30-жылдардан бастап ҚазақҰлттық университетінің іргетасы қаланған
Ұлттық тәрбиеге ұрпақты қалай баулимыз?
Тәрбие мен білім егіз . Шын мәнінде, тәрбие – ізгі дүниенің бастауы. Соның ізімен білім мен ғылым жүрсе, қоғамда әділдік орнап, адамгершілік байрағы желбірейді.Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады. Отбасында ұлттық тәрбиенің қайнарына қанып өскен баланың болашағы да зор. Оған көптеген мысал келтіруге болады.. Осы екі тараптағы тәрбиені қолға алынған.www.kaznu.kz Сан ғасырбойықалыптасқанұлттықтәрбиеден де ажырамай қоғамдажеткіншектерарасындатүрлітәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өтіп жатыр . Әрине, жауапкершілігіөтежоғары жұмыстың бірі деп саналады.Ескіміз жанарып , көнеміз жанғыруда тәрбие ісінің ықпалы зор
Бүгінгі қоғамды «Кешегіміз қандай еді, бүгінгіміз қандай, ертеңіміз қандай болмақ?» деген сауал ойландыруы керек. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөздің астарында біршама терең ой жатыр.Қазақ қоғамындағы отбасылық құндылықтардың өлшемі «ұят болады», «жаман болады», «обал болады» деген адамгершілік кодекс болған. Осы ұстанымнан ауытқымай, арлы, намысты, рухы биік ұрпақ тәрбиелеген. Аталы сөзге тоқтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен. Қазақтың ұлттық құндылығынан, ұлттық тәрбиесінен артық не керек? Ұрпақ тәрбие беру бүкіл қоғамға қажет дүние. Тәрбие оқытумен тығыз байланысты процесс. Білім алу танымдық, шығармашылық мүмкіндіктерді арттырады, адалдық, табандылық және өзіне қойылатын талапшылдық қасиеттерінің қалыптасуына себеп болу арқылы тәрбие деңгейінің артуына ықпал етеді. Қазақ ағартушылары Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев балаға сөз емес, ата-анасының және оның айналасындағы адамдардың іс-әрекеттері әсер етеді деп тұжырымдаған. Осыған орай бала тәрбиесінде отбасындағы ахуал, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, ата-ана бойындағы адами қасиеттер мен өмірлік ұстанымдардың маңызы зор.Білім алушылардың физикалық, психологиялық, әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуде отбасы тәрбие институты ретінде маңызды рөл атқарады. Еліміздің білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: рухани-танымдық тәрбие ұлттық тәрбие, отбасылық тәрбие,елдік патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу, дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, т.б.
Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарына және пәндердің оқу бағдарламасы мазмұнына енгізуге де болады.Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – қоғамның, педагогтер мен ата-аналар қауымдастығының басты мақсаты. Отанға деген сүйіспеншілікті дарытуға, ата-баба дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу – қоғамның басты міндеті. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу отбасынан басталады. Отбасы жалпы адамзаттық құндылықтарды, баланың бойында қоршаған қоғам туралы тұрақты әсерді қалыптастырады.
Жаңа ұрпақты тәрбиелеуге қатысты мәселелерді жүйелеу үшін үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері әзірленеді. «Іс-шара өткізу» тәсілінен «тәрбие масаты мен жобалық тәсіл арқылы әрбір деңгейдегі тәрбие жұмысы» тәсіліне көшу жүзеге асады. Оқыту мен тәрбиелеуге қатысты құндылыққа бағытталған тәсіл білім жүйесінің ажырамас бөлігі болады.Тындаушыларға ұлттық құндылықтардың қалыптасуы ерекше маңызға ие. Сондықтан оларды тәрбиелеу ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асырылуыда. Негізгі ұлттық құндылықтар – адамның рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесінің іргетасы болып саналады.Ұлттық тәрбиеге ұрпақты баулимыз және тәрбие көзін ашып жеке тұлға қалыптастыруға ат салысамыз.
