Көз дәрігері Шәмсия “доктор” атанды
Жақсының жақсылығын айт демекші астанамыз Улаанбаатар қаласында табысты жұмыстап жүрген бір әріптесім туралы айта кеткенді жөн көріп отырмын. Ол – көз ауруларының докторы, Улаанбаатар қаласындағы бала және ананың денсаулығын сақтау орталығының балалардың көз дәрігері Шәмсия Мұратқызы.
Шәмсия 1999 жылы Медицина университетін бітіріп, 1991-2001 жылдар аралығында Ана мен бала ғылыми зерттеу орталығында көз дәрігері мамандығы бойынша резидентура бітіріп, алғашқы еңбек жолын бастайды. 2005-2007 жылдары Ресей федерациясының Санкт-Петербург қаласында мамандығын жетілдіреді. Жұмыс бабымен Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттары, Индия, Австралия, Макао қатарлы елдерге барып, тәжірибе алмасып, мамандығын жетілдіруден тыс, медицина саласында білім беру ісіне де ат салысқан. Ол осы 25 жылдық іс-қызметінде балалардың көз жанарының көру қабілетін жақсарту, туадан және жүре пайда болған көз жанарының төмендеу процесін тоқтату, ерте анықтау, көз отасын жасау қатарлы игі істерімен танылып, көптеген халықаралық дәрежедегі сый-марапаттарға ие болған. Мұратқызы Шәмсия өмір бойы ізденісте болған дәрігерлердің бірі. Ол 2010 жылы Оңтүстік Кореяның INHA университетінде 3 айлық оқытуына, 2012 жылы Австралияның Salzburg Weill Cornell Seminar in Ophthalmology, 2014 жылы Жапонияның Токио қаласындағы халықаралық көз дәрігерлерінің форумына, 2015 жылы Америка Құрама Штаттарының мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арнайы оқуытуына, 2016 жылы Біріккен Араб әмірлігінің Hyderabad қаласында көзі көрмейтін адамдарға көз қарашығын алмастыру оқытуына қатысып қайтты. 2016-2017 аралығында бір жыл астам уақыт Біріккен Араб әмірлігінің Hyderabad, Bhubaneswar қалаларында балалардың көз ауруларына қатысты оқытуға, 2018 жылы «Орбис» халықаралық ұйының Strabismus hands-on trainee” оқытуына, 2022 жылы Малайзияның Куала қаласында, 2024 жылы Макао қаласында өткен халықаралық оқытуларға табысты қатысып, еліміздің медицина саласында айтарлықтай үлес қосып, балалардың көзін емдеу, сауықтыру, көру қабілетін жақсарту мақсатында жүрген мамандардың бірі. Шәмсияның осы еңбегін Азия, Тынық мұхиты көз дәрігерлерінің қауымдастығы жоғары бағалап “Outstanding service Prevention of Blindness Award” сыйлығын 2022 жылы табыстаса, еліміз презиндентінің жарлығымен жаңа жыл қарсаңында «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды.
Біздің айтпағымыз Шәмсияны мақтау емес, осындай білікті дәрігерлермен, ана мен баланың денсаулығын сақтау ұлттық орталығымен аймағымыз ауруханасы бірігіп жұмыстаса, шартпен ба қандай бір жолмен аймағымызға әкеліп, балалардың көз жанарын тексертіп, су қараңғылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырса дейміз. Мен өз басым Шәмсия дәрігермен бірігіп жұмыстап келемін. Жылына бір рет аймақ орталығына келіп бірнеше күн балалардың көз жанарын тексеріп, көзілдірік сәйкестіріп береді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Қыр сұмындардағы азаматтар балаларын әкеліп көрсете алмай қалады. Қазір балалар арасында көз жанарының төмендеуі қарқын алып бара жатыр. Телефоннан, теледидардан дейміз бе, анасының денсаулығының нашарлығынан дейміз бе әйтеуір себеп-салдары белгісіз көз ауруларының түрлері де молаюда. Міне осындай көз ауруларын емдеу, ота жасау, қарашығын алмастыру қатарлы күрделі жұмыстардың бәрін Шәмсия дәрігер игеріп отыр. Жуықта Шәмсия Мұратқызы “Баланың көз линзасын шел басу, диагностикалау, емдеу, ота жасау” тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, доктор атанды. Құтты болсын! Халық игілігне жарасын деп жазады клиника профессоры, көздің аға дәрігері Күлиза Алданышқызы.