Республика күніне арналған іс-шаралар өтті
Қазақстанның Республика күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Қазақстан мәдениетіне ену» және «Атамекенге қош келдің!» атты іс-шаралар өттін. «Қазақстан мәдениетіне ену» атты іс-шарада Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы жайлы айтылды. Шетелдік білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге үшін бұл ақпараттардың маңызы зор.Болашақта оқуын қазақстанда жалғастыратындықтан қазақ елінің адамгершілік құндылықтар жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді; оларда Қазақстанның мәдени құндылықтарына, оның тарихы мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл іс-шарада шетелдік тыңдаушылардың жаңа жағдайларға сәтті бейімделуі үшін өте маңызды.Тіл үйренушілердің білім аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы күніне арналған ашық кураторлық сағат аясында оқытушылар ақпараттық дәрістер мен түрлі-түсті бейнероликтерді қамтитын қызықты бағдарлама дайындады. Тыңдаушылар Қазақстанның бай тарихы, оның мәдени мұрасы және елдің қалыптасуына әсер еткен маңызды оқиғалар туралы мәлімет алды. Бұл іс-шарадан қазақстандық бірегейліктің қалай қалыптасқанын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін жарқын бейнелер мен қызықты сюжеттермен шетелдіктердің назарын аударды. Қазақстан туы барлық қатысушылар үшін бірлік пен мақтаныштың символына айналды. Шетелдік тыңдаушылар іс-шара барысында көргендері мен естігендері оларға Қазақстан мен қазақстандықтарды жақсы түсінуге көмектескенін атап өтті. Шетелдік тыңдаушыларға бірлік пен тәуелсіздіктің жарқын символына айналған Қазақстанның бейнесі мен туы ерекше есте қалды. Тыңдаушылар сыртқы әлеммен қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру барысында ұйымдастырылған іс-шараға белсенді қатысты. Ашық кураторлық сағат тек білім беру іс-шарасы ғана емес, сонымен қатар мәдени алмасу алаңы болды. Тыңдаушылар сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісіп, Қазақстандағы өмір туралы көбірек біле алды. Бұл іс-шара достық пен өзара түсіністік атмосферасын құра отырып, шетелдік тыңдаушылар мен қазақстандық қоғам арасындағы байланысты нығайтты. Аты аталған іс-шаралартыңдаушылардың ой-өрісін кеңейтуге және Қазақстанның бай мұрасы мен қонақжайлылығын көрсететін имиджін қалыптастыру үшін маңыздылығын атап өтті. Осындай кураторлық сағаттар мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға және шетелдік тыңдаушылардың Қазақстан туралы білімдерін тереңдетуге ықпал ететініне күмән келтірмейді.
«Атамекенге қош келдің!» іс-шарасы Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Түркменстан, Иран, Түркия мемлекеттерінен келген қандастарымызға арналды. Іс-шараға Республика күнімен құттықтау үшін Отандастар қорынан, дүниежүзі қазақ қауымдастығынан өкілдер келіп құттықтады.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім
беру факультетінің аға оқытушылары:
Г.А.Тастемирова., Г. С. Қойшыбаева