әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім саласындағы басты байлығымыз
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары: Үсенбекова А.Е,
Ибрагимова М.Н,
Тойғанбекова М.Ш.
Егеменді еліміздің жетекші жоғарғы оқу орны, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, өзінің бастауын сонау 1934 ж алады. Ол кезең елімізде өркендеп келе жатқан өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылық салаларына мамандар аса қажет кез болатын. Мықты, білікті, іскер мамандар даярлау ел экономикасының талаптарының бірі еді. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://farabi.university/ Қазақстан республикасындағы, тіпті Орта Азиядағы әлемге танылған бірден -бір оқу орны. Университет еліміздің жоғары білім беру жүйесінде айрықша орын алатын үлкен ғылыми орталық болып табылады. Оның басты мақсаты: сапалы білім беру, ғылыми зерттеулерді дамыту және халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізу. Осы бағытта ҚазҰУ әлемнің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен және халықаралық ұйымдарымен тұрақты байланыс орнатып келеді. Ол әлемнің 50 мемлекетінің жоғары оқу орындарымен, халықаралық ұйымдарымен 500 – ден астам келісім мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан. Бұл серіктестік білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және отандық жоғары білімнің халықаралық беделін арттыруға мүмкіндік береді. Университеттің халықаралық байланыстары Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және басқа да аймақтарды қамтиды, сонымен қатар, Германия, Италия, Франция, Испания, Түркия, Қытай, Жапония, АҚШ сияқты елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Оның негізі мақсаты: білім беру сапасын жетілдіру, ғылыми зерттеулердің ауқымын кеңейту, студенттер мен оқытушыларға халықаралық академиялық ортада тәжірибе жинақтауға жол ашу болып табылады. Еліміздегі осындай ғылым мен білім ортасын мақтан тұтамыз.