АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖОО-ҒА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы «Ұлттық тарих пен мемлекеттік идеяның цифрлық және жасанды интеллект дәуіріндегі трансформациясы» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2026 жылдың 17 сәуірінде Алматы қ., Қарасай батыр, 95, 328-мәжіліс залында өтеді.
Конференцияның мақсаты: Ұлттық тарихты зерттеуде мемлекеттік идеяның тарихи қалыптасуы мен дамуындағы сабақтастықты айқындау, оның әдістемелік, тәрбиелік, тілдік және цифрлық аспектілерін ғылыми тұрғыда талдау, сонымен қатар жасанды интеллект және цифрлық технологиялар арқылы тарихи зерттеулерді жаңғырту. Конференция аясында ұлттық тарихи сана, мемлекетшілдік құндылықтар, тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелері мен оларды білім беру үдерісінде қолдану жолдары қарастырылады. Тарихи зерттеулерді ғылыми, цифрлық және тілдік тұрғыда жаңғырту, ұлттық тарих пен мемлекеттік идеяның сабақтастығын айқындау және олардың тәрбиелік әлеуетін арттыру.
Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:
- Ұлттық тарихи сананы цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктері;
- Пәнаралық зерттеулер және халықаралық ғылыми диалог.
Конференцияға қатысуға отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, докторанттар, магистранттар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері қатыса алады.
Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде болуы тиіс.
Конференция аралас түрде – оффлайн, онлайн ZOOM платформасында өтеді.
Сілтемесі:
https://us05web.zoom.us/j/6433725758?pwd=bNycAjafPRHZKXv640PwUyhF2sFPiE.1
Идентификатор конференции: 643 372 5758
Код доступа: K95NEd
Конференцияға келуге байланысты барлық шығындар қатысушының өз есебінен болады.
Ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттарды қамтымаған және жоғарыда келтірілген рәсімделу талаптары орындалмаған жағдайда баспаға шығармауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті мақалалардың мазмұнына жауап бермейді. Конференция материалдары электронды нұсқада жарық көреді, сертификат қажет болған жағдайда төмендегі кестеге міндетті түрде «қажет» деп көрсетілуі тиіс.
Мақаланы электронды түрде «[текст]_конференция» белгісімен мына эл.поштаға: nurlihan80@mail.ru 2026 жылғы 5 сәуірден кешіктірмей берулеріңізді сұрайды. Ұйымдастыру комитеті Сізге өз шешімі туралы өтінім түскеннен кейін бір апта ішінде хабарлайды.
Қатысу шарттары:
Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар қатаң түрде мынадай талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 7 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файлдың аты және JPEG форматындағы суреттердің жеке файлдары автордың тегімен аталуы тиіс.
- Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және MS Word ортасында терілуі керек.
- Беттер пішімі: А4.
- Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1,5 см, сол – 3 см.
- Шрифт: Times New Roman, кегль – 12.
- Жоларалық интервал – бір.
- Қызыл жол шегінісі: 1,0 см.
- Ортасында кіші әріптермен (қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда).
- Төменде автор мен оның лауазымы жұмыс істейтін мекеменің толық атауы берілген.
- Автордың аты-жөнінен төмен ортасында бас әріптермен (қалың қарпімен) баяндаманың атауы көрсетіледі.
- Азат жол мен бір интервалдан кейін тікелей баяндама (мақала) материалы болады.
- Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] или [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек.
- Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болып, MS Word ортасында терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контраст пен кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа ие болуы тиіс. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы тиіс. Кестелер көрнекі болып, олардың атауы, сериялық нөмірлері болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жерге қойылады.
- Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).
- Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен рәсімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕ бөліміне жатқызылып, жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтінде жол сілтемелерін қоюға болмайды.
Егер мақалада ескертпелер де, әдебиеттер (және деректер) тізімі де болса, алдымен ескертпелер қойылады.
- Белгілерді біріздендіру: тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т. б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (шыңдаусыз), немесе XV ғ. соны – XVI ғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.
- Табуляция жасауға, сөздерді сиректетіп теруге, автоматты режимде орындалатын командаларды қолдануға, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға болмайды.
- Файлдың атауы автордың тегімен аталады (мәтіндік файлдар үшін – Омаров_өтініш.doc, Омаров_мақала.doc; иллюстрациялар үшін – Омаров_сур1.jpeg).
Редакциялық алқа рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы (төмеңде үлгіні қараңыз).
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
| ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА:
ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Ибрагимова М.Н. т.ғ.к. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушысы
Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 1 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамура, 1999. – 296 с. 2 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17. 3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.
|
Тіркеу нысаны 1 сәуірге дейін, баяндама (мақала) материалдары – 2026 жылғы 5 сәуірден кешіктірілмей қабылданады.
Баяндамаларды келесі мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:
Байланыс телефондары: +7 727 377 33 33 (ішкі: 17-36)/ ұялы телефон: 87475503519, 87476453603, 87076578711
Конференцияға қатысу үшін өтініште төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:
Қатысушының тіркелу формасы:
| ТАӘ (толық) | |
| Жұмыс орны | |
| Ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда) | |
| Конференция жұмысының бағыты (міндетті түрде) | |
| Байланыс телефондары/E-mail | |
| Қатысу түрі (онлайн, оффлайн) | |
| Баяндама тақырыбы | |
| Техникалық құралдардың қажеттілігі | |
| Жинақ және сертификат қажеттілігі |
Ұйымдастыру комитеті