Рухани демалыc
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://www.kaznu.kzЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы идеяларын насихаттай отырып, көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда.Рухани жаңғыру мен жаңаруда, еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіндегі ғылым биігіне өрлеуде, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда жоғары оқу орындарының орны ерекше.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде https://www.kaznu.kz «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда. Осы жобалар аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен бірнеше ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізіп отырады.
«Рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асырудың маңыздылығын ескере отырып, «Айналаңды нұрландыр» негізінде заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру мақсатында студенттердің адамгершілік-рухани мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» ғылыми-танымдық жобасын жүзеге асырды. / Көптеген жылдар бойы еліміздің бас сахналарының бірі саналатын Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдертеатрына шетелдік тыңдаушылар барып, “Мұғалім” атты қойылымын тамашалап ерекше әсерге бөленіп, рухани демалып қайтты. Бұл театр қазақ ұлттық театр өнерінің бейне бір өзіндік бесігі іспеттес.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрымен танысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы, осы киелі театр арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде театрға саяхаттың берері мол болды.
Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген ғылыми-танымдық шаралар шетелдік тыңдаушыларды Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деуге болады. Нақты жаңғыру – білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке талпыну деп санауға болады.
Сандықбаева У.Д., Мужигова Г.М., Дауытова Ж.Қ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары
Шетелдік студенттерді көркімен тамсандырған «КӨКТӨБЕ»
Көктөбе – Іле Алатауының бөктерінде орналасқан көз тартарлық сұлу жер. Алматы қаласының әсем жерлерін сипаттағанда бірінші болып Көктөбе көзге түседі. Тау сілемдерінің биік шоқысы Көктөбенің әр бұрышы тарихтан сыр шертеді. Әлемдік рекордтардан көш бастап тұрған Алматы – әсем қаламыздың көркіне көрік беріп тұрған Көктөбенің сұлу келбетінің өзі бір төбе. Осындай көркем табиғатымен тәнге қуат беретін тұнық ауасын шетелден Моңғолия, ҚХР, Өзбекстан, Түркия, Иран, Ауғанстан, Сауд-Арабиясы тағы басқа мемлекеттерден келген қандастарымызға жер жәннатты Жетісудің табиғатын көрсетіп, рухани азықпен, табиғат аясындағы демалыс ұйымдастырығымыз келді. Табиғатты аялауды насихаттау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kzЖоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орына дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлері шетелдік студенттерге Көктөбенің көркін тамашалауға саяхат ұйымдастырды.
Іле Алатауының бөктерінде орналасқан Көктөбедегі телемұнараның өзі әлемдегі ең биік деп саналады. Мұнара 10 баллдық жер сілкінісіне де төтеп бере алатындай беріктікпен салынған. Сондай-ақ мұндағы аспалы жол да ел және жаһан жұрты асыға келетін орынға айналған. Бұл аспалы жолдың ұзындығы 1620 метр. Ал, үстінгі және төменгі станциялардың биіктік айырмасы 250 метрді құрайды. Сонымен қатар ағылшындық The Beatles тобына арналған мүсіндер ТМД елдеріндегі екінші ескерткіші. Ал, әлем бойынша Көктөбеде ғана The Beatles тобының құрамы толық жиналған монумент бар.
Шетелдік студенттерді көркімен тамсандырған осы бір Шаһардың бейнесі, алақандағыдай көрінетін Көктөбенің көрік ертегі әлеміндегідей әсер қалдырды.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
куратор-эдвайзерлері:
Г.М. Мужигова, Г.Т. Тилеужанова, Н.Т. Исаева