Алматыдағы өсімдіктер әлеміне саяхат
Қазақ елінің өсімдік әлемі жинақталған бірден-бір ғажайып жер,Алматының көруге таңсық көрікті ғажаптарының бірі – Ботаникалық бақ. Осы көрікті жерге күз айының ортасы, қазан айында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті https://farabi.university/жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тұрақт даму мақсаттар (ТДМ-15) аясында шетелден келген қазақ диаспара топтарының жетекшілері мен тыңдаушылары бірге келді.
Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы ғылыми-зерттеу мекемесі. 1932 жылы Алматы қаласында құрылған. 1967 жылға дейін КСРОҒА Қазақ филиалының республикалық ботаника бағы деп аталды. 1967 — 1994 жылдары өз алдына дербес ғылыми-зерттеу мекемесі құқында болды, 1995 жылдан Ботаника және фитоинтродукция инстиутының құрамына енді. Жерінің аумағы 104 га. Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 850 — 940 м биіктікте, Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің аралығында орналасқан. Бас ботаникалық бақта жергілікті және басқа жерлерден әкелінген өсімдіктердің 5,5 мыңдай түрлері мен сорттары (оның 100-ге жуық түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген) бар. Олар ботаникалық-географиялық, жүйелілік, ландшафтылық тұрғысынан, сондай-ақ, пайдалы қасиеттері негізінде топтастырылған. Бақтағы аса бағалы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің жиынтығы еліміздің ұлттық байлығы болып саналады.Еліміздің және дүние жүзінің өсімдік әлемінің аса бай қазына-қоры осында сақталып келеді
Ертеден қазірге дейін өз құндылығын жоғалтпаған әдемі бақтың бүгінгі жаңарған бейнесін, тыңдаушылар аса қызығушылықпен , ұзақ жүріп аралап тамашалады, бақтан рахат алып, бой сергітті.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары
Г.Жұмаділ, С.А.Нусупбаева, М.Е.Ерполатқызы, А.М.Какенова