Қазақ еліндегі іргелі университет – ҚАЗҰУ
Білім ордасында тәрбиелік шаралардың рөлі
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 33 жыл.
Кемелді болашақ кепілі білім болып табылады. Елімізде білім беру саласы алға жылдам ұмтылып, қарқынды дамып келеді. Білім беруде, ғылымға баулуда және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше. Әсіресе, шетелдік студент жастарға жоғары оқу орны туған үйінен кейінгі екінші үйі, ал өздері оқитын факультеттегі топтары олар үшін үлкен және тату – тәтті отбасы болып табылады.
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдік студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Әр жыл сайын факультеттің студенттері университеттің үлкен іс-шараларында өздерінің білімдерін көрсетіп, өнерлерімен қуантады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты таму мақсаттары», «Бір тұтас тәрбие», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», жобалары табысты жүзеге асуда. Бұл жобалар – жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады. Осы аталған жобалар аясында университеттің факультеттерінде бірнеше ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар ашық тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп отырады. Бұл жобаларды жүзеге асырудағы факультеттің мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік студенттерге кеңінен таныстыру.
Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу секілді жобалар аясында түрлі іс-шараларды жүзеге асыруда университет факультеттеріндегі клубтар мен орталықтар белсенді жұмыс істейді.
Өткізілген ғылыми-танымдық шаралар шетелдік студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосып отырады.
Факультетте өткізілетін іс – шара, мереке, кештерде студенттер өздерінің алған білімдерімен, өнерлерімен таныстырады. Іс-шаралар барысында өлеңдер оқылып, әндер орындалады, дәстүрлі көріністер көрсетіледі.
Студенттер танымдық – мәдени іс – шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс – шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Амирканов М.Б., Габитова В.А.,
Әуелханқызы М., Исмайлова М.Е.
Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі!
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының басты міндеті – шетелден келген қандастарымызды ҚР ЖОО – ға түсуге дайындау. Дайындық сапалы жүру үшін уақытылы сынау тестерін тапсыру жүйелі жолға қойылған. Байқау тестілері арқылы тыңдаушылар білімдері сараланып, қателіктермен уақытылы жұмыс жүргізу арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізу көзделген.
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне жыл сайын, жоғары білім алу мақсатында, арман жетегінде келген қандастар мен шетелдік тыңдаушылардың саны артуда. Олардың көбі, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Түркия, Иран, Ауғанстан тағы басқа мемлекеттерден келіп білім алуда. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы, шетелде тарыдай шашылған қандастарымызды елге оралту мақсатында бұл саясат жоспарлы түрде жүзеге асып отыр. Осы бағдарлама аясында толассыз келіп жатқан шетелдік қандастарымызды жаңа ортаға бейімдеуде, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының қолданбалық мәні зор. Осы орайда, оқытушылар қауымының ең бірінші алдына қойған мақсаты ұлтымыздың төл тарихын, мәдениеті мен әдебиетін терең оқытып, теориялық алған білімдері негізінде ҰБТ-да жоғарғы балл көрсеткішін алуға күш салады. Атамекенге үлкен арманмен келген жастар, ҰБТ-да барлық пәндерден дайындалып, өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша шекті балл жинап оқуға түседі. Оған, жыл сайын Қазақстанның жоғарғы оқу орнына түскен тыңдаушыларымыз дәлел. Тәжірибе барысында байқағанымыз, шетелден келген қандастарға ең қиын түсетін пән-Қазақстан тарихы. Өйткені, бұл пәнді олар тек Қазақстанға келгеннен кейін ғана, оқып таныса бастайды. Сондықтан, Қазақстан тарихы пәні бойынша тыңдаушыларды жан-жақты дайындаймыз. ҰБТ-да жоғары балл жинау үшін, әр тақырыпты тереңінен меңгерту мақсатында түрлі әдістер, слайд, лекция, тақырыптық, мәтіндік тест тапсырмаларымен дайындық жүргізіледі.
