ҚОРШАҒАН ОРТАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕСІ
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық мәселелерінің жайкүйін нақты көрсететін экологиялық қылмыстардың себептерін анықтауды және оны толық талдауды көздейді. Сондықтанда, Қазақстан жаңа экологиялық құқықтық тұжырымдамасын қабылдау керек, ол жалпы экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтармен және экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес мәселелерін шешудің алдын алар еді.
Алайда, Қазақстан Республикасы алғашқы болып экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтармен, оның ішінде экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес мәселесіне көңіл бөлген болатын. Алайда, 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың №409 Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны мәңгі жабылды, бірақ экологиялық қылмыстармен күрес осымен біткен жоқ еді. Ендігі кезекте жаңа жоғары өндірістік экономикалық қуат көздерін тез арадаластауда, сонымен олар Қазақстанның су қауіпсіздігіне зиян келтіруде. Мұндай мәселені шешудің бір бағыты экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстармен күрес мәселелері болып табылады. Бүгінгі күні экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтармен күресу мәселелері өзекті болып отыр.
Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтармен күресу әрбір елдегі тез даму мен өнеркәсіптік экономикалық күштердің көбеюіне байланысты болып отыр. Осыған қатысты материалдық мақсаттарды көздеп, табыс тез табам дегендер экологиялық нормаларды бұзып, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізуде. Дегенменде, қабылданған жасыл даму бағдарламасы осы тұжырымданы қамтыған ал жалпы қағидаттары толық жүзеге асудан қалғандықтан жаңа Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдау керектігі анық. Сондықтанда,экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстармен ары қарай күресу стратегиясына Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» көрсетеді. Онда келесі даму бағыты көзделген: Бірқатар өңірлерде экологиялық қиын жағдай орын алған біздің ел үшін ең өзекті мәселе табиғат қорғау заңнамасын, оның ішінде халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға оны үйлестіру тұрғысында одан әрі жетілдіру мен дамыту болып табылады.
Табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қорғауды құқықтық реттеу тетіктерінің нақты аражігін ажырату керек. Көптеген зерттеушілер атап өткендей, криминалдық жағдай үкімет азаматтарын қылмыстылықпен күресте мадақтау шараларын қолданғаннан кейін төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты «табиғи байлықтарды қорғау, қоршаған ортаны қорғау бойынша қоғамдық белсенділіктің барлық заңды нысандарын мемлекет әртүрлі мадақтауы тиіс, экологиялық бағыттағы мемлекеттік емес бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне өз мүддесіне байланысты кедергі келтіретін лауазымды тұлғалардан қатаң өндіріп алуы тиіс. Сонымен қатар, барлық ұйымдар мен мекемелерде экологиялық ағарту және тәрбиелеу жүйесін құру керек. Ол адамды қоршаған ортаны табиғатты аялауға тәрбиелегенде әсерін тигізеді. Оны ерте бастаған, әсіресе мектепке дейінгі кезеңде, келешекте экологияны бұзу жөнінде шешімдерді қабылдаудың алдын алады. Ол үшін экологиялық ағарту мен тәрбиелеу шараларын ұсынады: -үздіксіз мектепке дейінгі кезеңнен бастап экологиялық білім беру мен тәрбиелеу; – экологиялық білімнің іргелі негізін қалау; оқыту бағдарламалар пакетін дайындау, ғылымиәдістемелік құралдарды, оқу және көрнекі құралдарын дайындау;
Сондықтанда, Республиканың оқу орындарының жоспарларына табиғат қорғау сұрақтарын енгізу керек тағы басқа.Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша оның ішінде экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтармен күресті ғылыми негізде белгілеу және біріңғай саясатты құру үшін ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін белсендендіру мақсатында арнайы жаңа ғылыми ілімнің қалыптасуы – экологиялық криминология қажет. Экологиялық ахуалдың қиындау жағдайында экологиялық заңнаманың нормалары мен талаптарына мемлекеттік мәжбүрлеуді, мемлекеттік экологиялық бақылауды (мониторингті қоса алғанда), экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту керек.
Ол үшін бүгінгі күні Қазақстан Республикасының экологиялық салада жеке және заңды тұлғалардың жауаптылығын көтермелеумен байланысты барлық қажетті ережелерді кешенді реттеу керек. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар санкциясы құқыққа қайшы тәртіптің ниетін, себептері мен жағдайларын есепке алып, жасалған қоғамға қауіпті әрекеттер мен оның зардаптарының дәрежесіне сәйкес келуі керек.Сонымен, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес тиімді болу үшін және оларды алдын алу мақсатында келесі ұсыныстар жасауға болады:
– экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар мен құқықбұзушылықтармен күрес жүргізетін органдардың өзара әрекеттесуін жақсарту;
– экологиялық қауіпсіздік саласындағы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдау;
– экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтармен күресті олар латентті болғанымен тиімді жүзеге асыру үшін экологиялық инспекторлардың штаттық санын ұлғайту;
– экологиялық салада экологиялық талаптар мен нормативтерді сақтау бойынша жеке және заңды тұлғалардың жауаптылығын көтермелеу;
– экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес жүргізетін субъектілердің материалдықтехникалық қамтылуына көңіл бөлу;
Сондықтанда,бүгінгі таңда табиғи ресурстарды тиімді басқару – мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Және экожүйенің биоәртүрлілігіне, ең бастысы халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан елімізде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басым мәселелердің бірі болып қалмақ.
Сулейменова Сауле Жусупбековна
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті,
азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының профессор, заң ғылымдарының докторы.