Ғабит Мүсірепов атындағы мұражайға саяхат
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының https://farabi.university/шетелден келген қазақ диаспара топтарының жетекшілері мен тыңдаушылары бірге, қазан айында Алматы қаласы Төлебаев көшесінде, орналасқан ҒабитМүсірепов атындағы мұражайға саяхат ұйымдастырды. Тыңдаушылар мұражайды таңданыспен, қызығушылықпен аралап шықты. Тыңдаушылар Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны, отбасы, шығармашылығы, жеке қызығушылығына қатысты кызықты деректермен танысты, мұражайға қойылған жазушының көзі тірісінде пайдаланған жеке заттарын, алған марапаттарын, сыйлықтарын, жеке отбасылық суреттерін, істеткен бұйымдары мен киген киімдерін, қызығушылықпен жақсы көріп жинаған заттарын көріп тамашалады.
Ғабит Мүсірепов атындағы мұражай жазушының тірі кезінде өзі тұрған үйі, жазушының бар болмысы туралы, жеке басы туралы толық мәлімет беретін, әр бұрышы тарихтан сыр шертетін мұражай. Тыңдаушыларға ерекше әсер еткені Ғабит Мүсіреповтың фото суреттер жинағы мен коллекциялары және тілек қолтаңбалар жазуға арналған кітапша болды. Кітапшаға тыңдаушылар өз тілектерін жарыса жазды. Себебі ол тілек қолтаңбаларда мұражайда сақталады, өз қольтаңбаларын біраз жыл өткенде қайта келіп көруге болады.
Мұражайда өткен саяхатымыздан тыңдаушыларымыз үлкен әсер алып, шабыттанып қайтты. Болашақта Ғабит аталары сияқты ұлы жазушыдан үлгі алып, үлкен мақсаттарына жету жолында барынша тырысып, ел үшін еңбек ететін, отансүйгіш азаматтар болуға деген талпыныстарының артқаны көздерінен көрініп тұрды. Жастарды еліміздің тарихы мен мәдениетімен терең таныстырып, оларды елжандылыққа тәрбиелейтін осындай шараларды көптеп өткіземіз деген жоспарымыз бар.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары
М.Е.Ерполатқызы, К.А.Қасымова , Г.Жұмаділ, Ж.Т.Ибраимова