Көшбасшы әйелдер бас қосты
Әйелдердің көшбасшылығын қолдау желісі, Қоғамдағы өзгерісті қалайтын әйелдер, МОНФЕМНЕТ ұлттық бейресми ұйымдардың консорциумы,Корея елінің дүниежүзілік агентілігі яғни КОЙКА ұйымы, БҰҰ-ның даму бағдарламасын бірлесіп жүзеге асып жатқан “Әйелдердің шешім шығарудағы жендерлік көшбасшылықтағы тепе-теңдікті сақтау барысында әйелдердің белсенділігін арттыру» атты оқытуы кеше Баян-Өлгий аймағының «Достық» мейрамханасында ұйымдастырылды. Бұл шараға әр салада қызмет атқаратын қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын, сондай-ақ аймақтық, сұмындық депудат әйелдер қатысты. Әйелдердің көшбасшылық қолдау желісінің басты мақсаты – әйелдердің ерлермен тең дәрежеде саясатқа кірістіру, қандай бір мекеме басшылығына тағайындау үшін күресу,парламенттік сайлауға қатысу жолдарын ашу, сайлаушылардың сенімін ақтайтын, жеке тұлғалық құқықты құрметтейтін, шыдамдылықты игерту үшін білім мен ақпаратпен қамтасыз ету, шыдамдылықтарын жетілдіру, әйелдердің береке -бірліктерін арттыратын, бір-бірін қолдайтын әйелдерді бір арнаға тоғыстыру болып отыр.
Баян-Өлгий аймағында шешім шығаратын органдарда қанша әйел бар? Жоғары лауазымға неге әйелдер бармасқа деген сауалдар туындайды.
Аймағымызда халық санының басым бөлігін әйелдер иеленсе де олардың биліктегі үлес салмағы аз. Сондықтан да жендерлік тепе-теңдікті ескере отырып, келесі сайлауда әйелдердің үлесін арттыру қажет деген пікірге келді.