Пәтерге байланысты алаяқтық қылмыс күшеюде
Елімізде құрлыс саласы қарқынды дамуына байланысты алаяқтық қылмыстар көптеп орын алуда. Анығырақ айтқанда қазіргі жағдаймен қабаттасқан санмен 2,569 азамат зиян шегіп отыр.
Құрылыс салуға байланысты рұқсатты Улаанбаатар қаласының басшысы береді. Өкінішке орай ешқандай рұқсат алмаған, талапқа сай келмейтін, суреті дайын емес құрылыс компаниялары тапсырыс қабылдайды. Азаматтар тапсырыс бергенімен құрылыс уақытында басталмайды. Заңдық құжаттары да толық емес. Ал, ақша алған компаниялар дер кезінде халықтың ақшасын да қайтармайды. Осылайша заңсыздықтар орын алуда.
Осыған сәйкес Үкімет басшысының 2026 жылғы №154 өкімімен «Тұрғын үйге тапсырыс беру шарттарының салдарынан зардап шеккен азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін тиісті заңнама шеңберінде тексеру және қалыптасқан жағдайды шешу» міндеті жүктелген жұмыс тобы құрылды. Зардап шеккендер санының арту қаупіне байланысты тиісті мемлекеттік ұйымдардың қолындағы ақпаратты ашық әрі жария ету, азаматтар мен заңды тұлғаларды алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін нақты әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Үкіметтің осы қаулысымен аймақтар мен Улаанбаатардың әкімдеріне құрылыс жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсат куәлігі, тиісті ғимараттың мекенжайы және қала құрылысы жөніндегі ақпараттық деректер базасында тіркелген орналасу орнының алдын ала мекенжайы, қабаттардың жоспар-схемасы, пәтерлер мен үй-жайлардың есік нөмірлері, сондай-ақ әрбір есік нөміріне жеке жасалған QR-коды бар қайталанбайтын бірегей нөмір туралы мәліметтерді құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тіркеудің бас басқармасына электрондық түрде жолдау міндеттелді. Ақпаратқа өзгерістер енгізілген жағдайда, жаңартылған мәліметтер де үш жұмыс күні ішінде электрондық түрде жолдануы тиіс.