Білім беру саласында отандық озық оқыту әдістемесін қалыптастыру – ҚазҰУ ұстаздарының басты мақсаты
Отандық орта білім беру жүйесінің озық үлгісін қалыптастыру
– елімізді жарқын болашаққа жетелейтін ізгілікті бастама. Мемлекетіміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бұл бағытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ҒА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ (толығырақ: https://farabi.university/ сайтынан біле аласыздар) – Ұлттық Жоспарды жүзеге асыру арқылы әлемнің дамыған елдердің қатарына қосылу басты мақсатына сай аянбай еңбек етуде. Елімізде саяси реформа мен экономикалық дамудың жаңа моделін құруды жүзеге асыру үшін рухани жаңғыру мен халықтық қолдау қажет. Қоғамымызда рухани жаңғыруға бет бұрудың басты қадамы отандық орта білім беру жүйесінің озық үлгісін қалыптастырудан басталады. Қазіргі уақытта біздің еліміздің білім беру саласы қалай болу керек деген мәселеге қатысты отандық ғалымдар мен әдіскерлер арасында қызу пікірталас жүріп жатыр. Орта білім беретін мекемелерге арналған оқулықтарда жіберілген олқылықтар туралы да аз сын-пікірлер айтылған жоқ. Пәндер бойынша оқулықтар жазылмас бұрын отандық орта білім беру саласының белгіленген мемстандарты мен бүгінгі күннің талабына, сұранысына сай сараланып айқындалған, халықтың қолдауына ие болған оқыту үлгісі, оқу-әдістемелік жұмыс бағдарламасы болуы қажет. Елімізде жоғары білім беру саласына әлемдік оқу үдерісіне негізделген кредиттік оқытудың ұлттық жүйесі, отандық үлгісі енгізілді. Жоғары оқу орындарында жаңа оқу бағдарламасы білім мен ғылымды коммерцализациялауға, оқу ісін нақты тәжірибемен ұштастыра жүргізуге үлкен мүмкіндіктер берді. Жаңа оқу жүйесі арқылы отандық жоғары оқу орындары әлемдік рейтингте жаңа деңгейге көтерілді, білім-ғылым кеңістігінде қомақты табыстарға қол жеткізді
Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің аға оқытушылары:
Тилеужанова Г.Т., Наралиева Р. Т., Бегалиева А.К.,