ЕЛДІГІМІЗДІ АСҚАҚТАТҚАН КҮН
Биыл маусым айында ҚР Перезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда 25 қазан Республика күнін Ұлттық мереке деңгейінде атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл сонау отыз жыл бұрын 1990 жылы осы күні «Қазақ ССРнің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған болатын. Қабылданған құжат Қазақстанның болашақ іргетасы саналды. Осы маңызды құжаттың негізінде еліміздің территориясы, мемлекеттік рәміздері, халықаралық дербестігі белгіленген болатын. Еліміздің осы маңызды күнін мерекелеу желтоқсан айына ауыстырылып, бұл күндегі мереке 2009 жылы алынып тасталған болатын. Биыл осы айтулы оқиғаның маңыздылығын ескеріп, он үш жылдан кейін, мемлекеттік деңгейде аталып өтіп жатыр. Осы игі шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұжымы да ерекше атап өтті. Себебі, осы заңның аясында біз шетелдегі қазақ бауырларымызды елге жинап, оларға білім алуына, елдің дамуына өз үлестерін қосып, атажұртқа қоныстануына себепші болған еді. Содан бері отыз жылдан аса уақытта елімізге мыңдаған қазақ балалары елге келіп, білім мен өнер игеріп, елдің рухани мәдениетін еселеуге өз үлестерін қосуда. Осы ретте біздің оқу ордамыздан шетелдегі қазақ бауырларымыз ең алдымен білім нәрін осы біздің шаңырағымыздан сусындады. Дайындық кафедрасынан үлкен оқу орындарына жолдама алады, мамандық таңдайды, өмірге қанат қағып, еңбекке араласады. Реcпублика күніне орай өткізілген бүгінгі кеште де, сол түлектердің бірі М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институның аға ғылыми қызметкері Н.Елесбай қатысты. Ол өзінің осы жолдан өткен өнегелі үлгісімен жастарға кеңес берді. Н.Елесбайды ғылым жолына баулып, жолбасшы болған елімізге танымал ғалымдарымыз филолгия ғылымдарының докторы, профессор Г.Орда және филолгия ғылымдарының кандидаты Ж.Сайлауқызы кешіміздің қадірлі қонақтары болды. Олар жастарға Республика күнінің маңызы туралы тағламды әңгімелерін айтып, білім мен тәрбиенің негізі болған ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге шақырды. Кешті ұйымдасытрушылар факультет деканы С.Қ.Суатай, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі С.А.Сартаев және оқытушылар құрамы. Кеште қазақ халқының әуелеген әні, мың бұралағн биі, күмбірлеген күйі кештің сәнін келтірсе, жас ақындарымыз К.Дамыс, С. Дәуітхан,А.Серікбол атамекенге арналған жүрекжарды жырларын оқыды. Кештің соңында Көк байрағымызды көтерген жастар «Мен қазақпын» деген асқақ рухты әнмен аяқтады. Кешті тамашалаған көрермендерге ерекше рух сыйлаған бұл кештің әсері ерекше болды.
Еліміздің рухы асқақтап, мерейі үстем бола берсін. Болашағымыз баянды,тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын дегіміз келеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң ЖОО-ға дейінгі
дайындық кафедрасының аға оқытушылары,
Ж.С.Әділханова, Ә.М.Кәкенова,Ө.Д.Сандықбаева