Осы орайда тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ- 4)іске асыру мақсатында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары алға қояр талабы жоғары. ҰБТ-ға дайындық қарқынды жүрiп жатыр. Тыңдаушылардан универ жүйесінде онлайн тест айына 2 рет, тест орталығына барып офлайн тест 2 рет алынады. Мақсатымыз айқын, алдағы уақытта тындаушылар ҰБТ сынағынан сүрінбей өтiп, жоғары оку орындарына түсу. Сол нәтижеге қол жеткізу мақсатында, кафедрада білім алып жатқан тыңдаушылардан 2 ай ішінде алған білімдерінің нәтижесін анықтау үшін кафедраның ұйымдастыруымен тыңдаушылар тест орталығына барып сынама сынақ тапсыруды дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ білім сапасын көтеруде іс-шараларға белсене атсалысады соның бірі ұлттық тест орталығы ұйымдастырған «Білім және мансап» көрмесіне барды. Тыңдаушылар көрме барысында тегін байқау сынағын (жаңа нұсқа) тапсырып, ҰБТ туралы ақпаратпен танысысып, мамандықты дұрыс таңдаудағы шешімдерін және ҰБТға дайындықтары пысықтап қайтты.
Білім ордасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Габитова В.А., Сағнайқызы С.,
Амирканов М.Б., Жұмаділ Г.
Шетелдік қазақ жастары білімге – үлкен өмірге деген қадамын бізден бастайды
Қысы-жазы ақ көрпе жамылған асқаралы шыңдары аспанменен астасқан заңғар Алатаудың баурайында орналасқан ҚазҰУ қалашығы талай жастың студенттік өмірінің қызықты құпиялы сырын бойына бүгіп жатқандай көрінеді. Осы романтикаға толы ҚазҰУ-да біздің шетелден қандас бауырларымыз, қазақ жастары да, білім алуға ынтық. Шетелден келген қазақ жастары білім жолындағы алғашқы қадамын әуелі ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің дайындық курсында оқудан бастайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіhttps://farabi.university/ жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында қазақстандық жоғары оқу орнына түсу үшін Болон үдерісі бойынша оқитын шетел азаматтары және ҰБТ сынағына дайындалуға келген шетелдік қазақ жастарымен қатар отандық жастар да ақылы бөлімде де білім алады. Кафедраның ұстаздар ұжымы дайындық курсының тыңдаушы жастарына сапалы біліммен саналы тәрбие беру жұмыстарын ұштастыра жүргізеді. Бізде білім алу үдерісі 9 айдың ауқымында, қысқа ғана мерзімде болса да, тыңдаушылардың уақыты қызықты өтеді: олар кафедра, факультет, университет деңгейінде өтетін әртүрлі іс-шараларға белсене қатысады. Республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған спорттық, пәндік олимпиадаларға, өнер және шығармашылық байқауларға сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып жатады.
Кафедрада «Атамекенге қош келдіңіз!», «Атамекен– алтын бесік», «Тәуелсіздік – тұғырым», «Әлемге ортақ мереке», «Армысың, әз Наурыз!» секілді т.б. ұлттық мерекелер мен халықаралық мейрамдарға, атаулы күндерге орай дәстүрлі салтанатты шаралар, концерттік бағдарламалар өткізіледі. Еліміздің Түркістан, Тараз секілді тарихи тағылымды қалаларына және табиғаттың тамаша сыйы, інжі-маржандарымыз: Шарын шатқалы, Есік кқлі, Түрген сарқырамасы, Медеу мұзайдынына, Көктөбеге, Шымбұлаққа, Қайыңды көлге және тағы да басқа кһрнекті жерлерге саяхаттайды.
Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі саяси-қоғамдық тынысына, мәдениетіне, салт-дәстүріне бейімдеу және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, оларды құрметтеуге баулу мақсатына арналған әлеуметтік-тәрбиелік маңызы зор іс-шаралармен қатар тыңдаушыларды ғылым-білім жолына жетелейтін ғылыми семинарлар, вевинарлар, жас ғалымдар конференциясы ұйымдастырылады.
Ағымдағы оқу жылы шетелдік жастар үшін еліміздің әсем қаласы Алматыны таныстыруға арналған мәдени-танымдық саяхат сабағы мен кеңпейіл қазақ халқының қонақжайлылығы мен қайырымдылығын, ұлттық мәдениетін, өркениетті өмір тынысын тереңірек таныстыру мақсатында, Республика күнінің құрметіне орай «Атамекенге қош келдіңіз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. іс-шараны факультет , кафедра басшылығының жетекшілігімен ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлері өткізеді.
