ШЕТЕЛДІК ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҒ ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТЫ
Қазақ елінің өсімдік әлемі жинақталған бірден-бір ғажайып жер, Алматының көруге таңсық көрікті ғажаптарының бірі – Ботаникалық бақ. Осы көрікті жерге күз мезгілінің ортасы, қазан айының бесі күні тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағыhttps://farabi.university/ Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, шетелден келген қазақ диаспора топтарының кураторлары мен тыңдаушылары бірге келді. Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы ғылыми-зерттеу мекемесі 1932 жылы Алматы қаласында құрылған. 1967 жылға дейін КСРО ҒА Қазақ филиалының республикалық ботаника бағы деп аталды. 1967 1994 жылдары өз алдына дербес ғылыми-зерттеу мекемесі құқында болды, 1995 жылдан Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына енді. Жерінің аумағы 104 га. Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 850 940 м биіктікте, Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің аралығында орналасқан. Бас ботаникалық бақта жергілікті және басқа жерлерден әкелінген өсімдіктердің 5,5 мыңдай түрлері мен сорттары (оның 100-ге жуық түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген) бар. Олар ботаникалықгеографиялық, жүйелілік, ландшафтылық тұрғысынан, сондай-ақ, пайдалы қасиеттері негізінде топтастырылған. Бақтағы аса бағалы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің жиынтығы еліміздің ұлттық байлығы болып саналады. Еліміздің және дүниежүзінің өсімдік әлемінің аса бай қазына-қоры осында сақталып келеді. Ертеден қазірге дейін өз құндылығын жоғалтпаған әдемі бақтың бүгінгі жаңарған бейнесін, тыңдаушылар аса қызығушылықпен, ұзақ жүріп аралап тамашалады, бақтан рақат алып, бой сергітті.
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушысы Мужигова Г.М.,
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
докторанты Нусупбаева С.А.,
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының
тыңдаушысы Хумарбек Муса (Моңғолия)