Отбасы зорлық-зомбылығынан сақтанайық
Отбасы зорлық-зомбылығы туралы мәлімет
Отбасы зорлық-зомбылығы дегеніміз жеке тұлға ретінде қарастырылатын әрбір азаматтың бірінің екіншісіне яғни отбасы мүшелерінің бір-біріне психологиялық, эмоцияналдық, экономикалық, жыныстық немесе физикалық зиян келтіруі.
Басқаша айтқанда отбасылық зорлық-зомбылық аты айқындап тұрғандай отбасылық, жақын қарым-қатынастағы, немесе қандай бір уақытта жақын байланыста болған адамдардың өз ықпалына кіргізу үшін эмоцияналдық, экономикалық, жыныстық немесе физикалық түрде зорлық-зомбылық жасау, құқын шектеу деп түсінуге болады.
Отбасы зорлық-зомбылығының түрлері
Отбасы зорлық-зомбылығының жоғарыда аталған түрлерінің қай біреуін немесе бірнеше түрімен қысқа уақыт ішінде және жылдар бойы жәбір көрсе отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырады деуге болады. Мысалы денесіне жарақат түсіріп ұрып-соғудың сыртында өз ықпалында ұстау үшін тілін тигізіп, ақша-қаражат бермей, үйінен шығармай, әртүрлі жыныстық зорлықтар көрсету қатарлы бірнеше түрімен құқығын таптауы мүмкін.
- Физикалық зорлық-зомбылық, немесе денесіне қандай бір жарақат түсіру
Қазіргі таңда отбасылық қарым-қатынаста үстем болу үшін отбасы мүшелерінің бірі екіншісіне, немесе күйеуі әйелі мен балаларына, немесе керісінше әйелі күйеуіне, баласына, кей жағдайда ата-анасы, ұлы мен келіні әке-шешесіне т.б жағдайларда күш көрсету, өшесу, ұрып-соғу, жарақаттау, қандай бір дене мүше жарақатын салу, заттар лақтыру, күйгізу, құлату, шаштан жұлу, пышақтау қатарлы әртүрлі суық қару алып қорқыту, ату, өміріне және денсаулығына қауіп төндіру қатарлыларды айтуға болады.
- Психологиялық қысым
Өз ықпалында ұстау, қандай бір ой-пікірін елемеу, келемеждеу, төмендету, кемсіту, ұрсу, қорқыту, тергеу, ізін аңду, басқамен қарым-қатынасына шектеу қою, сенімсіз болғызу, өмірден түңілу, стреске ұрындыру, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеу қатарлыларды айтуға болады.
- Экономикалық зорлық-зомбылық
Жылжымайтын және жылжымалы мүлік, қаржы-қаражат, айлық-жалақысын пайдалану, жұмсау құқығын шектеу, жұмыссыз, кіріссіз қалдыру, қажетті заттарын бүлдіру, табыс табатын мүмкіндіктеріне шектеу қою т.б
- Жыныстық зорлық
Бұл жеке адамның тек өз қалауына, еркіндігіне байланысты болса да, күшпен жыныстық қатынасқа зорлау, жағымсыз сөздер айтып балағаттау, ұрып соғып, әдеттен тыс жыныстық қатынастарға зорлау т.б
Отбасы зорлық-зомбылығының зиянына тоқталсақ:
Ең әуелі жеке тұлғаның денсаулығына әсер етеді. Жас жасауына, жеке тұлға ретінде дамуына керіс әсерін тигізудің сыртында жұмыс өнімділігін азайтып, жаман әдеттерге үйір болады. Үнемі стреспен, уайыммен жүргендіктен өмірге деген құлшынысы азаяды.
Ал, отбасына тигізетін кері әсеріне тоқталсақ:
Отбасы мүшелерінің дұрыс өмір сүруіне мүмкіндік бермейді, экономикалық жетіспеушілікке ұшырап, қарызға батады, үй мүлкінен айырылады, ажырасады. Қай бір тарап заң жауапкершілігін жүктейді. Отбасы мүшелері келіспеушілік салдарынан бір-бірін жек көреді.
Енді балаларға тигізетін әсеріне тоқталсақ:
Отбасы зорлық зомбылығының ішінде өскен балалар үнемі уайым-қайғыда жүреді. Салдарынан денсаулығына, оқуы мен тәрбиесіне әсер етеді. Мұны мамандар екіге бөліп қарастырады.
Қысқа уақыт ішінде тигізетін әсері ең біріншіде нәрсе үйренуге құлшынысы болмайды, қабілеті төмендейді, басқалармен қатынасы дөрекі немесе керісінше қорқақ, өзіне сенімсіз, қоғамға, ортасына қарсы пікірде, депрессияға түеді, ашуланшақ, ешкімді сыйламайды, аяламайды, және сенбейді. Үйінен алыста болғанды ұнатады.
Ұзақ уақыт ішінде тигізетін әсеріне тоқталсақ:
Бала арақ, темекі және есірткіге құмар болу, тамаққа тәбеті азаю, немесе көбею, шектен тыс семіздік, кәмелеттік жасқа толса да адамдармен жақын қарым-қатынас жасаудан қорқу, кәмелеттік жасқа шыққан соң көп адаммен жыныстық байланыста болу, денесін сату, зорлық-зомбылықтың құрбаны болу, немесе басқа адамға зорлық-зомбылық жасау, қорлық көрсету, өз-өзіне қол жұмсау қатарлы жағымсыз әсерлер береді.
Баян-Өлгий аймағының полиция басқармасының отбасы зорлық-зомбылығынан алдын-ала сақтау ісін жауаптанған маман, полиция майоры Арнагүл Манахметқызы