Ерген ұстаз төртінші рет саңлақ атанды
Өмнөговь аймағында өткен қоғамтану пәнінің 28-ші мемлекеттік олимпиадасында Шаймарданұлы Ерген ұстаз жүлделі І орынды иеленіп, аймағымыздың абыройын асқақтатты.
Шаймарданұлы Ерген 3-ші жалпы білім беретін мектептің тәжірибелі ұстазы. Ол бұған дейін де мемлекеттік олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, 2019, 2023, 2026 жылдары алтын медаль, ал 2025 жылы күміс медаль иеленген. Осы жолғы жеңісі арқылы қоғамтану пәні бойынша мемлекеттік олимпиадада алтын медаль алған беделді ұстаз екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, жалпы төрт рет жүлделі орын иеленген үздіктер қатарынан көрініп отыр.
Жеңімпаз ұстазды мектеп ұжымы, туған-туыстары мен дос жарандары ерекше құрметпен қарсы алды. Оқушылар ән шырқап, домбыра тартып, би билеп, салтанатты күтіп алудың ажарын аша түсті. Бұл – ұстаз еңбегіне деген шынайы құрметтің көрінісі.