Олардың жаңа таныстығы, жаңа достармен кездесуі, білім қуған ізденіс пен романтикаға толы қызықты да жарқын студенттік өмірлерінің алғашқы қадамы осылайша біздің кафедраның қыз-қыз қайнаған өнегелі өмірінен, тағылымды тәлімінен, ұлағатты ілімінен басталады.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Наралиева Р.Т., Уралбекова Ұ.М.,
Габитова В.А., Амирканов М.Б.
Шәкірттердің жетістіктері – ұстаздардың табысты еңбегінің жемісі
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, жаңа заманның күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі – әлемнің білім-еңбек кеңістігінде бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру болып табылады. Жаһандану жағдайында үнемі өзгермелі қоғам үздіксіз дамып отырған жағдайда біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА оқу-ағарту саласы жаңа талаптарға сай бейімделіп, білім сапасын саналы тәрбиеге ұштастыру жүргізу ісі басты назарда тұрады. Кафедра ұжымы шетел тыңдаушыларына сабағын жақсы оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысуына, еліміздің қазіргі таңдағы қоғамдық-мәдени тұрмысына бейімделуіне қатысты іс-шараларды жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілікпен жүргізеді. Сабақ үдерісін қызықты, тартымды өткізумен қатар, тыңдаушылардың білім деңгейін және олардың қайсысының қандай қабілеті барлығын, кімнің оқуда алғыр, озат тыңдаушы, өнерпаз екендігін анықтауда түрлі сайыстарға қатыстырып отырады. Кафедрамыздың жетістігі 8-9 ай бойы білім нәрімен сусындатқан шәкірттерінің жоғары нәтиже көрсетіп БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ұтып алуы. Биылғы жылы да шәкірттеріміз жақсы көрсеткіштерге ие болып өз қалаған мамандықтарына жоғары оқу орындарына түсіп студент атанып жатыр. Шәкірттеріміз үшін қуаныштымыз! Жастарымызға тек сәттілік тілей отырып, мықты маман иесі атанып, бәсекеге түсе алатын азаматтар қатарынан көрінсін деп тілейміз!
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары:
Турсынбек Ә.А., Дауытова Ж.К., Уралбекова Ұ.М., Аманкелді Н.,
Ғасыр адамы – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Қазақстанның қарқынды дамуына өз үлесін қосқан қазақтың зиялы азаматтары өте көп. Солардың бірі, тарихта өзінің өшпес ізін қалдырған 1960-1962 жылдары, 1964-1986 жылдар аралығында Қазақстанды басқарған, қазіргі уақыттағы көп жастарға үлгі болатын тұлға – Д.А.Қонаев.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында https://farabi.university/Д.А. Қонаевтың 12 қаңтар туған күніне орай С.Әшімбаев атындағы “Парасат” клубының ұйымдастыруымен «Ғасыр адамы – Д.А.Қонаев» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде “Парасат” клубының мүшелеріне1912 жылы Алматы қаласында дүниеге келген аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО және шетел ордендері мен медальдарының иегері-Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірбаяны таныстырылды. Сонымен қатар Д.А.Қонаев ел басқарған жылдары 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Бір Алматының өзінде “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық” қонақ үйлері, Ұлттық кітапхана, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты, Медеу спорт кешені, Республика сарайы, Спорт және Мәдениет сарайы, авто және аэро, теміржол вокзалдары салынды. Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Бүкіл одақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70% -нан астамын, мырыштың 40-нан астамы қазақ жерінде өндірілді. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды. Осындай Д.А.Қонаевтың сіңірген еңбектерімен таныстырғанда клубтың мүшелері таңқалыстарын жасыра алмады. Дөңгелек үстелдің соңында Ұлы тұлғаның2002 жылы қаңтар айында ашылған мұражайы, 2012 жылы 12 қаңтарында ашылған Д.А.Қонаевтың мемориалдық пәтер – мұражайымен таныстырылып, ол жерде сақталған әр мемлекет басшылары, атақты тұлғалар сыйлаған сыйлықтар, 7000 мыңға жуық кітаптары, жұбайы Зуһраның ыдыстары, 400 жуық оттықтар, қарулар тарихына қысқаша тоқталып өттік.
