Қариялардың зейнетақысын қосуға 394 миллиард төгрөг жұмсалмақ
Парламент бүгін түске дейін биылғы мемлекеттік бюджеттің бірінші талқылауын сөйлесті. Бюджетке енгізілген түзетулерде 20 жылдан астам дау-дамай тудырып, 2000 жылға дейін базалық еңбекақы төмен болған кезде бекітілген қарттардың зейнетақы мәселесі шешілді. Бір мамандық бойынша, ұқсас мерзімде қызмет атқарып әлеуметтік қамсыздандыру жарнасын төлесе де зейнетақы тағайындау мерзіміне қарай әртүрлі зейнетақы алған 164,600 адамның зейнетақы айырмасы жақындатылады. Бұған 200,2 миллиард төгрөг жұмсалмақ. Әр адамның қызмет еткен жылы, төлеген жарнасы, алған еңбекақысына байланысты зейнетақы мөлшері әр түрлі қосылады. Әлеуметтік қамсыздандыру қорынан зейнетақы алатын азаматтар мен әскери қызметкерлердің зейнетақы мөлшері инфляция деңгейіне сәйкес жылына 10 пайызға ұлғайтылатын болады. МҰҚ «Әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң топтамаларын» талқылап жатқан тұста зейнетақыдағы айырмашылығы жойылды. Алдағы уақытта Әлеуметтік қамсыздандыру қорының қолжетімділігі мен жариялылығы артып, зейнетақыны инфляция деңгейіне сәйкестендіріп, жыл сайын 10 пайызға арттыратын болады. Осылайша 496 мың 300 қарттың зейнетақысын арттыруға жалпы 394 миллиард төгрөг жұмсалмақ.
Журналист Қуат Уатқанұлы