«Жер – Ана»
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Жер – Ана» тақырыбында тыңдаушылармен ақпараттық-патриоттық кураторлық сағат өткізілді. Бұл шараның мақсаты – жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Кураторлық сағат барысында Қазақстанның табиғи байлықтары, экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Тыңдаушыларға туған жердің маңыздылығы туралы мәліметтер ұсынылып, жеріміздің тарихи-мәдени мұраларына құрмет көрсету қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, патриотизмді қалыптастыру бағытында тәрбиелік маңызы бар интерактивті ойындар мен талқылаулар ұйымдастырылды.
Шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, туған жерді қорғау және оның көркеюіне үлес қосу мақсатында жеке үлестерін қосуға уәде берді. Кураторлық сағаттан тыңдаушылар үлкен әсер алып, болашақта табиғатқа ұқыпты қарауға деген көзқарастарын өзгертті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары
Турсынбек Әйгерім, Исмайлова Малика, Қасымова Кәмшат