Монгол елі бойынша он үш жоғарғы оқу орны жабылды
Бүгін Білім және ғылым министрлігі жоғары білім саласында қабылданған шешімдер туралы таныстырды. 2021-2022 оқу жылында елімізде 88 жоғары оқу орнында147 мың студент білім алған болса, Білім және ғылым министрі бұйрығымен 13 оқу орны жабылып, 8-і басқа жоғары оқу орындарына қосылды. Арнайы рұқсатнамасы қуатсыз етілген 21 оқу орнында 163 оқытушы дәріс беріп, 1567 студент білім алған. Оқытушылар басқа оқу орындары талаптарын қанағаттандырса, сонда дәріс беруге болатын болса, студенттер қалаған университетінен оқуын жалғастыра алады. Қалған 24 жоғары оқу орнына 6 айлық мерзімдік тапсырма берілді. Сондай-ақ ондағы оқу бағдарламаларына да тексеру жүргізіліп, 2564 бағдарлама бойынша мамандар әзірлейтін 2564 бағдарламаның 908-ін қуатсыз етті. Бұл жайлы Білім және ғылым министрі Л. Энх-Амгалан: «Жоғары оқу орны талабына сай келмейтін 13 оқу орны жұмысын тоқтатты,» -деп мәлімдеді. Министр бұйрығымен «Газар чин» университеті, «Зүүн хүрээ» коллежі, «Маргад» университеті, Моңғол менежмент және технология университеті, «Моңғол адам капиталы» университеті, «Номера» университеті, Рафлес халықаралық институтының Улаанбаатардағы бөлімшесі, «Түшээ» университеті, «Идэр» университеті бөлімшесі «Далай ван» институты, «Шыңғыс хан» университеті, «Улаанбаатар эрдэм» университеті «Эко Азия» институты, «Әдебиет пен әлеуметтік қызметкер»институты, Иркутск жол қатынас университетінің Улаанбаатардағы бөлімшелері жұмысын тоқтаты. Сонымен қатар Баян-Өлгий аймағы мұғалімдер университеті Моңғолия мұғалімдер университеті құрамын енгізілсе, Қобда, Завхан, Дорнод университеттері Моңғолия мемлекеттік университеті қармағына өтті. Министрдің бұйрығымен аймақтардағы жеке университеттер мемлекеттік, ұлттық деңгейдегі университеттерге қосылды.