөз айтылатынын білеміз.Шығыс елдеріндегі күн (шәмси) күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1-шіжұлдызы болып есептеледі. Хамал- Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқ жұлдызы туады. «Наурыз» сөз парсының «жаңа күн» дегенін білдіреді.Қазақтар бұл күнді «наурыз» демей, «амал» деген. Бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келеді.
Қазақ ауылдарында ертеде тайқазан, нарқазан деп аталатын үлкен қазандар болған. Қазан – сонау скиф-сақ, ғұн заманынан келе жатқан «жеті қазынаның бірі». Қожа Ахмет Йассауи мавзолейіндегі тайқазан – көшпенділердегі береке мен бірліктің символы. Қазақтың ертегі-жырларында алтын қазанды іздеу салты кездеседі. Ертеректе Наурыз мейрамында ауылдың тайқазанына әр үй өзінің 7 түрлі тағам қосып пісіріп әкелген көжелерін құятын, сонда 30-50 тамақ қоспасынан жасалған «наурыз көже» немесе «көп көже» болып шығады. Бұл аспаздық жұмыстың бәрін елге қадірлі, ауылға белгілі бәйбіше басқарған. Қазанды иесіне қайтарғанда таза ғып жуып, ішіне міндетті түрде піскен тамақ (бауырсақ, тоқаш, ет) салып, құлағына ақтық байлап қайтарады, әйтпесе «қазан өкпелейді», «қазан шамданады» деп ырым қылады. Қазақ арасында екі адам ренжіскенде «өкпесі қазандай», «өкпесі қара қазандай» деп айтылатын сөз тіркестері осыдан шыққаны түсінікті. «Қарақазан, сарбаланыңқамыүшін», «Қарақазансарбала, жылапжатыркөпбала» дегеніміз – халық, бұқарахалықдегенніңбаламасы. Атаданмирасболыпкележатқанқазаннанайырылу – құт-берекенің қашуы, байлықтанайырылу, оныбіреутартыпалса, масқара болғаны деп саналатын.
Қазақтарда «наурыз көже» атауына ие болған арпадан көже пісіріп, ауылға дәм таттырған. Қазақтар «арпа, бидай ас екен», «наурыз көжені тойып жесең, жыл бойына тоқ жүресің» деп бекер айтпаса керек. Ет пен сүтті негізгі тағам қылған қазақтар бұл көжеге айран, сүзбе қатып, қыстан сақтаған сүр етті қосқан. Наурыз көже дайындау әдісінде аймақтық ерекшеліктер байқалады, арпа, ағарған, сүр ет қазақ жерінің барлық өңіріне ортақ болса, батыста, Сырдың төменгі ағысы бойында жүгері, тары, оңтүстікте маш, бұршақ, кеспе қосады. Жетісудың шығыс бөлігінде «көп көже» дейді.
Қорыта айтқанда, Наурыз мұсылман халықтарының тұрмысында ислам дінінен бұрын байырғы зороастризммен бірге сіңген, тамырын тереңнен тартқан бұл мереке халықтың салт-санасында, тарихи санамызда берік орныққан. Сондықтан да, қазақ халқы басынан қанша жаугершілік, ашаршылық жылдарды өткерсе де, наурызды ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізген. Мұндай мейрамдар – ұлттық идеямен ұштасып жататын ұлттық сананың бір көрінісі деп есептейміз. Кезінде Алаш арыстары Наурызды барынша насихаттап, елін езгіден алып шығып, ұлттың рухын көтермекші болды. Енді егеменді ел болғанда, Ұлыстың ұлы күнінің халық жадынан ұмытылған сырлары мен қырларын қайта жаңғыртып, Президентіміздің сұхбатында айтылғандай төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өткізу жолыгда жұмыстарды атқару бүгінгі күннің басты талабы деп санаймыз.
Бегалиева Айша Карыпжановна
Наралиева Рахила Турсыновна
Әл-Фараби атындағы ұлттық университетірің
Аға оқытушылары