Демек ,ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай дәріптеуден, насихаттаудан және от басынан бастап , үйретуден жалықпайық , ағайын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының оқытушылары:
С.Т.Буланова,Нургалиева М.Н.Әділханова Ж.С. Буланова Т.М. ……
30-жылдардан бастап ҚазақҰлттық университетің ірге тасы қаланған
1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады.Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев университет кешенінің құрылыс жоспарымен танысуда. Таныстырып тұрған ҚАЗМУдың сол таңдағы ректоры Өмірбек Жолдасбеков
Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды. Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды.Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. 1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді.Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті.Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады. 1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді. Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастадыБүгінгі таңда университет мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді.Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылған.
Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің www.kaznu.kzоқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады.ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар.Биыл университетіміздің 90 -жылдық мерей тойына орай мерекелік іс шаралар өтуде .Тоқсан жылдық тарихы бар білім ордасы Қазақ елінің көз қуанышына , мақтанышына айналды. Еліміздің жастарына сапалы білім , саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған университетіміз жасасын демекпіз, ағайын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының оқытушылары Дауытова Ж.Қ
Ахметова Ж.Ш. УралбековаҰ.М. Исаева Н.Т.
Еңселі ел ертеңі – білімді жастар
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат–міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл – парасаты мол, мәдени – ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тән. Дегенімен қазір ғылым мен технологияның қарыштап дамыған кезі болап саналады. Күн сайын алпауыт елдер тың дүниелер ойлап табады. Осындай дамыған мемлекеттермен иықтіресе қатар тұру үшін бізге де білім мен ғылымды тереңінен игеру қажет. Әрбір мемлекеттің болашағы оқу орындарынан шыңдалады. Егер елұстазы білікті болмаса, шәкірттің де сапалы білім алуы екіталай.Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті. Ал Қазақстанда кәсіби білім алудың жеке тұлғаға бағытталған білім ордасы https://www.kaznu.kz әл–Фараби атындағы ҚазҰУ болып табылады.ҚазҰУ халықаралық QS рейтингінде 230-орында,QS Asia университеттері рейтингі бойынша 29-шы сатыда, 90 жылдық тарихы бар университет.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны, бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын оқу орны.Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – сан алуан мамандықтарды ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешен.Еліміздегі білім берудің ағымдық жағдайына талдай жасау, осы уақытқа дейін қалыптасқан білім беру жүйесінің ескіргендігін, оны ұйымдастыру және құрылымдық жағынан түбегейлі өзгертудің, білім мазмұнының жаңартудың, қазіргі республика дамуының әлеуметтік – экономикалық және саяси, сол сияқты дамыған елдердің прогрессивті тәжірибесіне отырып, мамандарды даярлай сапасын жетілдірудің қажет екендігін көрсетті. Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, Қазақ ұлттық университеті – сенім пен болашақ мекені.Талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. Университетіміз білім алушылардың тұлғалықдамуына зор әсерін тигізетін. Сондай-ақ тек білім ғана емес өз студенттерінің жан жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені.Университет адам өмірдегі үлкен қадамдардың бірі.Болашағыңды үздік университетпен байланыстыру оң шешімдердің бірі. Себебі үздік университет пен керемет орта жарқын болашақтың кепілі.сол жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
В.А.Габитова., Н.Амангелді..,Г.Е. Сапаева .,Г.Т.Тилеужанова .
Торқалы тоқсан жыл – бір ғасырлық тарих.
