АБЖ мемлекеттік меншік компаниясының аймағымыздағы бөлімшесі туралы
Ақпараттық байланыс желісі мемлекеттік меншік компаниясының аймағымыздағы бөлімшесінің қысқаша таныстыруы
Елімізді дамыту жөніндегі үкімет бағдарламасында көрсеткен ақпарат байланыс тарапындағы мақсаттарды жүзеге асыру жолында байланыс желісі мемлекет иелігіндегі компанияны құру туралы үкімет орнының 2006 жылғы Тамыздың екісі күнгі 186-қаулысын іс-қызмет болдыру аясында мемлекеттік мүлік комитетінің 2006 жылғы Тамыздың 22-күнгі 491-шешімі бойынша ақпарат-қатынас, байланыс, даму орталығындағы радио теледидар іс-басқармасының техникалық орталығынан аударған кейбір айналым қаражаты Монголия электр байланысы компаниясынан ЖШС жалдап пайдаланып келген монопол сыпаттағы негізгі және салалық байланыс, кабел желісі құрылғылар, құрылыс құрлымдарына сүйеніп, тек ғана желі даяшылығын жүргізетін ақпарат байланыс желісі мемлекеттік иелігіндегі компанияны орнатып 2007 жылдың 1-Шілдесі күні 21 аймаққа бөлімшесін ашқан болатын. Аталмыш басқармада Монголия Электр байланыс компаниясынан жалдап пайдаланып келген аймақтық байланыс орталығы және қыр сұмындардағы барлық құрлыс ғимараттарын қабылдап алу, және де жалғастыру құрылғылары антена, мачт, теледидар қабылдап алу, тарату құрылғысы, әуе желісі, оптикалық кабел трассы, даяшылық автокөліктер радио релейсінің 5 станциясы қатарлы негізгі қаражаттар Баян-Өлгий аймағымындағы ақпараттық желісі компаниясының атына түсірілді. Сонымен қатар аймақ сұмындардағы әуе және кабель жүйесін толықтай аталмыш компанияның атына түсіріп берді. Қазіргі жағдайда аталмыш мүлік қаражаттарды сақтау, қорғау, пайдалану істерін толығымен жауаптанып, шарт арқылы жалға беріп, желі ақауларын тұрақты бақылап, орын алған қайшылықтарды уақтылы қалпына келтіріп, жөндеу даяшылықтарын атқаруда.
Теледидардың төрт канал даяшылығын мемлекеттік мүлік комитетінің 2009 жылғы Маусымның 30-ы күні шыққан №257 қаулысы бойынша Шілденің 1 күні аймақтық радиотеледидар станциясына өткеріліп, тұңғыш аймақтық бөлімшесінің бастығын Р.Шопанбек, аға инженер Ө.Нұрбек, есепші Қ.Амандықтар тағайындалды. Ал, қазір бөлімше бастығын Ш. Ардақ, бас инженер К.Есім, бас есепші – Б.Ерландар тағайындалып жұмыстауда.
2010 жылы бөлімшелерге басқарма статусын беріп, өзгертіп ұйымдастырды. Қазір бұл басқарманың аймақ орталығында техникалық, техника әкімішілік, шаруашылық, қаражат, кабель жүйесін тарататын құрылым бөлімшелері радиорелиесінің 5 станциясы, 12 сұмын бір қалашықта бөлімшесі орнап, барлығы 63 қызметкер байланысшылардың білім мамандығы, шыдамдылығын игілікке жарата отырып, аймағымыздың еңбекшілерін және ұялы байланыс компанияларының ақпарат байланыс даяшылықтарын жедел және сапалы үйлестіруде.