Қорыта келе, біздің кез-келген іс-шараны өткізудегі түпкі мақсатымыз ұлтжанды, елім дейтін азаматтарды тәрбиелеу. Оларды тәрбиелеуде Қ.А.Қонаев сияқты тұлғаның жүріп өткен жолы, еліне сіңірген еңбегі, сүйген жарына деген махаббаты, қарапайымдылығы үлгі боларлықтай.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Сағнайқызы С.
Турсынбек Ә.А., Амангелді Н, Нусупбаева С.А.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың
100 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде тойланды.
Ғылыми жиынға Жапония, Ресей, Якутия, Башқұртстан, Түркия және басқа да шетелдік ғалымдар мен ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамы және білім алушы жастар қатысты.
Жиында сөз алған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://farabi.university/Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алтай Қазмағамбетов: «Рәбиға Сыздық – өзінің саналы ғұмырын төл тілімізді тереңінен зерттеп, оның орфографиясы мен орфоэпиясына көптеген кітап арнаған ұлы тұлға. Қазақ тіл ғылымының көрнекті өкілі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Рәбиға Сыздықтың қазақ әдеби тілінің дамуына қосқан үлесі бүгінде ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала береді», – деді проректор.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, профессор Махметғали Сарыбеков: «Түркітанушы ғалымның еңбектерінде рухани, ұлттық құндылықтар маңызды орын алады. Оған дәлел ретінде академиктің А.Байтұрсыновтың шығармашылылық мұрасына арналған алғашқы еңбегін ерекше атауға болады. Сол тұста зиялы қауым санасында кеңестік заманның үрейі басым тұрған тұста Алаш зиялысының шығармашылығын зерттеу ерлікпен пара-пар», – деді ректор.
Академик жазушы Мұхтар Әуезовтен бата алған ғалым Рәбиға Сыздық қазақ әдеби тілінің тарихы, қазақ тіліне қатысы бар ортағасырлық жазба ескерткіштердің тілі, тарихи лексикология, лингвистикалық стилистика, мәтінтану, психолингвистика, тіл мәдениеті, тілдік нормалардың қалыптануы және басқа да салалар бойынша ғылыми еңбектердің авторы. Қазақ әдеби тілінің тарихына ерекше мән берген ғалым XV-XIХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың тілін, қазақ тіліне қатысты ортағасырлық жазба ескерткіштердің тілін зерттеп, «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Ауызша дамыған қазақ әдеби тілі» сынды монографиялар жариялаған.
Рәбиға Сыздық – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор, түркітанушы ғалым, «Turk dil korumi» қоғамының корреспондент-мүшесі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің лауреаты.
Академик Р.Сыздықтың қазақ әдеби тілінің тарихын дендей зерттеп, Қадырғали би Қосымұлының «Жамиат тауарих» атты шежіресінің тілін жан-жақты талдады. Шежірені алғаш рет бүгінгі графикаға түсіріп, орыс тілінде «Язык Жамигат тауарих» атты монография жариялады. Ғалым бұл еңбегін толықтыра отырып, М.Қойгелдиевпен бірге студенттер мен аспиранттарға арналған «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалары жинағы» атты оқу құралын жариялады. 1992 жылы бұл кітапты тарихи, тілдік деректермен толықтырып, пайдалануына лайықтап, тарихшы ғалым қазақ тілінде. Р.Сыздық бұл саладағы ізденістерін әрі қарай жалғастырып, Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» атты шығармасының тілін зерттеді, нәтижесінде 2004 жылы «Ясауи Хикметтерінің тілі» атты көлемді ғылыми монография жарық көрді.
Р.Сыздықтың қазақ тілінің нормаларын қалыптандыруға (кодификациялауға) арналған еңбектер де жазды. Баспадағы көп жылдық тәжірибесінің негізінде ғалым «Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш», «Емле және тыныс белгілері», «Қазақ тілінің анықтағышы», «Сөз сазы», т.б. еңбектерін жариялады. Рәбиға Сыздықтың біртілді, екітілді сөздік құрастырудағы, редакторлық етудегі еңбегі – өз алдына жеке сөз етуге болатын арнайы тақырып. Ғалымның редакторлық етуімен он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986), «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» (1966), «Қазақша-орысша сөздік», т.с.с. басылып шықты. Р.Сыздық «Сөз құдіреті», «Абайдың сөз өрнегі» атты монографиялары арқылы қазақ тіл білімінде «Лингвистикалық стилистика» деп аталатын жаңа саланың негізін қалыптастырды.