Қазақ Ұлттық университеттің білім беру мәселесінде бірнеше жақсарту және даму технологиялары қолданылады. Университет қазіргі кезде әлемдік стандарттарға сай келетін білім беру жүйесін қолданады және қазақстандық және халықаралық білім беру бағдарламаларын қолданады. Бағдарламалар арасында докторантура және магистратура бағдарламалары да бар. Университеттің оқу орнындағы студенттердің саны да тиімділігі мен ғылымдылығы қатты артады. Қазақ Ұлттық университеті оқу процесін арттыру үшін ғылыми зерттеудің әр түрлі аспекттерін қолданады. Университет студенттердің теориялық білімін және кәсіби дамуын бақылау үшін кәсіби мамандықтарда практикалық оқу жүйесін қолданады. Қазақ Ұлттық университетінің оқу жоспары мамандықтардың саяси және экономикалық жағдайына байланысты, олардың сыртқы ғылыми мәселелерге де дайындығын қамтамасыз етеді. Оның білім беру процесінде интерактивтік жетістіктер, технологиялық өзгерістер мен ақпараттық технологиялар қолданылады. Сондықтан, студенттер теориялық білімге қосымша білімдерді оқиды, оларға техникалық дағдыларды пайдалануға болады және аймақтық және халықаралық бағдарламаларға сәйкес келетін талаптарды қарастырады. Университеттің ғылымдылық зерттеуді жалпы дамуға арналған ақпараттық жүйесі де бар. Бұл ақпараттық жүйе студенттерге ғылымдық зерттеуді жүргізу үшін қажетті деректерді, кітаптарды, мақалаларды және басқа ақпараттық ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді www.kaznu.kzҚазақ Ұлттық университеті 1934 жылы ашылды және ол Қазақстандағы ең алғашқы университеттерден бірі болып табылады. Оның басқаруындағы мақсат Қазақстан елінде адамдарды біліммен, техникалық мәдениетпен және білікті адам жетістігімен жетілдіру үшін білім беру орталығын құру болып табылады. Қазақ Ұлттық университеті даму тарихында дәлелдеп, бірнеше мамандықтарда тәжірибеге қолдау көрсетіп келген болып табылады. Әртүрлі заңгерлік, медициналық, әлеуметтік ғылымдар мен басқа бірнеше социалды мәселелерді шешу үшін білім беру орталығына айналған университет: қазіргі таңда 25 мыңнан астам білім алушы бар. 90 жыл бұрын физика-математика және биология факультеттері жұмыс істесе, қазір олардың саны 16-ға жетті. 1941 жылға дейін 14 білім бағдарламалары бекітілсе, 2023-2024 оқу жылында олардың саны 550-ден асты. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан дәріс оқыған аудиторияларда ҰҒА 11 академигі, Жоғары мектебінің 3 академигі, Жоғары мектебі Ғылым академиясының 8 академигі, 7 ҰҒА корреспондент-мүшесі еңбек етеді. Сондай-ақ 603 доктор, 736 ғылым кандидаты, 512 PhD өз үлесін қосуда. Жалпы саны 3354 оқытушы-профессорлар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың жоғары сапасы мен тиімділігін жүзеге асыруда.
Әлемнің 54 елінен 3928 шетелдік студент білім алуда. Шет елден білімді барша жастарды Қытай халық республикасынан Монғолиядан Пәкістаннан т.б келгенқандас бауырларымызды университет ордасына жылы қабылдап, білім нәрімен сусындатып отыр.Қазақ елінің дархан көнілі мен бауырмашылдығының арқасында университеміздегі студент жастар тәті -тәтті өмір сұріп жатыр.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия мен Қырғызстанға ресми сапары аясында Ыстамбұл, Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалдары ашылды. Сондай-ақ университет базасында Ресейдің МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді. 2023 жылы Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары барысында ҚазҰУ базасында Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалын ашу туралы келісілді. 12 қазанда филиалдың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы зертханалық сыныптар іске кірісті. Оқу орнының 90 жылдық мерейтойына орай ҚазҰУ-да барлық іс -шаралар ұйымдастырылды. Мерей тойға байланысты іс-шара концерттер , тәрбие сағаттары, конференциялар , кездесулер өтілуде .Тоқсан жылдық тарихы бар университет бүгінгі таңда зор қарқынмен жұмыс істеуде. Саналы ұрпаққа сапалы білім беру процессінде жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендейін ,барлық шешімдерді мемлекеттің қолдауымен жүзеге асыруда .Біз өз университетімізді мақтан тұтамыз !
90 -жылдық мерей тойымыз құтты болсын баршамызға демекпін, ағайын!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының оқытушылары: С.Т. Буланова
А.Ш.Муртаза, Ж.Б.Саткенова, Какенова А.М.
Сабақ беру үрдісінде тындаушылардың практикалық
дағдыларын қалыптастыру.
