ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – АСА АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ
Қазіргі уақытта экологиялық тепе теңдік бұзылып, күрделеніп бара жатқандығы бәрімзіге аян. Өндірістен шыққан түтін атмосфераны бұзуда. Шындығында бүгінгі экологияның бұзылуына жол бермес үшін әрине заңның әлі де болса, құқық бұзушылықты болдырмас үшін бізге қатайғаны керек. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат» тұжырымдамасында «Табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қорғауды құқықтық реттеу тетіктерінің нақты аражігін ажырату керек. Табиғатты қорғау заңнамасы табиғатты тиімді пайдалануды және экологиялық нормативтерді сақтауды, экологиялық таза өндірістерді дамыту мен азаматтардың қауіпсіз жүріп-тұруын дамытуды ынталандыруға тиіс» деп атап көрсетілген. Біздің Ата Заңымыздың 31-бабында «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген. Экологиялық құқықтық қағидаттары.
Қағидат – құқықтық – нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің әдістернің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологиялық заңнамалардың мәнді сипатын, экологиялық қатынастардың дамуының объективті заңдылықтарын көрсетеді. Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады:
- Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау жəәне қалпына келтіру;
- Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі жəәне болашақ ұрпақтарының салуатты жəәне қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның əлеуметтік – экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
- Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəәне бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезек – кезеңмен ақы төлеуді енгізу жəне қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
- Биологиялық алуан түрлілікті жəне экологиялық, ғылыми жəәне мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
Сондықтанда, халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады. Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы жəне ерекше деген екі бөлімнен тұрады.
Алайда, экологиялық қауіпсiздiк бағытында мемлекеттiк саясаттың басты мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу болып табылады. Сондай-ақ, өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейтуге назар аудару болып табылады.
Сондықтан болар экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің тұрақты дамуынның міндетті шарттарының бірі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келетіндігі баршамызға мәлім. Соның дәлелі ретінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Каспиді қорғау бағдарламаларын халықаралық деңгейде ынталандыруы, қоршаған ортаны қалпына келтіруде елімізде жастар арасынан «Жасыл ел» ұйымының құрылуы осының дәлелі. Бүгінгі күні Қазақ елінің басқа да халықаралық деңгейде орын алатын қоршаған ортаны залалды әсерлерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақтары болып табылады.
Дегенменде, экологиялық қауіпсіздік мәселесі – бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты – қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады.
Сулейменова Сауле Жусупбековна
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті,
азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының профессор, заң ғылымдарының докторы.