ААӨҚ-ың кезекті VIII реткі отырысында 2022 жылғы бюджетке толықтыру жасалды
Аймақтық АӨҚ-ың кезекті VIII реткі отырысында 2022 жылға арналған аймақ бюджетіне толықтыру енгізу мәселесі сөйлесілді. Мұнда қаржы енгізу арқылы 900 млн төгрөгтің 17 түрлі ремонт жұмысы жасалынбақ. Атап айтсақ: Улаанхус сұмын 1-мектебінің күрделі ремонтына – 230 млн, Буянт сұмын мәдениет орталығына – 40 млн, Алтай сұмын мәдениет орталығына 25 млн, Дэлүүн сұмын 1-мектебінің 2 жатақхана корпусына 140 млн, Бугат және Булган сұмындарының жатақханаларына 40 млннан бөлінсе, Ногооннуур сұмынының 1-балабақшасына 20 млн, Алтанцөгц сұмынының ескі денсаулық орталығының құрлысын балабақша болдырып күрделі жөндеу жасауға – 95 млн, Ногооннуур сұмынының спорт залын жөндеуге 30 млн, Цэнгэл сұмындық Балықты көл бағының жатақханасын мектеп болдырып жөндеуге 110,8 млн, аймақтық Құрманхан атындағы музыкалы драма театрын жөндеуге – 15 млн, спорт кешеніне – 15 млн, Баяннуур сұмын мектебі,Тұлба сұмын мектебінің спорт залы, Кәсіптік оқыту орталығының сыртқы ремонттарына әрқайсысына 20 млннан бекітілді.
Биылғы бюжеттен асқан қаржыдан 32 түрлі шараға барлығы 381 млн төгрөг жоспарланды. Осылардың біразына тоқтала кетсек: Аймақтық полиция басқармасының оқыту залына құрал-жабдықтар алуға -8,1 млн; Біріккен аурухананың асқазан тексеретін аспапқа 20 млн, Дербес, Саян телеарналары мен Монцамэ агентліктерінің жұмысын қолдауға 5 млн, «Қоқыссыз Өлгий» жобасына 19 млн, Қабсатар, Шынай, Жүкей, Бәделхан, Тілеухан, Эрдэнэбаяр қатарлы кітап жазған азаматтарға 6 млн, аймақтық спорт денешынықтыру басқармасының жаттықтырушыларының жалақысына 33 млн, орман шаруашылығының шартпен жұмыстайтын жұмысшыларының жалақысына 20 млн, Татвар бөліміне 8 млн, аймақтық прокуратураға 20 млн, Мемлекеттік начин Мұстафаға 50 млн, аймақ әкімінің кеңесшісі Ш.Қабылдың жалақысына /зейнет демалысына/ 32,6 млн, Баяннуур сұмынына балабақша құрлысын сатып алуға 18 млн, перзентхана бөлімшесінің бір бөлмесін жабдықтауға -5 млн, онлайн оқытуға 9 млн, Ресми іс-сапармен келген қонақтарды күтіп алуға -10 млн, садақшылар одағына 2 млн, «Су сапасын зерттеу» жұмысына 20 млн, АӘІБасқармасы құрлысының шатырын бояуға -4 млн, Батыс зоналық волейбол сайысына 7,6 млн, Сагсай сұмынының Денсаулық орталығына қанның анализаторына 10 млн, дәрігерлердің оқытуына – 10 млн, мамандық бақылау басқармасының көшпелі лабороториясына – 10 млн, балалар құқын қорғау комитетінің жұмысын қолдауға – 3 млн, Стандарт өлшем бірлік бөлімінің құрал жабдығына -10 млн, Ногооннуур сұмынының Денсаулық орталығының дәретханасын жөндеуге – 10 млн, Балуандар одағының жұмысын қолдауға – 4 млн, Сагсай сұмынының спорт залының ремонтына 4 млн, автокөлік орталығының дәретханасын жөндеуге 6,7 млн, АӘІБасқармасының кей бөлмелерін жөндеуге -3 млн, Қызылтас бастауыш мектебінің ремонтына 2 млн, Сұлушаштың өнеріне қолдау ретінде – 1 млн төгрөг бөлінді.