“Білімеске сақтау арқылы емес,
өз ойының күш салуымен
алынғанда ғана білім”
Лев Толстой
Материалдарды көбінесе еңбек кірістірілген сабақт үрінде өткізу және жеке практикалық жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады. Бұрын жария етілген материалдардың жаңаша сипатталуы тыңдармандарды қызықтырып, сонымен бірге, оларға кәсіптік бағдар береді. Материалдарды көбінесе еңбек кірістірілген сабақ түрінде өткізу және жеке практикалық жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады. Бұрын жария етілген материалдардың жаңаша сипатталуы тыңдармандарды қызықтырып, сонымен бірге, оларға кәсіптік бағдар береді. А. Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясымен» дәріс өткізудің көптеген пайдасы бар. Атап айтсақ, тыңдарман өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады және жеке тыңдарманның пәнге деген қабілеті анықталады. Тыңдаушының деңгейлік тапсырмасының жеңілден күрделіге қарай ойлау қабілеті артып, тыңдармандар іштей бір-бірінен қалмауға тырысады.Тындарман қабілетіне қарай әділ бағаланады. Менің ойымша, ол оқытушының тындаушылырға сабақтабергентеориялықбілімдерінпрактикадатиімдіжолдарменжеткізуі, қолданаалуғаүйрету. Тындаушыныңсабаққадегенынтасын ,қызығушылығындамытудыңбіріншішартыілімніңпрактикадақолдануынашыпкөрсету
Тындаушының сабаққа деген ынтасын , қызығушылығын дамытудың бірінші шарты ілімнің практикада қолдануын ашып көрсетуКүнделікті өмірде, өндірісте кездесетін практикалық мазмұнды қарапайым есептерді шығару ерекше білімді қажет етпейді. Білім беру қабырғасында шығаруға тиісті тапсырмалар арнаулы талаптарға, білім мекемелерінде оқыту мүдделеріне жауап берулері керек деп ойлаймын. Мұндай тапсырманы пайдалануда мазмұнына, алынған жауабына мұғалімнің берген түсініктемесі тындаушының кәсіптік, өмірлік, практикалық ойлауын қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады деп ойлаймын. Теория мен практиканы ұштастыруда тапсырманың атқаратын рөлі зор. Мысалы:Дәрісте шығарылатын есептердің әрбірі өтілген тақырып мазмұнын аша алуы, ол тақырыпты қайталауға, оны кәсіптік қолдануға мүмкіндік беруі керек. www.kaznu.kzТындармандарғамынадайпрактикалықжұмысжасатуғаболады. Мысалы:«Шеңбердіңұзындығы » депаталады. Теориялықматериалдыоқубағдарламасыбойыншамеңгеріпқанақоймай ,онытәжірибежүзіндедемеңгеребілугежетелейді. Жұмыстыұқыпты, әрітаза, жылдаморындаукерек. Бұлпрактикалықжұмысқакерекзаттар: көрнекіліктер, ою-өрнексуреттері, түрлі-түстіқағаз,қайшы, желім,сызғышт.б. Мәтiндiжаттығулар үшіндеоқытудыңмақсатыжәнеқұралыретiндепайдаланылады.Мәтiндi жатығулар мен тапсырмалардытеориялықматериалдардысапалымеңгертудi, олардыңпрактикадақолданубiлiктерiндамытудықамтамасызетедi. Сондай-ақ, бөлшек, процент, пропорция маатематикалық ұғымдарды түсіндіргендежәнеқазақ тілінде кездесетін одағай сөздерді, термин сөздерді, қазақ тіліндегі көнерген сөздерді немесе пәндердің өзіне тән ғана практикасы болса, зертхана түрінде де ұйымдастыруға болады бұл дағды ұғымдардыңмағынасынтүсiндiругекөмектеседi. Дәріс-педагогикалық шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орны. Бұл шешуші міндетті жүзеге асыру-ұстаздың шеберлігіне байланысты. Дәріс үстінде ғана ұстаз оқыту,білім беру, тәрбиелеу міндеттерін орындауға бар шеберлігін, күш-қуатын жұмсайды.Оқу материалына қызықты, ойлана жан-жақты даярлаудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, тындаушыға берік, терең білім беруге мүмкіндік береді. Дәрісті өтуге қатысты сабақтың әрбір элементін даярлау, конспектілеу, тест есептерін шығару, жаттығулар жазғызту немесе зертханалық жұмыс жасау т.б. практикалық дағдыны қалыптастыру үшін, әринесабақтың әрбір бөлігін жетілдіру барысында толықтырулар мен ой елегінен өткізу – пән оқытушысыментындаушылардың ұжымдық көмегін, түсінігін ұштастыра, үйлестіре, сүйене отыра шығармашылыққа жетуге ұмтылдырады. Демек, жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық тындаушыларына барлық пәндерден практикалық дағдысын қалыптастыра отыра оқыту тиімді әдіс- тәсілд болып табылады .Осы үрдісті жалғастыру жолында барлық оқытушылар аянбай енбек етуде.Сапалы білім саналы ұрпаққа беруден жалықпайық,құрметті әріптестер демекпіз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғарғы оқу орныныа дейінгі дайындық
кафедрасының оқытушыларыБуланова С.Т.