Р.Сыздық тұлғатану саласының іргесі бекуіне де көп үлес қосты. А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов сынды қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалымдардың еңбектерін жинақтап, алғашқы боп зерттеді. Ғалымның редакторлығымен А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, т.с.с. зиялылардың жинақтары жарық көрді.
Ғалымдық пен ұстаздықты шебер ұштастыра білген Рәбиға Сыздық өзіміздің Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Қазіргі қазақ тілінің даму принциптері мен үрдістері», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Абай тілі», «Сөз мәдениеті» т.с.с. курстары бойынша дәріс оқыды.
Ғылыми жиында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Кәрімбек Құрманәлиев, Нигде Өмер Халисдемир университетi гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Қазіргі түрік диалектілері мен әдебиеттері кафедрасының доценті, доктор Эсра Явуз Аджар және басқа да ғалымдар ғибратты ғалым жайлы баяндама жасап, қазіргі қазақ әдеби тілінің тарихы, қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар мен түркітану мәселелерін жан-жақты талқылады. Ғалым еңбектері «Қазақ университеті» баспасынан толықтырылып басылып шығып, тұсауы кесілді.
Осындай ғалымның 100 жылдығына арналған конференция академик Рабиға Сыздықтың ғылымдағы орнын көрсетумен қатар ана тіліміздің әсемдік дүниесімен таныстырған, тілді қатынас құралы ғана емес, тәрбие құралы, ұлттық сананы, ұлттық психологияны қалыптастыратын құрал ретінде танытқан жиын болды. Ана тілін қастерлейтін, тіл тазалағын сақтайтын жастарымыз көбейсін.Сөз соңын Қасым Аманжоловтың Рәбиға апайымызға арнаған өлеңімен аяқтағым келеді:
Тіліңіз тәтті, ойыңыз қандай!
Тыңдадым, ұқтым жан күйіңізді.
Болар ем күнде бір жасарғандай,
Көп туса қазақ дәл сіздей қызды!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
аға оқытушылары
Игілікова С.И., Жүзбаева А.С., Сәрсенбай Ж.А., Мужигова Г.
Әлем таныған білім ордасы
90жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіhttps://farabi.university/әлем университеттерінің халықаралық рейтингісі бойынша ТОП-200 жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Биыл қара шаңырақ 230-ыншы орыннан 163-орынға табан тіреді. Болашақта ғылыми әлеуеті жоғары оқу орны мұнымен тоқтап қалмақ емес. Өйткені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – көптеген ғылымға қанат қаққан студенттерге, білімін әрі қарай шыңдайтын магистранттарға, ғылым саласын дамытатын докторанттарға аса зор мүмкіндіктер ашатын көрнекті оқу ордасы.
Университетте әр факультеттің өз саласының нағыз ғалымдары мен заманға сай шетелден білімін жетілдірген мамандар қызмет атқарады. Оқу ордасы ғылымды жоғары деңгейде дамыту үшін докторантура бағдарламасы бойынша студенттер санын арттыруда. Сондықтан жан-жақты академиялық бағдарламалар ұсынады.
Оқу ордасына арман арқалап келген әр студенттің бетін қақпай, белін буатын еліміздегі беделді университеттің беретін мүмкіндіктері өте көп. Сондай-ақ университет ең үлкен және ең бай кітапхананың бірін иемденеді. Кітап қоры өте бай, барлық ақпарат қолжетімді. Университет жанынан жұмыс істейтін «Қазақ университеті» баспа үйі де студенттерді оқулықпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етуге атсалысады.
