Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем!
25 қазан – Республика күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – тыңдаушылардың туған елі Қазақстан туралы білімдерін тереңдету, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және достық пен бірлікті нығайту.
Бұл іс-шараның аясында тыңдаушылармен Алматы қаласының тарихи мұражайына бардық. Мұражайға экскурсия барысында студенттерге Қазақстанның бай тарихы, әр кезеңде орын алған маңызды оқиғалар туралы қызықты ақпараттар берілді. Тарихи жәдігерлер мен суреттерді тамашалап, өткен дәуірлердің мәдениеті мен дәстүрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Экскурсия барысында студенттер алған білімдерімен бөлісіп, ел тарихына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттырды.
Мұражайдағы экскурсия тыңдаушылардың туған жеріне деген құрметін күшейтіп, тарихи мұралар мен ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған болатын. Олар ерекше әсер алып, еліміздің тарихы мен мәдениетінің байлығын терең түсініп, жоғары көңіл-күймен оралды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары
Исмайлова Малика, Турсынбек Айгерім