Саралап оқыту–жаңа технологиясының тиімділігі болып табылады
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялык маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі дәстүрлі әдістердін озык заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзінен түсінікті. Бүгінгі уакыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Окушылардын білімін арттыру, пәнге кызыктыру үшін окытуда, жалпы алғанда ең бірінші окушылардын неге кызығатынын аныктап алып, содан соң содан бастау керек», – дейді. Матема¬тика пәнін окыту барысында оқулықгағы материалды қүрғак баяндаудан гөрі кызықты, бейнелі түрде түсіндіруге окушылардын ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.https://farabi.university/Деңгейлік саралап окытуды мен өз сабактарымда өткен такырыптарды жүйелеп бекітуде жиі қолданамын. Оқушыларға үш деңгейдегі жеке тапсырмалар беріледі. Бірінші денгейдегі тапсырмалар – базалық стандарт болып табылады. Оларды орындауда окушы бүл пәннен өткен нақты материалдарды кайталап айтып беру деңгейінде болады. Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.
Екінші денгей тапсырмаларын оқушылардың оқу және ойлау кабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді. Үшінші ден¬гей тапсырмалары оқушылардың алған білімдерін ойлап, талғап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншіге өту жүйесінін шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс.
Деңгейлік саралап окыту технологиясы кәдімгі катардағы мектептегі әрбір оқушы артыкшылыктарын есепке алатын «жеке тұлғаны жетілдіру» мектебіне айналуына себебін тигізеді, мұндай мектепте балалар окуға талпынатын, пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатардағы оку орнына айналады.
Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау кабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды калыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін – өзі жаксы корғай алады.
Окушылармен жеке жұмыс істеумен оларды екі екіден топтастырып, бір тапсырма беремін. Мұндайда бір оқушы(жаксы окитыны) жетекші болып тағайындалады да, олар есепті талкылап, шығару жолын карастырып, шығарған есептерін бірлесіп корғайды. Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса, дұрыс жауап бермесе, екіншісінін де бағасы төменделеді. Мұндай тапсырмалар оқушыларды жеке касиетгерін есепке алуды талап етеді, оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Осы деңгейлік сара тапсырмалардың, тестік сынак жұмыстарының тиімділігін айта кетейін.
Жеке тапсырмалардың әр түрлі болуы жеке тұлга- ның өзін – өзі дамытуга, оны әдебиеттерден ізденіп оқуга және өз бетімен білім алуга дагдыландырады;
тапсырмалардың деңгейлік болып берілуі оқушылардың қызыгуиіылықты өз бетімен орындауга даг- дыландырады;
деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарап багалау жеңіл болады;
деңгейлік жеке тапсырмалар жеке тулганың өзіндік қалыптастырып, дамытып, оны ақпараттық қогамдық өмірге дашндауда үлкен рөл атқарады.
Тестік тапсырмалардың тиімділігі:
оқу процесіне барлық оқушылар түгел тартьыады;
тексеруге оқу материалдардан толық қамтуды қам- тамасыз етеді;
аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауга мүмкіндік береді;
оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін даму- ды, жылдамдыққа, тапқырлыққа дагдыландырады;
оқушылардың пәнге қызығуиіылыгын, ынтасьін арт- тырады;
оқушылардың жауаптарды салыстьірып, дүрыс жауабын таңдай білуге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дагдыландырады;
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады. Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады1-деңгей: міндетті, оқушылық;2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4-денгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.
1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.
2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.
3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).2) Олимпиада есептерін шығару.3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат,ғылыми жобалар қорғау үшін де өте пайдалы тәсіл.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлік оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” (1-кестеге) + белгісін оқушылардың өздеріне дайындатып қойғызтуға болады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
оқытушылары:
Буланова С.Т. Бегалиева А.К,