Еліміз президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кететінін жариялады
Бүгін яғни 17 қарашада, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх президенттік қызметінен кететінін жариялады. Ол мәлімдемесінде:
- Президенттік қызметінің өкілеттілігін тапсыратынын;
- Өзіне қатысты айтылған айыптаулар бойынша тексерілуге дайын екенін;
- Өзінің ар-намысын қорғап, ақталғысы келетінін айтты.
Ухнаагийн Хүрэлсүх 2021 жылдан бері прездинет қызметін атқарып келеді. Ол бұған дейін екі мәрте МҰХ депутатына сайланып, көптеген жауапты қызметтер атқарған. 2017-2020 жылдар аралығында Моңғолияның премьер-министр қызметін атқарған.