Әнші Меруерт Әліпқызымен сұхбат
- Тыңдармандарыңыз сізді қайда, көрінбей кетті дейтін тәрізді. Қазір қайда тұрасыз? Қандай іспен айналысасыз?
Ең әуелі ,, Жаңа дәуір ” газетінің барлық оқырмандарына алыс Америкадан бүгінгі күннің жалынды сәлемін жолдаймын. Американың біз тұрып жатқан Калифорния штаты Силикон Валлий (Silicon Valley) өңірі компьютер технология дамысы мен жетістіктері жете дамыған өлке деп айтуға болады, сондықтанда Силикон алқабы деп аталып кеткен. Ал компьютер технология бағытында әлемге әйгілі Apple компаниясының орталық офисі де осы өңірде орналасқан. Қызым Әйгерім осы компанияда софт уер ( Soft ware injeneer) инженер маманымен қызмет атқарады. «Теңіздерді кешіп өтіп жетпей ме жан ботасын сағынғанда ару Ана» деген ән сөзі бар ғой, Алыс Америкада теңіздің ар жағында жүрген балама, ақ моншағыма келіп 350 миллион халқы бар, 200 астам ұлт өкілдері өмір сүретін алып елде 6 жыл астам тұрдым. Ал Техас штаты Хьюстон қаласындағы Қазақ мектебінде дәріс беріп ұстаздық еткенім теңіздің ар жағында жүрген қазақтың қара көз ұл қыздарына ұлттық құндылығымызды ұлықтап, ана тілін ұмытпауына тамшыдай болса да қосқан рухани үлесім болды, менің басты арманыма жетуіме де үлкен баспалдақ болды. Сонымен қатар алыстағы қандастарымызға Моңғолия қазақтарының ән күйлерін жеткізіп өнер-мәдениет саласында да қызмет еттім, көптеген қалаларда мәдени іс-шараларға шақырумен қатысып тұрдым. Ал жуырда ғана Америкада жазылған ,, Калифорния белгілеуі ” атты кітәбымды толықтай бітірдім.
- Америкада өмір сүру қиын ба?
Әр адамның жеке басының жауапкершілігі жоғары болса, заңды құрметтеп, айналаңа өзгеге аса зор құрметпен қарау қай елде қай жерде жүрсеңде өмірлік ұстанымың болу керек. Америкада өмір сүрген жылдары байқағаным көшеде бір де бір қараусыз бала көрмедім, көршінің баласы ұзақ жылаған дауыс естілсе полиция ұйымына хабарласып көмек қолын созу қалыпты көрініс. Яғни ата-ана жауапкершілігі өте жоғары заңдастырылған. Ал отбасы мүшелерінің қайбірі ішімдік арақ ішіп мас болған жағдайда осы отбасындағы басқа адамдар өміріне денсаулығына және бала психологиясына кері әсері көп болғандықтан ол адам оқшауландыралатыны да заңдастырылған. Тыныштықты тәртіп реттілікті қастерлейтін болғандықтан, мұндай ортада ешбір алаңсыз жүре аласыз .
- Көптеген жастар Америкада білім алып жұмыс жасағысы келеді. Қандай жолдары бар?
Сошиал медиа компьютер технология шарықтап дамыған бүгінгі қоғамда жастарға мүмкіндіктер мол деп ойлаймын.Қай елде қандай да оқу орындарына қабылдануға қазір жол ашық, жастар өз арман мақсатына жету үшін талмай талаптанып ізденіс жасап өз қалауына жетуге ең қолайлы заманда өмір сүріп жатыр. Сондықтан өз таңдауын өте жақсы ойланып шешкені дұрыс. «Әкем айтып еді, шешем таңдап еді» деп келешек мамандығын таңдау баланың өз құндылығын төмендетіп сенімін жоғалтып алуға жол беретіндіктен жастар өз таңдауын жасап үйрену өмір талабы . Шетелде және отандық білім оқу үшін шеттілдерін үйренумен ғана шектелмей өзін-өзі жан-жақты дамытуға көптеген сайттардан информация алуға интернет аясында толық мүмкіндіктер толып жатыр. Соны таба білу керек.
- Қызыңыз Әйгерім көптеген қаракөздерімізге үлгі. Сол туралы айтып берсеңіз.
