“Сана” бейресми ұйымы жаңа жобасын бастады
Аймақтық МДТеатрында «Мыңдық өрлеу» әйелдер ұйымының аймағымыздағы бөлімшесі «Сана» бейресми ұйымының бастамасымен «Жасөспірімдердің дұрыс бағытта дамуы» атты жобасының тұсауы кесілді. Бұл жобаны Канада елінің жергілікті жер дамысын қолдау қорынан қаржыландырып, қолдап отыр. Аталмыш жоба еліміз көлеміндегі 300 түрлі жобадан сыналтылып алынған 18 жобаның бірі «Сана» бейресми ұйымының төрайымы, жоба үйлестіруші Шолпан Бірдіқанқызының жобасы үздік жобалардың біріне сыналтылды. Ұлт азшылығы болған аймағымызда жасөспірімдер мен жастардың арасында көптеген мәселелер бар. Жоба аясында 4 мектептен таңдалып алынған 120 оқушыға Білім алу, өмірге бейімделу, қоғамға араласу қатарлы үш бөліммен 216 сағат сабақ үйретіледі.
«Мыңдық өрлеу» әйелдер ұйымынан да жұмыссыз әйелдерге кәсіп үйрету, кірісі төмен отбасыларына жәрдемдесу, әйелдердің құқын қорғау, жендерлік тепе-теңдікті сақтау мақсатында әртүрлі жұмыстар атқарып келсе, «Сана» ұйымы көбінде жасөспірімдерге, оқушыларға бағытталған «тұлға» ретінде қалыптасу төңірегінде көптеген оқыту жұмыстарын жүргізіп келген. Аталмыш жобаның аясында жасөспірімдерге денсаулық тұрғысында, кінәрәтсіз өсіп-өну тақырыбындағы оқытуларды аймақтық денсаулық басқармасының жасөспірімдер денсаулығын жауаптанған маман Айнагүл Ысқаққызы жүргізеді.
Ауыспалы кезеңде жасөспірімдер әртүрлі келеңсіздіктерге ұшырап жатады. Сондай келеңсіздіктерден сақтану үшін дәрігери кеңес аса маңызды. Мысалы ауыспалы кезеңде қыз және ұл балаларда кездесетін өзгешеліктерді, қалыпты өсу, даму үшін дәрігери кеңес аса маңызды дейді мамандар.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы тағы бір олқылық – отандық тілге деген орашалықтық. Яғни мектеп қабырғасында монгол тілін жақсы меңгермегендіктен оқу үлгеріміне орасан зор кері әсерін тигізуде. Мен осы жоба аясында қолдан келгенше тер төгемін дейді Монгол тіл пәнінің ұстазы Несібелі Қаутайқызы. Жобаға қатысатын оқушылар да белсенді. Жобаның ашылу рәсімі сәтті аяқтап, орталық алаңда шараға қатысқан барлық азаматтар естелік сурет алдырды.