Сапаева Г.Е. КакеноваА.М АбдибековаК.Ж
Білікті маман – заман талабы
Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен PhD докторантурада толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.
Қазіргі заман талайына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.
Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін ескерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.Ал Қазақстанда кәсіби білім алудың жеке тұлғаға бағытталған білім берудің бейімделген оңтайлы әдісі арқылы әл–Фараби атындағы ҚазҰУ https://www.kaznu.kzмен отандық өзге де оқу орындарының ғылыми әлеуетін таныту болып табылады. Солтарихы терең университетке биыл 90 жыл.
Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.
Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
В.А.Габитова.,Г.Т.Тилеужанова ., Н.Амангелді., Г.Е.Сапаева
Ана тілінің айбыны Қазақ елін жаңғыртуда.
Қазақстандық білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеріп, халықаралық стандартқа сай қимыл жасай отырып, төрткүл дүние төрінен табылайық десек, әлем тілдірін меңгерген мамандарға деген талапқа да жаңаша көзқарас қалыптастырар кез келді. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты Қазақстан шет мемлекеттермен қарым-қатынасын жан-жақты нығайта түсуде. Елшіліктер мен дипломатиялық қарым-қатынас барысында шет тілі үлкен рөл атқаратындығы сөзсіз. Сондықтан қазір жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мектептерде шет тілдерін меңгеруге ерекше ден қойыла бастады. Тіл қарым-қатынас құралы десек, шет мемлекеттермен байланыс орнатуда оның алатын орны да ерекше.Яғни, еркін қарым-қатынас жасауға машықтанған абзал. Бұл тұрғыда қазақтың біртуар азаматы Халел Досмұхамедов: «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш», деп айтқаны ойға оралады. Өйткені, мемлекеттік тіл арқылы шет тіліне даңғыл жол ашуымыз керек. Осы бағытпен жүрсек қана, Қазақстанда шетел тілдерін меңгерумен қатар, қазақ тілі кеңістігінің салтанат құруына қол жеткізетініміз анық.Ана тілінің қадір-қасиетін түсінбей, құдіретін танымай шет тілін үйренем деу, жұмсартып айтқанда,ерекше бір көрінісі деуге болады. Қорыта келгенде айтарымыз, дүние жүзі қауымдастығында Қазақстанның өзіндік орнықты орны болуына атсалысар әлем тілдерін меңгерген мамандардың игі істері ана тілінің құдіретіне деген құрметінен бастау алу басымдығын әрқашан ұмытпауымыз керек. Ана тіліміздің айбыны асқақтап,Қақақ елі жаңғыруда,өйткені мемлекеттік тілде барлық жұмыстар қарқынды түрде дамуда мемлекетіміз дұрыс жолда келеді.Мақсат бір міндетіміз айқын Тәуелсіздігімізбен бірге тіліміз бен дініміз қайта оралған шақта болашақ жастарға сеніміз зор .
