Оқу үдерісінде АТҚ құралдарын қолданудың ұтымды жолдары
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-ағарту саласында жаңа мазмұнды оқу бағдарламалары жасалуына байланысты біздің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздар ұжымы да (толық мәлімет: https://farabi.university сайтында) инновациялық оқыту жүйесін – АТҚ құралдарын пайдалану әдісін оқу үдерісінде белсенді пайдаланады. Сабақтардың құрылымы дәстүрлі түрде ғана емес дидактикалық ойын немесе сайыс сабағы ретінде құру тыңдаушылардың белгілі бір пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, білімін де тереңдете түседі. Осы бағытта пән оқытушылары концентрлі қағида бойынша білім алушыларға қандай ақпарат беретін, сабақтың мазмұны мен құрылымы қалай болатынын жоспарлайды. Қазақстан тілі сабағында тақырыптарға қатысты жаңа сөздерді, тілдік бірліктерді тыңдаушылардың жадында тез сақтату үшін компьютердегі тірек сызбаларды, венн диаграммаларын, эйлер шеберлерін, т.б. қолдану тиімді болады. Сабаққа, тақырыпқа сай қажетті ақпараттарды, мәліметтерді «хэштег» арқылы ғаламтордан, әлеуметтік парақшалардан жылдам таба алады.
Оқу-әдістемелік кешенде оқытудың концентрлі жолымен бірге тура сатылы қағидалары аралас ұсынылған. Тыңдаушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері ескеріліп, материалдар іштей сұрыпталып беріледі. Мысалы, көптілді дәрісханада түркі тілдес білім алушылар мен өзгетілді тіл үйренушілерге арналған тақырыптас лексика-грамматикалық материалдар өзара сұрыпталынып өте жеңіл, жеңіл, жеңілдеу болып бөлінеді. Тіл сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру барысында, сапалы да саналы білім алуы үшін әдетіне сіңіру, дағдыландыру сияқты психологиялық жайттар ескерілуі керек»
Тыңдаушыларға қазақ тілі мен Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық сабақтарын оқыту барысында АТҚ құралын қолдану өте тиімді. Шетелдік тыңдаушыларға сан есім туралы слайд көрсету арқылы мағлұмат бере отырып, тілдің негізгі аспектілері бойынша тренинг жаттығуларды орындату арқылы тілдік дағдыларын дамытылады.
Дайындық бөлімінің тыңдаушыларына қазақ тіліндегі заттар мен құбылыстардың сандық ұғымын қалыптастыру жолында әуелі сан есім туралы бастапқы ұғым түсіндіріледі.
Заттардың сандық мөлшері, сан есімнің көбінесе зат есіммен тіркесетіні түсіндіріледі. Сан есімді оқыту барысында АТҚ құралымен қатар көркем әдебиеттің, тарихтың материалдарын пайдалану тыңдаушыларға теориялық біліммен қатар мәдени-танымдық тұрғыдан ақпарат беріп, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын құрметтеуге баулиды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К., Буланова С.Т.
Сабақ барысында геймификация технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (толығырақ: https://farabi.university) ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқу бағдарламасышетелден келген қандастарды, атап айтқанда, шетелдік қазақ жастарын қысқа мерзімде қарқынды оқыту әдістемесімен ҰБТ сынағын тапсыруға даярлайды.Инновациялық технологияларды оқу үдерісінде кеңінен пайдалану арқылы тыңдаушыларға сапалы білім беруімен жүйесін қалыптастырған. Мысалы, геймификация – бұл ойнау әдістерін ойын болып табылмайтын, мысалы, оқу үдерістеріне енгізу технологиясы. Геймификация технологиясын қазақ тілін өзгетілді аудиторияға оқыту үдерісіне енгізудің қажеті бар ма және оның білім беру саласына қандай пайдасы бар? Бұрынғы әдістер қазіргі оқу үдерісінің заманауи талабына сай келе бермейді, себебі оқытушы білім алушылардың сұранысы мен талаптарына сай келетін заманауи әдіс-тәсілдер қолдану керек. Сол себепті де сабақтың тақырыбы мен білім мазмұнына, барысына қарай оқу үдерісіне де инновациялық технологиялар кеңңнен енгізілуде. Ал геймификация технологиясын қажеттілігі мынада: қазіргі уақытта балабақша жасындағы жас бүлдіршіндерден бастап, еңкейген қарияларға дейін әртүрлі гаджеттерді; смартфондарды, айпадтарды, планшеттерді, ноутбуктарды, компьютерлерді жиі пайдаланады, жастар ұялы телефондарын қолынан тастамайды. Тіпті қоғамдық көліктерде түрегеп тұрып та жастар тұрмақ, ересек кісілер де смартфондарға үңіліп тұрады. Әрине, әркім әртүрлі мақсатпен қарайды. Біреу ақпарат қараса, енді кейбіреулер хабар алмасып жатса, кейбіреулер бос уақытын ойын ойнаумен немесе әртүрлі әлеуметтік сайттарды тамашалаумен өткізеді. Уақтының әрбір минутын тиімді пайдаланғысы келетін жандар пайдалы ақпараттарды қараумен, білім алушылар электронды оқулықтарды оқумен, аудиокітаптарды, аудио\видео сабақтарды көріп, білімдерін арттырып жатады. Сондықтанда геймификация технологиясын оқу үдерісіне енгізу – оқушылардың қазақ тілі сабағына деген ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттыра түсетін тәсіл. Оқушыларды, студенттерді нашар баға не межеден төмен балл қоюмен қорқыта алмайсың, құр сөзбен қолпаштау арқылы ынтасын арттыра алмайсың, ал ғаламтор желісінде әртүрлі гейм – ойындар ойнауға машыққан жастардың осы әдеттерін пайдалы бағытқа бейімдеуге болады. Геймификация арқылы білімді бекіту, пысықтау дағдыларын қалыптастыруға болады. Жастар ойнай отырып, білім сайысына түседі. Сайыс әрқашанда адамның жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етіп, білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сондықтанда геймификация технологиясын қазақ тілін өзгетілді дәрісханада, орыстілді сыныптарда оқыту барысында тиімді пайдалануға болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К., Буланова С.Т.