Біздің негізгі мақсатымыз – ақпарат байланыс басқармасы аймақтық ақпарат байланысын тиімді біріккен жүйені пайдалы ұйымдастыру арқылы аймағымыз өлкесін толық қамтыған техникалық мүмкіндіктерді қолға келтіріп, тұтынушылардың қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін желі құрып, даяшылық аппаратураларды ақпарат байланысының барлық түрлі сапалы даяшылығын шама-шарқымызша ең арзан бағамен барлық тұрғындарға жеткізу мүмкіндігін қолға келтірдік. Аталмыш басқарманың коллектив «Ашық-жариялы желі – көпшілік қажеттілігі» деген үндеу арқылы еркін, ашық, сенімді желі арқылы тұтынушыларды бөліп жармай қанымдап, олардың сенімінен шығып жұмыстауды басты мақсат ретінде ұстанып, одан ауытқымай жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерімізді пайдаланып жұмыстаудамыз.
Ол үшін қызметкерлерімізді белсенділігі мен шыдамдылығын, қабілеттілігін, тәжірибелерін сарқа жұмсау арқылы аймағымыздың орталық және 12 сұмын бір қалашықты оптикалық кабель желісі, негізгі және сала кабельдер, радио релей 4 станциясы, операторлық компаниялар, батерея қуаты және басқадай құрылғыларды антена, ғимарат, электр қуатымен тұрақты қанымдап, Мобиком, Юнитель және басқа да 10 –ға жуық сайттардың құрылғыларын жөндеу даяшылығымен тұрақты жұмыстауын қамтамасыз етіп, ешқандай ақаусыз қызмет жасатуда.
Басқарма әкімшілік, шаруашылық, техникалық деген екі бөлімнен және төрт бөлімше бірліктің ұйымдастыруымен іс-қызметін жүргізуде. Сондай-ақ 63 жұмысшы қызметкер тұрақты жұмыстайды. Дәлірек айтсақ негізгі 42 қызметкер, шарт арқылы 21 қызметкер жұмыстайды. Бұдан бастық, 9 инженер, техникалық қызметкер – 1, кабель жауаптанған қызмекткер -3, маманды қызметкерлер -10, шаруашылық даяшылық қызметкерлері -7, негізгі салалық қызметкер -3, салалық келісім шарт арқылы жұмыстайтындар -14, Мобиком сайтының келісім шартымен жұмыстайтын 6 қызметкер бар. Барлық жұмысшы-қызметкерлердің 23,4 пайызы яғни 14 адам жоғары, 17 пайызы яғни 12 адам арнайы орта білімді. Орташа жалақы -500 мың төгрөг. Ортақ жас – 40.
Қаржы шаруашылық бөлімшесі
Бастық -1, бас инженер -1, бас есепші -1, мүлік жауаптанушысы -1, слесарь -1, күзет қызметкері -4, даяшы -2, тізгінші -3 барлығы 14 адамның құрамында іс-қызмет атқарады. Басқару ұйымдастыру, қаржы-қаражат, материал бөлшектерін қанымдау, қамтамасыз ету. Мүлік қаражат, күзет, қорғау, ұйымның ішкі режимі, қызмет орнының гигиенасы қатарлы жұмыстарды толық жауаптанады.
Тарату құрылымы бөлімшесі
5 инженер, сұмындардағы бөлімшелерінде 9 қызметкер, басқадай нысандарда еңбек шарты арқылы жұмыстайтын жұмысшылар саны -3, Мобиком корпорациясымен шарт арқылы жұмыстайтын – 6, барлығы 23 адам жұмыстайды. Орталық және жергілікті жерлердегі бөлімше бірліктерінде жұмыстайтын тарату, жүйе құрылғылардың қалыпты қызметі оптикалық кабель трассы және құрылғысы Баян-Өлгий аймағынан Увс аймағының Қобда сұмынына дейінгі магистралдық оптикалық кабель жүйесі Өлгий сұмын орталығындағы оператор компаниялар, айналым банктері және кейбір мемлекеттік бюжеттік ұйымдардың онлайн желісін пайдалану даяшылығын жауаптанады.