Компьютер технология бағытында жұмыстайтын американың әйгілі Apple компаниясы әлемдегі ең алпауыт компаниялардың бірі болып саналады.Осы компанияда софтуер инженер мамандығымен жұмыстайтын Әйгерімім Ақкөл қалашығының тумасы, бастауыш сыныпты осы қалашықтан бастап оқып Өлгий орталығында он жылдық орта мектепті, Америкада Университетті технология ғылымы бағытында компьютер инженері мамандығымен үздік бітірді. Қазір Apple компаниясында софтуер инженер қызметін атқарады. Отанымыз Монгол елі Әйгерімді Apple компаниясындағы алғашқы инженер қызымыз деп бөркін аспанға көтеріп мақтан етті, шүкір етемін. Ал әлемдік үлкен сайттарда Әйгерім туралы көптеп жазылып Azattik радиосы сұхбатқа шақырды, Ұлтымызды ұлықтап ел жеріміздің туған өлкесінің туын биіктен көтеріп жүрген ақ моншағыма алғысым шексіз, менің бар байлығым- балам. Аналық сенімімді ақтап келеді, сенімді серігім әрі досым, әрі қолдаушым, әрі қорғаушым болды.Дос сияқты сырласамыз, дос сияқты мұңдасамыз, басымыздан нелер кешсек те бірге кешіп келіппіз. «Мама әркез жанымда болғаныңыз үшін рахмет» деп отырады үнемі. Әр Ананың басты арман мақсаты – баланың жақсы маман болуы ғана емес жақсы «Адам» болып өсіп қалыптасуына атсалысуы өте маңызды. Аррle компаниясында бас инженер болып қызмет жасап жүрген қызыма: «Әлемдік деңгейде ілім ғылым үйреніп , көптеген тәжірибелер жинақтап Отаныңа ел жеріңе қызмет ет» деп екі сөзімнің бірінде ескертіп отырам. Әйконам жастайынан нағашы атасы Монгол Елі сауда саласына еңбегі сіңген қайраткер, 1992 жылы Демократиялық Жаңа негізі заңды бекітісіп парламент мүшесі болған әкеміз Әліп, осы кісінің қолында өсті, ерекше еркелететін атасын ерекше жақсы көрді, атасының әр ісін әр сөзін әркез үлгі тұтатын. Туып өскен ел жеріне арада аттай 9 жыл салып өткен жазда келіп ата апасының амандығын сұрап , кезігіп қайтты. Ол кез Ковидтің жүріс тұрыс тоқтап қалған кез болды, қасиетті Ақкөл мекенімізге де ат басын бұрып, сырттай көріп қайтқан едік, балам екеуіміз бастауышта оқыған мектебіне де бардық, тұмауға байланысты барлық жер жабық кез болды. Иә, қасиетті қара мекеніміздің мөлдір бастауының тұнық суын ішіп қана қайтқан едік, жаппай тұмау кезі болғандықтан осыған да қанағат еттік. Apple компаниясы инженерлері тұмауға байланысты екі жыл болды, онлайн жүйеде жұмыстайды, Әйгерім осы компанияның үздік менеженерлерімен бірге бірнеше үлкен үлкен жобада жұмыс атқарып технологиялық озық тәжірибелер алмасып, көптеген заманауи технлолгиялық жасампаз игі істерге өз үлесін қосып келед. Әлі де талмай ізденістер жасап , талап талпынысын арттыру басты мақсаты болмақ.
- Репертуарыңызға жаңа әндер қосылды ма?
Көптеген шетелдік және отандық әндер жаңалап қосылды деп айтсам болады. Ағылшын, түрк, орыс, монгол, буриад, қырғыз қазақ әндерімен қатар кәріс әндер кірді. Әкеме арнап жазған бір әнім жарыққа шықпақ, әннің сөзін өзім жазып, ал әуенін ММОҚ Ербол Малғаждарұлы жазған еді. Осы әнге ориенжировка жасатып, клип түсірсем деген арманым да бар. Биыл Ақкөл қаласының орнауына 80жылдық даталы жыл болды, Әкеміз осы қасиетті өңірде 45 жыл қызмет етті, өткен ғасырдың аяқ кезінде Монголия сырт Сауда саласына маңдай терін төгіп еңбегі сіңді, жаңа ғасырға Ақкөл Қалашығының жаңадан бой көтеруіне ат салысты , халқына адал қызмет етуге саналы өмірін арнады. Екі ғасыр шетінде Экономикалық дағдарыстар шетелдерде де әлемдік деңгейде, ел деңгейінде болып жатты, адамдық болмысын жоғалтпай рухани дағдарыстарға ұшырамау ең үлкен жетістік болды. Ел аман жұрт тыныш болсын , әлемде соғыс болмасын деп тілеймін.Әр отбасының қорғаны берік қамалы болған Әкелеріміз аман болсын, бейбіт заман болсын, Аналар мен балалар бақытты болса сол Ел бақытты екенін есімізде болсын! Әкеме арнап жазған осы бір әнімді оқырмандарға ұсына кетейін. Әкеме
Бұлбұлдың Әке саған силап әнін
Жыр төгіп гүл дестелеп күй жазамын
Өзіңнен арқалаған борышым көп
Қайтсем бір өтеймін деп қиналамын
Садаға бәрі сенен жинағаным
Жолыңа қажет болса пида жаным
Әкежан асқар белім шалқар далам
Шаттығың шаңырағың шайқалмаған
Балаңның жүгі қалың арқалаған
Кеудемде жалын қалың айқайлаған.
Қажады тым ауыр жүк иығымды
Күн кештім осы жайлы жиі мұңлы
Жан Әке ақтамасам кешірім бер
Айыпқа бұйырмағай құлыныңды
Сен шыққан аласартпай биігіңді
Арнаймын күрестерге ғұмырымды