Ақындар айтысы өтті
1984 жылы туылған 2002 жылы Баян-Өлгий аймағынан мектеп бітіруші түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған мерейтойға орай 20 түрлі қоғамдық-әлеуметтік жұмыстар ұйымдастырды. Соның бірі – ақындар айтысы Құрманхан Мұқамәдиұлы атындағы музыкалы драма театрында жүрілді. Шараның негізгі ұйымдастырушылары – Өлгий сұмын кіші құрылымын жауаптанған маман Айтуған Әлейханұлы, Сагсай сұмын әкімі Исатай Арынұлы, Сагсай сұмын АӨҚ-ның бастығы Бауыржан Кәбейұлы және Цэнгэл сұмындық АӨҚ-ның төрағасы Жанбота Ақайқызы қатарлы 2002 жылы әр өлкеден мектеп бітіруші түлектер. Жүлде қоры -2000 млн төгрөг. Айтыстың қортындысы бойынша Іңкәрбек Әділқанұлы бірінші, Серуен Әзімұлы екінші, Аманжол Қуантқанұлы үшінші орындарды бөлісті.