Аталмыш университеттің докторанты ретінде айтарымыз, оқу ордасы үлкен ғылым жолындағы қадамдарыңа көмек беріп, демеп, қолдап, айқын бағдар беріп отырады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
1-курс докторанты Сәбит Керімше Сәбитқызы
PhD, доцент м.а. Утемгалиева Насихат Адайхановна
Ф.ғ.д., профессор Авакова Раушан Амирдинқызы
КИЕЛІ ҚАРА ШАҢЫРАҚ
Қазақстан Республикасының басты жоғары оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://farabi.university/ғылым докторларын сапалы оқытатын бірден-бір оқу ордасы десек артық айтқандық емес. Мұның дәлелі университетке жыл сайын бірнеше жүздеген докторанттар қабылданады және академиялық білім беру бағдарламасы бойынша жан-жақты білім алады. Сондай-ақ киелі қара шаңырақ астында ғылыми-зерттеу бағытында маңызы бар, ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы орайда, халықаралық ғылыми институттар мен орталықтармен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мәселесі қарқынды дамып жатқанын ескерген жөн. Докторанттар тәжірибе алмасу мақсатында шетелдерге баруға, оқуға мүмкіндіктер алды. ҚазҰУ қабырғасында жаңа жүйедегі ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, бүгінгі талапқа сай жабдықталған ғылыми зертханалар жұмысы іске қосылған.
Сонымен қатар университет жастарының білім алу барысында тек отандық ғалымдарымыздың дәрістерін тыңдатумен ғана шектелмей, шетелдің беделі жоғары, танымал ғалымдарын арнайы дәріс оқытуға шақырып, жиі тәжірибе алмастыруға ден қойып отыр. ҚазҰУ тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты дамыту және докторанттар ұтқырлығын дамытып, екі жақты алмасып оқытуда, сонымен бірге заманауи халықаралық білім бағдарламалары бойынша әлемнің ең ірі 400-ден аса университетімен әріптестік орнатқан.
Бұл жоғары оқу орнының білім мен ғылым дамуына қосып отырған үлесін беделді халықаралық ұйымдар да атап көрсетуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS топ-университеттер рейтингісінде әлемдік 200 топ университет арасында 163-орынды иеленді. Бұл сатыны бағындыруы бізді одан әрі жігерлендіріп, қанаттандырады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылым, білім беру мен инновацияның орталығы ретінде жаңа технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді алдағы уақытта да жоғары деңгейде енгізіп, қалыптасқан Қазақстан Республикасының дамуына айтарлықтай өзіндік үлес қосып, ең үздік, әлемдік деңгейдегі университеттер қатарынан орын алатыны анық.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
1-курс докторанттары Г.М. Мужигова, К.С. Сәбит,
PhD, доцент м.а. Н.А.Утемгалиева,
Ф.ғ.д., профессор Р.А.Авакова
Халықаралық ақпараттық технологиялар
университеті- заманауи оқу орны
Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) – Қазақстанда және одан тыс жерлерде ақпараттық технологиялар мен инженерия саласында көшбасшы орын алатын заманауи оқу орны. Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында құрылған университет сапалы білім алуға ұмтылатын студенттер үшін маңызды орталыққа айналды. ХАТУ оқыту бағдарламаларына бағдарламалау, компьютерлік графика, ақпараттық қауіпсіздік, мәліметтер базасы, жасанды интеллект, халықаралық журналистика, цифрлық журналистика және т.б. салалар кіреді. Университет сонымен қатар ақпараттық технологиялар саласындағы білімі мен дағдыларын арттырғысы келетін мамандарға арналған әртүрлі курстар мен сертификаттау бағдарламаларын ұсынады.Оқу процесі студенттерге теориялық білімді игеріп қана қоймай, оларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін Жобалық іс-шараларды, тағылымдамаларды және практикалық сабақтарды қоса алғанда, оқытудың заманауи әдістеріне негізделген.
Университет технологиялар саласындағы жетекші компаниялармен және ұйымдармен белсенді ынтымақтасады, бұл студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие өзекті білім мен дағдыларға қол жеткізуді қамтамасызетеді. ХАТУ сонымен қатар студенттерге көкжиектерін кеңейтуге және шетелде оқу тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін халықаралық жобалар мен алмасу бағдарламаларына қатысады. ХАТУ серіктестері АҚШ, Германия, Польша, Ресей, Франция, Швейцария, Корея, Малайзия, Қытай және т. б. халықаралық жоғары оқу орындары мен ғылыми-білім беру ұйымдары болып табылады.
