Шыңғыс ханның мемлекеттік мұрасын сақтау туралы жоба әзірленуде
МҰХ-дың Мемлекеттік құрылым жөніндегі тұрақты комитеті Ұлы Моңғол мемлекетінің құрылғанына 820 жыл толуына орай Шыңғыс ханның мемлекеттік мұрасын сақтау туралы қаулы жобасын әзірлеуді мақұлдады. Жобада Шыңғыс ханның тарихи істері, заңдары және әлемдік тарих пен өркениеттің дамуына құнды үлес қосқаны айтылды. Ұлы Моңғол мемлекетінің тарихи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу, қорғау, жаңғырту, халықаралық деңгейде насихаттау және экономикалық, әлеуметтік және мәдени айналымға енгізу қажеттілігі талқыланып МҰХ қаулысының жобасы әзірленді. МҰХ мүшесі Гантөмөр бұл қарар жобасын қолдайтынын алайда Шыңғыс ханның бейнесін алкоголь мен темекіге пайдаланбау туралы ұсыныс жасады. Тұрақты комитет отырысына қатысқан мүшелердің көпшілігі бұл ұсынысты қолдады.