Алғашқы бес айдың мәліметімен Баян-Өлгий аймағында 736 рет жер сілкінісі тіркелген
Ұлттық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар комиссиясы, төтенше жағдайлар бас басқармасынан апаттың алдын алу, жер сілкінісінен сақтану мақсатында оқыту, жаттығу жұмыстары жүрілуде. Осы жұмыс аясында бүгін яғни Маусымның 8-і күні 15 сағатта аймағымыз көлемінде апаттан сақтану дабылы соғылып барлық ұйым-мекеме қызметкерлері алаңға жиналды. Аймақтық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Азат Зейнелұлы микрафон алып, жиылған көпшілікке шараның маңызы жөнінде тоқталды. Алаңға шыққан барлық ұйым-мекемелер тізімделіп, жаттығу жасады. Соңғы жылдары әлемде, елімізде көптеген жер сілкіністері тіркелген. Жойқын жер сілкіністері Жапония, Корея, Қытай, Сингапур т.б теңіз жағалауында орналасқан елдерде тіркеліп келсе, орасан зор шығынға әкелген жер сілкінісі ретінде осы қыста орын алған Түркия, Сирия елдерінің апаттарын айтуға болады. Ал, аймағымызда алғашқы бес айдың мәліметімен 736 рет жер сілкіністері тіркелген. Мұнда 5 магнитудаға дейінгі жер сілкінісі бір рет, 3,5 магнитудалық жер қозғалысы жеті рет тіркелген. Апат айтып келмейді. Сондай-ақ аймағымыз таулы жерде, жер сілкінісі орын алуы ықтимыл өлкеде болғандықтан азаматтар апатты жағдайда не істейміз деген алғашқы мағлұматы болуы тиіс. Жер сілкінісінен алдын-алу мақсатында еліміз төтенше жағдайлар бас басқармасынан көптеген нұсқаулықтар тағайындалған. Соның бірі – жер сілкінісі кезінде үшбұрышты жиһаздардың астына тығылу қажет дейді. Ал, алдын ала сақтану үшін үй жиһаздарын қабырғаға бекіту, әйнектерге қорғаныс жасау, ауыр есігі бар шкафтардың есігін бекіту қатарлы кеңестерді ұсынады.