Қазіргі жас ұрпаққа мамандық тандауда қандай көмек қажет?
Мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата – анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін – өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін – өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда жа ұрпаққа өз ақыл – ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның да көмегі керек екені де сөзсіз.
«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,үлкен арман керек екен адамға» деп ақын жырлағандай, бүгінгі сыныптан тыс кураторлық сағаттарда болашақ өміріміз туралы армандаған мамандықтарын сұрап білуге де болады.
Әрине Дұрыс таңдалған мамандық
- Адамға қуаныш әкеледі
- Қоғам үшін пайдалы
- Нәтиже әкеледі.
Мысалы: Мұғалім- жақсы білім береді,
Дәрігер сапалы ем жасайды, сварщик – сапалы дәнекерлейді, әскери қызметкер – тәртіпті қатаң сақтайды т.б.
- Адамның алға қойған мақсаты, арманы орындалады. Ол адам бақытты деген сөз. Қоғамда адамдар неғұрлым көп бақытты болса, өмір сүру де маңызды, қызықты болады.
Заңғар жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов: «Бәрінен күшті адам – өзіне-өзі сенетін адам» – деген екен. Әрқашан өз сенім мықты тірек болады.
Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар. Бұл – «барлық жақсы қасиеттерді қамтыған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет»– деген сөз екен. Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік, ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық қасиет болуы мүмкін ғой. «Қол мидың жалғасы» деп аталатын тренингтер жүргізуге де болады . Алақан бойынша мамандық саласын анықтайды. (Керекті заттар: әр оқушыға ақ парақ, қалам, сызғыш)Алдымен алдымыздағы ақ парақтарға саусақтарымызды кеңірек ашып, алақан суретін саламыз. Бас бармақ пен шынашақ арасын Сызғышпен қосамыз. Тең ортасын О нүктесімен белгілейміз. Енді әрбір саусаққа 0 нүктесінен түзу сызық жүргіземіз. Әр ұзындықтың неше сантиметр екенін қасына жазып қоямыз.
Жауаптар бойынша:
- Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен 0 нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушы боласыз.
- 0 нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларыан ұзын болса, әскери қызметкер боласыз.
- Ораң қол сызығы ұзын болса, дін адамы немесе саясаткер боласыз.
- Аты жоқ саусақ сызығы үлкен болса, сіз өнерге бейімсіз: суретші, музыкант, дизайнер, архитектор бола аласыз.
- Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз дәрігерлікке, шипагерлікке бейімсіз.
(Жарты ватманға жазу, өз ойларын қорғайды)осы сияқты тындаушылармен педагогикалық тұрғыда ойын немесе тренинг сабактарын да ұйымдастыруға болады екен.
Әлемде 40мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Жалпы, мамандық- профессия деген неміс сөзінен шыққан.
Біздің Әл Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university.kz
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық білім беру факультетінің тындаущылары , бір-бірлерін танып біледі. Солай емес па? Ал өз достарыңның қандай мамандық иесі болуға қабілетті екенін біледі. Жастар осы сауалнамаларға жауап бере алады деген ойдамыз, ағайын.
Амирханов М.Б. Нургалиева Майра,
Смағұл М. Ж. Муртаза А. Ш.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының аға оқытушылары Алматы қаласы