ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫНА – 90 ЖЫЛ!
Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті https://www.kaznu.kz – британдық «Times Higher Education» агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша – 1001-1200, Asia University Rankings – 401-500, THE Emerging Economies rankings – 351-400, THE Impact Rankings рейтингтерінде – 801-1000 орын иеленіп, қазақстандық ЖОО-дарынан көш ілгері нәтиже көрсетіп келе жатқан бірегей оқу орны.
Бүгінде ҚaзҰУ-да 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеуинституты және орталығы, технопарк жұмыс істейді. Бакалавриатта – 87, магистратурада – 98, докторантурада – 83мамандықбойынша білім беретін интеллектуaлдық әлеуеті жоғары ғaлымдaр шоғырлaнғaн. Құрaмындa 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторы, 100-ден астам академиялардың академигі, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаты, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаты мен 47 мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері еңбек етеді.
ҚaзҰУ https://www.kaznu.kzәлемнің ең ірі 400 университетімен әріптестік байланыс орнaтқaн. Олaрмен жaсaлғaн келісімшaртқa сәйкес aкaдемиялық тәжірибе aлмaсу aясындa 5 мыңнaн aстaм шетелдік студент ҚaзҰУ-дa білім aлды.
Жыл сaйын 150-ден aстaм aтaқты шетелдік ғaлымдaр ҚaзҰУ-дa дәріс оқиды, кеңес береді және ғылыми тәжірибелерімен бөліседі. Оқытушылaр мен студенттердің Нобель сыйлығы лaуреaттaрымен кездесуі игі дәстүр ретіндежалғасын тауып келеді. Хaлықaрaлық ЖОО aссоциaциясы құрaмынa Ортaлық Aзиядa ҚaзҰУ-дың ғaнa қосылуы және Қaзaқстaн ЖОО-ы aрaсындa БҰҰ «Aкaдемиялық ықпaл» бaғдaрлaмaсынa қaбылдaнғaн тұңғыш әрі жaлғыз университет екендігін көрсетеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіhttps://www.kaznu.kz2022 жылдың шілде айында зерттеу университеті мәртебесін алды. Осы мәртебеге сай, ҚазҰУ негізгі басымдықты ғылыми-зерттеу саласына бағыттайды. Университет негізгі жұмысын, оқу-даму бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу ізденістерін«Ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сай жүргізеді.
Атап айтқанда, қазір елімізде жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр. Орталық Азия шеңберінде профессорлық-оқытушы құрам мен қызметкерлердің тағылымдамаларын, бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру ісі қолға алынған. Академиялық және мәдени тәжірибе алмасу, озық тәжірибелер мен өзара оқытуды іске асыру мақсатында ЖОО альянсы мен Орталық Азия елдері студенттерінің альянсын құру аясында ШЫҰ және ТМД желілік университеттерінің негізінде түркі мемлекеттері кеңесінің желілік университеті құрылмақшы. Бұл түркі елдерінің азаматтарына түркі мемлекеттерінде білім алуға мүмкіндік береді.
Ұлттық ғылымның қарыштап дамуы үшін бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технологияларды коммерцияландыру мен трансферттеудің өңірлік орталықтарының, жобалық-конструкторлық бюролардың және инфрақұрылымның басқа да элементтерінің жұмыс істеуіне қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде ҚазҰУ ғалымдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру байқауында 75 жобаны жеңіп алды. Университетте 10-нан астам инновациялық өндіріс жұмыс істейді.
Қорыта келгенде, 27 мың студенті бар «ғылымның қарашаңырағы» – ҚазҰУбиыл 90 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осындай іргелі білім орнында 30 жылға жуық жұмыс істеп, студенттерге білім беруде өз үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан етеміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңhttps://www.kaznu.kz филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушылары, ф.ғ.к.
С.М.Иманқұлова, Ж.Ә. Абдрахманова, Р.Қ. Өмірбекова
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіhttps://www.kaznu.kz Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі. 90 жылдық тарихы бар бүгінгі ҚазҰУ – әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатарлардан көрініп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда танымал болған заманауи білім ордасы.
Жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамы, заманға сай жабдықталған Фараби кітапханасы жастардың білім алу мүмкіндіктерін арттыра түседі. Қазіргі уақытта университет жүз қырықтан аса мамандық бойынша маман даярлайтын білім ордасы және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Білім беру ісі Болон реформасына сай жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық жолға қойылған, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Заманға сай «Биотехнология», «Ақпараттық жүйелер», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Ғарыш техникасы және технологиясы», «Бейорганикалық, органикалық заттардың химиялық технологиясы» сияқты мамандықтар бағытында білікті мамандар даярлау қолға алынған.ҚазҰУ – халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіhttps://www.kaznu.kz, сонымен қатар әлемдік университеттердің институционалдық рейтингінде де, пәндік рейтингте де алдыңғы орындарға қарай үнемі жылжып келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық пәндік рейтингтерде деқазақстандық университеттер арасында жетекші орын алады. 2020 жылы QS World University Ranking әлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша жетекші қазақстандық университет ретінде әлемдегі ең үздік университеттер тізімінде 165 орынға ие болды. Бұл топта ТМД елдерінен тек Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бар. Президент Қ. Тоқаевтың қолдауымен Түркияның Ыстамбұл қаласында және Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында ҚазҰУhttps://www.kaznu.kz филиалдары ашылды.Университет қабырғасында Ресейдің МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді.
Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен жасалған тиімді келісімшарттар негізінде студенттер академиялық ұтқырлық аясында бір семестр басқа елдерде білім алып қайтуына болады. Университетте көшбасшылық дәрістер жүйелі өткізіледі, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елші-дипломаттар, шетелдік ғалым-профессорлар тәжірибелерімен бөлісіп отырады.
Алатаудың етегінде, қайың-қарағайлы, ағаштары мол қоршалған ауқымды аймаққа «ҚазҰУ қалашығы» деген атпен салынған оқу ғимараттары, жатақханалары, спорт кешені көз тартарлық. «ҚазҰУ қалашығында» жабдықталған интернет орталығы, спортпен шұғылданатын кешен, әртүрлі студенттік клубтар жұмыс істейтін студенттер сарайы, ғылыми орталықтар бар. Студенттік өмірдің қызығын молайта түсетін «ҚазҰУ аруы», «Жігіт сұлтаны», «Студенттік көктем» сияқты фестивальдар де ұйымдастырылып отырады.
Біз қызмет ететін филология факультетінде белгілі жазушы М. Әуезов, оның шәкірті, академикЗ. Қабдолов, белгілі ғалым-профессорлар А. Аманжолов, С. Мырзабеков, А. Айғабылов, А. Қыраубаева,Б. Сағындықұлы, Р. Әміровсияқты белгілі ғалымдар қызмет еткен.Қазіргі кезде Э. Сүлейменова,Ж. Дәдебаев, Г. Смағұлова,А. Салқынбай, Д. Әлкебаевасынды белгілі ғалымдардан дәріс алу студенттер үшін үлкен бақыт болып саналады. Қазақ әдебиеті мен бірге шетел, орыс классиктерінің шығармаларын оқу, талдау, сонымен қатар шет тілдерін үйрену ерекше бір әлем сияқты әсер берері сөзсіз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңhttps://www.kaznu.kzоқытушылары,
филология ғылымдарының кандидаттары
Н.Ж. Егізбаева, Ш.Ә. Рамазанова, А.Т. Аширова