Гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу бойынша 16 күндік жорық басталды
Аталмыш жорық жыл сайын 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл жорық бүкіл әлемде 1991 жылы басталды. Бірақ біздің ел үшін Зорлық-зомбылыққа қарсы Ұлттық орталық 1997 жылы бастама көтеріп, ұйымдастырып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қоры, мемлекеттік мекемелер, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері, даму бойынша серіктестер және азаматтық қоғам ұйымдары Моңғолиядағы гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірлесіп жұмыс істеу бастамасына қосылды.
2024 жылы бүкіл әлем «Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» деген ұранды көтерді. Моңғолияда «Қыздар мен әйелдер барлық жерде қауіпсіз болу керек. Сылтаумен санаспаңдар» деген атаумен акция ұйымдастырып жатыр.
Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық адам құқықтарының ең кең таралған және ауыр бұзушылықтарының бірі болып табылады.
2024 жылдың 11 айындағы жағдай бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты арыз-шағымдар 19,1%-ға, құқық бұзушылықтар 36,2%-ға, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қамауға алынғандар саны 33,3%-ға өсті.
2024 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленушілерге бір терезе қызмет көрсету орталығына денсаулығына, балаларын қорғауға, әлеуметтік және психологиялық көмекке мұқтаж 96 адамды жолдады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысының жауапкершілігі аса жоғары. Мәселен, «Тұрмыстық құқық бұзушылықтар туралы» заңның 5-бабының 4-бөлімінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам 7-30 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылып, жалпыға міндетті оқуға жіберіледі деп көрсетілген. Айыппұл төлеп, оңай құтылатын бұрынғы кез жоқ. Басқаша айтқанда, қамауға алынатындықтан бұл өте ауыр жаза болып саналады. Сонымен қатар тұрмыстық құқық бұзған адам мемлекеттік қызметкер болса оған да жұмыс беруші тарапынан шаралар жүктетіледі.
Еліміздің қылмыстық кодексінің 11-бабының 7-тармағына сәйкес, алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге жол жүру құқығын шектеу немесе алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы жүктетіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз қоғам құру үшін әр адам ат салысуы қажет. Кез келген зорлық-зомбылық әрекетін ақтап алу ешқашан мүмкін емес. Осындай қылмыс-қайшылықтар жасаған адамдар «Жақсы көргендіктен ұрдық, жақсы көргендіктен қызғандық» деген тәрізді жауаптар айтады. Шындығында сүйіспеншілікке байланысты күдіктену немесе ұру туралы әңгіме ешқашан болмауы керек. Махаббат бар жерде сыйластық болу керек.
Бұл жорықтың маңызы ерекше. Әр отбасы сөйлесіп, түсінісіп, бала тәрбиесіне отбасы татулығына мән беру керек.
Сөзімізді түйіндей келе бір әйел болса да өмірі тыныш бақытты болса екен, бір жәбірлеуші болса да мінезін өзгертіп, зорлық-зомбылығынан бас тартса екен, ал, келесі біреу осындай қайшылықтарды естіген бойда полицияға хабар берсе екен. Өйткені әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалады.
Полиция басқармасының отбасы зорлық-зомбылығынан алдын-ала сақтану ісін жауаптанған маман, полиция майоры Арнагүл Манахметқызы