Кабель жүйесі бөлімшесі
Инженер -1, кабел жауаптанушы – 3 барлығы 4 адамның құрамында жұмыстайды. Аймақ орталығының және қыр сұмындардағы бөлімшелерінің кабель канализациясы негізгі және салалық жүйелерінен анықталған ақауларды уақтылы жедел анықтап жөндеу, ақаулардың алдын-алу қатарлы іс-қызметтер атқарады. Аймақ орталығындағы кабель канализациясының ұзындығы – 43 шақырым, негізгі кабельдің ұзындығы – 12,4, салалық кабелдің ұзындығы – 58,1 шақырым.
Радио релей бөлімшесі
Инженер -1, техникалық қызметкер -2, монтёр – 6, станцияда шарт арқылы жұмыстайтын жұмысшы – 8, станция күзетшісі – 1, барлығы – 18 адамның құрамында жұмыстайды. Олар 135-139 дейінгі станцияларда орналасқан Мобиком қатарлы операторлық компаниялардың құрылғылары мен іс-қызметін және барлық сұмындардағы /Өлгий-Алтанцөгц-Баяннуур/ бөлімшелеріндегі дизель генератор, күн панелі, контроллер, стационарлық батерияның ауысуы, радио релейінің 138-і станциясындағы 6 киловольттық жоғарғы кернеулі электрдің 15 шақырым желісі, трансформатор, ШКД щит, Өлгий сұмын орталығындағы щит құрылғысы, Булган, Дэлүүн және Хотгор бағындағы күн панелінің компликтісін пайдалана отырып, ұлттық желінің ВУК; ЕЛТЕК; ZTE түзеткіштерін және де басқадай құрылғылар Жимобайл, Юнител, Мобиком қатарлы операторлық бөлімшелердің құрылғыларын, байланыс басқармасының CDMA құрылғыларын толық және сенімді қамтамасыз етеді.
Басқарманың іс-қызметін негізгі қаржыландыру көзі – ай сайын орталық компаниядан алатын қаражаттар мен аймақтық байланыс басқармасы, Мобиком, Скайтел, Юнител, Жимобайл, Радио теледидар станциясы, шекаралық әскери бөлімшелер, сұмындардың СӘІБасқармасымен жасаған келісім-шарт арқылы алынатын жалға беру кірісінен құралады. Мәселен аймақтық байланыс басқармасының желі-контор ғимаратының 10-ға жуық кеңсе бөлмелері, сұмындардағы байланыс бөлімшелерінің ғимараты, аймақ сұмын аралығындағы әуе желідері, станцияларда орналасқан теледидар антен мұнарасы, интернет желісі қатарлы шарт арқылы жалға берілген нысандардан ай сайын 5 млн төгрөгтің кіріс көзі құралады.
Басқарма жылдық қызмет көрсету даяшылығы және өзінің кірісі саналатын 50 млн төгрөгтің кіріс көзімен қатар 210 млн төгрөгтің қаржы-шығынын толықтырады.
Аймақ орталығы және қыр-сұмындардағы бөлімшелердің қызмет орта жағдайын жақсарту, күрделі жөндеу, жабдықтауға соңғы 3 жылда 10млнның қаражатын жұмсады. 2009 жылғы басқарма басшылары, қаржы инженерлік технологиясын құтқарушыларды компанияның VPN ішкі желісіне толық қосып, қызметкерлердің кәсіби білімдерін жетілдіріп, ағымдағы ақпараттармен жедел қамтамасыз етіп, жоғарғы ұйымдарға қызмет нәтижесі туралы уақтылы есеп беретін көкейкесті мақсаттарды анықтап, уақыт ұттырмай жүзеге асыруға өз нәтижесін беріп келеді.
Қызметкерлердің еңбекақысын қосу, ынталандыру беру, кезекші қызметкерлердің күнделікті қаржылық шығындарын өтеу, отбасында кездесетін кездейсоқ қайғы-қуаныш кезінде бір рет ақшалай көмек көрсету, зейнетке шыққан азаматтарға қосымша зейнет тоқтату, және басқадай көмек көрсету арқылы қызметкерлеріміз бен зейнеткерлеріміздің әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше назар аударып жұмыстауда.