Газет туралы
Жаңа дәуір жаршысы
Аймағымыздың ата басылымы әрі құрдасы – «Жаңа дәуір» газеті сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Басылым сонау 1941 жылы «Өркендеу» деген атпен латын әліпбиімен жарық көрген еді.
Газет «Өркендеу» деген атпен аймағымыздың өмірінен сыр шертіп, өркениетке бір табан жақындауына ат салысты. Бұны басылым беттеріндегі әр тақырыптағы жазбаларға қарап бағамдауға болады. Газет тарихы -аймағымыз тарихы. Өйткені оның беттерінде тарихымыз таңбаланып, өткен өміріміз өрнектелген. Ал 1956 жылдан бастап газет «Жаңа өмір» деген атауға ие болып, 1959 жылы өрістеген бірлестіктендіру қозғалысына, социализм құру ісіне өзіндік үлесін қосты.
1990 жылдары жеңген Демократиялық төңкеріс нәтижесінде еліміз нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін демократиялық қағидаттарға сәйкес әкімшілік үні болу үрдісінен бас тартып, халықтық басылым болуға қадам басты. Қаржы қыспағында қалса да аймағымыздың зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер газет үнін өшірмеуге ат салысты.
2003 жылдан қазірге дейін газет «Жаңа дәуір» деген атпен жарық көріп келеді.