Болашаққа бағыт беретін білім ордасы
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тарихы 1985 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде https://www.kaznu.kzжұмыс жасап келе жатқан Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тарихының бір бөлігі болып табылады. Кафедрамызда шетелден келген қандастарымызға білім беріп қана қоймай тәрбие жұмыстарын қатар алып жүреді. Өйткені тәрбие жұмыстары оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеу, біздің елдің өткені мен қазіргі қалпын көрсету арқылы тарихымен, мәдениетімен таныстыру. Оқу үдерісінде, күнделікті тұрмыста кездесетін кез-келген мәселелерді шешуде оларғакуратор-эдвайзерлер жол көрсетеді. Осы бағытта оқу жылының алғашқы аптасында жылдық тәрбие жұмысының жоспары жасалынып, сол бойынша жұмыстар атқарылады. Атап айтқанда:
- Оқу жүйесімен, жатақхананың ішкі ережелерімен таныстыру;
- Түрлі ортада өзін қалай ұстау керектігі жайлы әңгіме өткізу;
- ШетелдіказаматтардыңҚазақстанРеспубликасындатұруережелері;
- Жеке бас тазалығы мен денсаулықкүтімі;
- Жолжүруережелеріментаныстыру;
- Табиғаттықорғау, қоршағанортаныаялаусияқтытақырыптардаәңгімесағаттарынөткізу;
Бұл жұмыстармен қатар факультетте тыңдаушыларды қала өмірімен, республиканың өткені мен бүгінгі күнгі тарихымен кең ауқымды таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда оларды қаланың көрікті жерлерін аралатумен қатар ел тарихынан мол мағлұматтар беретін мұражайларға, тарихи орындар мен театр қойылымдарына алып бару қарастырылған.
Факультет тыңдаушылары арасында айына бір рет кең көлемдегі тәрбиелік мәдени шаралар өткізіледі. Республикалық айтулы мерекелік күндер де факультет ұжымының тарапынан тыс қалмайды. “Қазақстанға қош келдің!”, “Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім!”, “Желтоқсан жаңғырықтары”, “Наурыз мейрамы” т.б. шаралар – осының айғағы.
Кафедра әр түрлі тәрбиелік мәні бар жобалар аясында іс-шаралар өткізіп тұрады. Оларға мынадай жобалар жатады: «100 кітап», «Айналаңды нұрландыр», «Дені саудың жаны сау», «Гринкампус». Жақында ғана жаңа оқу жылын «Гринкампус» жобасы аясында «Қала тазалығы үшін ат салысайық» атты іс-шарамен бастадық. 21.10.2022 жылы Республика күніне кафедрамыз «Атамекенге қош келдің!» атты мерекелік іс-шарасын өткізді.
Тәрбие жұмыстарының, клуб пен үйірмелердің барлығының ортақ мақсаты-тыңдаушыларды бір жыл ішінде өз қызығушылықтары бойынша жаңа ортаға бейімдеп тәрбие бағыт –бағдар беру.
Кафедра тыңдаушылары жыл сайынғы өткізілетін халықаралық, республикалық деңгейдегі конференциялар мен жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде өтетін конкурстарға белсенді түрде қатысады. Сонымен қатар әр түрлі клубтар мен үйірмелердің мүшелері болып табылады.Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы шетел тыңдаушыларына, соның ішінде шетелден келген қандастарымызға білім және тәрбие беруде жоғары нәтижеге ие екендігін айта кетуімізге болады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
оқытушылары Ибрагимова М.Н.,Мужигова Г.М., Габитова В.А.