Бұл студенттерге халықаралық деңгейде бірегей оқу және білім алмасу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Университет сонымен қатар әртүрлі елдердің студенттері мен оқытушылары арасында мәдени дәстүрлер мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін түрлі мәдени іс-шаралар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырады. Мұндай бастамалар қазіргі жаһанданған әлемде маңызды аспект болып табылатын өзара түсіністік пен құрмет атмосферасын құруға көмектеседі. ХАТУ өзінің стратегиясы аясында студенттерді халықаралық білім беру кеңістігіне сәтті біріктірудің негізгі элементі болып табылатын шет тілдерін үйренуге баса назар аударады. Студенттер тек ағылшын тілін ғана емес, сонымен қатар басқа тілдерді де үйренуге мүмкіндік алады, бұл оларға шетелде оқуға және жұмыс істеуге қосымша мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, ХАТУ ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізілетін инновациялар орталығы болып табылады. Студенттер мен оқытушылар стартаптар мен конкурстарға белсенді қатысады, бұл кәсіпкерлік дағдылар мен креативті ойлауды дамытуға ықпал етеді. Осылайша, Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті қарқынды дамып келе жатқан технологиялар әлемінде табысты жұмыс істей алатын мамандарды даярлайтын серпінді және прогрессивті оқу орны болып табылады.https://iitu.edu.kz/kk/articles/ob-universitete-kk/o-muit-kk/
Танабаева Анар Сәдуақасқызы, ХАТУассистент профессоры,
Абдыкаимова Назкен Тлеубекқызы, ХАТУ аға оқытушысы,
Медиа коммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасы.
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР – МӘДЕНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ АЛТЫН БЕСІГІНЕ айналған мұражайды тамашалады
Әл-Фарабиатындағыhttps://farabi.university/ҚазҰУ-дың, Жоғарыоқуорнынадейінгібілімберуфакультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Өлкетану» үйірмесініңұйымдастыруымен ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР – МӘДЕНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ айналған ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ атындағыХалықмузыкалықаспаптармұражайынамәденисеруенжасалып,сиреккездесетінқазақхалқыныңмузыкалықаспаптүрлері – желбуаз, адырна, шертер, кеңінентараған – домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, соныменқатар, түркіхалықтарының – уд, тар, дутар, гиджак, сатар, әлемхалықтарының – саранги, пандури, мандолина, эрху, бандурат.б. аспаптарыментанысып, тамашалады.
Қазақ халқының ұлттық мұрасы болып табылатын Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптар мен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 34 елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1000-нан астам экспонат бар. 7 экспозициялық зал жұмыс жасайды. Олар: Халық музыкасының бастауы залы, үрмелі, соқпалы-шулы аспаптар залы, шеберлер залы, мемориалдық қобыз залы, домбыра және қобыз залы, түркі халықтарының музыкалық мұрасы залы, әлем халықтарының аспаптары залы. Музейде экспонаттарды сақтау, насихаттау және музыкалық мұраны дәріптеу, сондай-ақ музей коллекцияларын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми бөлім мен қор сақтау бөлімдері, көрме залы, мәжіліс залы жұмыс жасайды.
Ерекше айта кететін жәйт, музей коллекцияларының ішіндегі ең көне және тарихи маңызы бар аспаптардың бірі – қобыздар, аңыздай құнды әрі оның тарихы да өте қызық. Олардың қатарында XVI ғасырда жасалған Жарас бақсының нарқобызы, XIX-XX ғасырларда қолданыста болған Зердегүл бақсының қылқобызы, бақсы Мекенбай Қойбағарұлының, Исабек бақсының қылқобыздары бар.
Өлкетанудың тарихы осындай жәдігерлерге толы екен көрген тыңдаушыларда қуанышты күйде. Атамекенге келген қандастар осындай мәдени-тарихи іс-шаранын болып жатқанына ризашылықтарын білдіруде.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Адилханова Ж.С., Ибраимова Ж.Т.,
Турсынбек Ә.А., Уралбекова Ұ.М.