Ана тілдің айбыны асқақтап
Болсын таза дін
Батыр ұлың ел көшіп бастаған
Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң
Ашық аспан астында
Мәртебең ассын басқадан
Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін жерің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Бүгінгі таңда Тәуелсіз еліміздің болашағы жастарға аманат. Қазақ елінің жас ұрпақтары еліміздің еркіндігін сақтап, мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын тәуелсіз елдің азаматтары демекпіз Осы орайда маңдайы жарқыраған оқу ордамызда www.kaznu.kz өз ана тілінде дамытып отырған оқу үрдісін қазақ тілінде жалғастырған жастарды мықты біліммен сусsндатуда алыс , жақын шет ел азаматарына қазақ тілінде оқытуда барлық жағынан методикалық көмек беруде . Қазақ тілінің мамандарын жетілдіріп, қазақ тілінде шет ел азаматтарын оқытып , тәлім -тәрбие берде оқу ордамыз қазақ тілінің мәртебесін көтеруде ізгі істер атқаруда.Қазіргі таңда университетіміз алдыңғы оқу орны атанып отыр.Барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысады . Оқу тәрбие және ғылым саласында да үздіксіз енбек етуде . Биыл, білім ордамыз торқалы 90 жылдық мерей тойды атап өтуде. Мерей той құтты болсын демекпіз,ағайын!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының оқытушылары:БулановаС.Т.
Муртаза А.Ш. НургалиеваМ.Н.Смағұл М.Ж.
.
Жастар – климаттың өзгеруіне қарсы күресте қозғаушы күш
Климат өзгеруде және бұл құбылыс дәл қазір болып жатыр. Бұл болашақта болатын алыс құбылыс туралы емес – біз адамның іс-әрекетінен туындаған климаттың өзгеруі бүгінде планетаның барлық бұрыштарында қайтымсыз өзгерістерге әкелетінін көріп келеміз.Ғалымдардың болжамдарына сәйкес алдағы онжылдықтарда климаттық өзгерістер тек арта түседі. Климатқа байланысты сел, су тасқыны және құрғақшылық сияқты табиғи апаттар жиілігі мен ауқымы бойынша артады және мұндай үрдіс алдағы онжылдықта жалғасады. Цельсий шкаласы бойынша екі градусқа Жаһандық жылыну кезінде, ең алдымен, ауыл шаруашылығы зардап шегеді және денсаулық сақтау жүйелеріне жүктеме артады. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жаһандық күш-жігер жастардың елеулі қатысуынсыз табысты болмайды. Біз бүкіл әлемдегі жастардың өз болашақтарын құру арқылы климаттың өзгеруімен қалай күресетіндігінің сәтті мысалдарын көреміз және олардың жұмысы бәрімізді шабыттандырады. Жаңа ұрпақ экологиялық мәселелерде, энергия мен білімдерде үнемі өсіп келе жатқан хабардарлыққа ие, олар көмірқышқыл газының қалдықтарын азайтуға және климаттың өзгеруіне берік болашаққа ықпал етеді. Көпшілікадамдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы маман бола отырып, әрқашан экологиялық өмір салтын немесе саналы тұтынуды ұстанбайды. Біздің күнделікті әдеттеріміз бен әрекеттеріміз климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық үдерістерді өзгерте алады деп санаймын. Бұл тақырып барлық адамдарды алаңдатуы қажет. Климаттың өзгеруімен күресті барлық адам өзінен бастауы керек. Әрқайсымыз экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қоса алатынымызды түсінейік. Адамдар азық-түлік, тұрмыстық тауарлардан бастап, барлық нәрсені саналы түрде тұтынғаны дұрыс болар еді.Киім сатып алудың өзіне де саналы түрде қарау қажет, мақта немесе зығыр сияқты жоғары сапалы биологиялық ыдырайтын материалдардан жасалған жергілікті өндірушілердің киімдерін сатып алған дұрыс. Синтетикасыз болмайтын спорттық киімге келетін болсақ, қайта өңделетін материалдардан жасалған киімді алу дұрыс. Жаңа затты сатып алмас бұрын, адамның өзіне ол зат керек пе, оны қанша уақыт киемін деп ойланған дұрыс. Осылайша, қалдықтар осы кезеңнің өзінде азаяды.
Азық-түлікті таңдағанда, іс жүзінде пластикалық пакеттер мен бөтелкелерді қолданбаған дұрыс.
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің https://farabi.universityжастары өздерінен бастау арқылы әрқайсысы жүріп-тұрған кезде саналы болу қаншалықты көп болса, біз планетамыздың тұрақты болашағы үшін климаттың өзгеруін ертерек тоқтата аламыз.
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Әсембаева Алтын Шакержанқызы