2024 жылы Монгол елінің қарызы 39 триллион төгрөгке жетеді
2024 жылға арналған бюджеттік негіздеме туралы заң жобасы және Моңғолияның бірыңғай бюджетінің 2025-2026 жылдарға арналған бюджеттік жобасы талқыланды. Үкімет ұсынған бұл жобаларды бүгін Парламенттің тұрақты бюджет комитеті талқылады. Л.Оюун-Эрдэнэ үкіметі келер жылы экономика 6,5 пайызға өседі, инфляция 8 пайыз болады деп күтуде. Бюджеттің кірісі 21 триллион төгрөг, шығысы 22,9 триллион төрөг болса, 1,8 триллион төгрөг тапшылықпен бекітілмек. Үкіметтің қарызы келесі жылы 39 триллионға жетеді, бұл ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім)-нің 60 пайызын құрайды, бұл өте жоғары пайыз дейді сарапшылар.