Шетелдік студенттерді көркімен тамсандырған «КӨКТӨБЕ»
Көктөбе – Іле Алатауының бөктерінде орналасқан көз тартарлық сұлу жер. Алматы қаласының әсем жерлерін сипаттағанда бірінші болып Көктөбе көзге түседі. Тау сілемдерінің биік шоқысы Көктөбенің әр бұрышы тарихтан сыр шертеді. Әлемдік рекордтардан көш бастап тұрған Алматы – әсем қаламыздың көркіне көрік беріп тұрған Көктөбенің сұлу келбетінің өзі бір төбе. Осындай көркем табиғатымен тәнге қуат беретін тұнық ауасын шетелден Моңғолия, ҚХР, Өзбекстан, Түркия, Иран, Ауғанстан, Сауд-Арабиясы тағы басқа мемлекеттерден келген қандастарымызға жер жәннатты Жетісудің табиғатын көрсетіп, рухани азықпен, табиғат аясындағы демалыс ұйымдастырығмыз келді. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында және табиғатты аялауды насихаттау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орына дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлері шетелдік студенттерге Көктөбенің көркін тамашалауға саяхат ұйымдастырды.
Іле Алатауының бөктерінде орналасқан Көктөбедегі телемұнараның өзі әлемдегі ең биік деп саналады. Мұнара 10 баллдық жер сілкінісіне де төтеп бере алатындай беріктікпен салынған. Сондай-ақ мұндағы аспалы жол да ел және жаһан жұрты асыға келетін орынға айналған. Бұл аспалы жолдың ұзындығы 1620 метр. Ал, үстінгі және төменгі станциялардың биіктік айырмасы 250 метрді құрайды. Сонымен қатар ағылшындық The Beatles тобына арналған мүсіндер ТМД елдеріндегі екінші ескерткіші. Ал, әлем бойынша Көктөбеде ғана The Beatles тобының құрамы толық жиналған монумент бар.
Шетелдік студенттерді көркімен тамсандырған осы бір Шаһардың бейнесі, алақандағыдай көрінетін Көктөбенің көрік ертегі әлеміндегідей әсер қалдырды.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Уралбекова Ұ.М.,
Турсынбек Ә.А., Сағнайқызы С., Габитова В.А.
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР әр ЖҰМАДА «Bauyrsaq party» іс-шарасынөткізіпжүр
Қазақхалқыныңұлттықкиімі – ұрпақтан-ұрпаққаалмасыпкележатқан, елдіңғасырларбойықалыптасқансезімталдықталғамын, сәндікке, үйлесімбірлігіне, көркемдіккеұмтылғанжасампаздығыменшығармашылығыныңжетістіктерінбойынасіңіргенқұбылыс. Оныңқай-қайсымыздыңболсада, ұлттықмақтанышсезіміміздіоятатыныбелгілі. ҰмытболғанмұраныңсабақтастығынжаңғыртумақсатындаТДМ (4-9) аясында «Ұлттықкиім – ұлтбейнесі» аттыіс-шарасыарқылыәл-ФарабиатындағыҚазҰУ-дыңhttps://farabi.university/ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ қазақтыңұлттықкиімдерінөскелеңұрпақтанұрпаққатарихын өшірмейжалғасынтабудықолғаалып 2023 жылдыңқазанайынанбастапаптаныңәржұмасындаұлттықкиімдердінасихаттауіс-шарасынөткізіпкеледі. Жаңаоқужылындадабұлүдірісфакультеттіңкүнтізбелікіс-шарасыретіндежалғастыруда. Факультеттеұлттықкиімкиюдәстүріжастарарасындамәдениеттісақтап, ұлттыққұндылықтардыдәріптеудіңбіртәсіліретіндеқолданылыпкеледі. Жұмакүнібарлықұстаздарментыңдаушыларұлттықкиімкиіпкелудідәстүргеайналдырды.
Сондай-ақ ұлттық киімдерімізді насихаттаумен бірге ұлтты ұлт ретінде танытар өзінің өміршең салт-дәстүрі, ұлттық жөн-жоралғысы, мәдениеті болады. Солардың бірі-ұлттық ас. Жаңданып отырған үрдіс бүгін заманауи жаңаша атаумен жалғасын тапты. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ оқытушы профессор құрамы және топ кураторлары «Bauyrsaq party» дастарханын жайды. Іс-шараның мақсаты: ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу,айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерін сезіндіру. Сондай-ақ іс-шарада әр елден келген ұлты қазақ жастары қазақтың ұлттық әндерін орындап шараның көркін қыздыра түсті. Осылайша тарихи бай мәдени мұрамызды жастар жадында мәңгі қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етпекпіз.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Ибрагимова М.Н., Нусупбаева С.А.
Ибраимова Ж.Т.,Мужигова Г.М.,